-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Зайырлы қоғам сенімді шектемейді

    25.02.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Зайырлы қоғам сенімді шектемейді
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

          Елімізде дін және мемлекет қатынасында тиімді тәжірибе алаңы қалыптасып келеді. Түрлі радикалды топпен күрес, дәстүрлі діни құндылықтарды дәріптеу, азаматтар мен діни ұйымдардың қызметін қадағалау сияқты мәселелер жолға қойылды. Осы орайда дұрыс пен бұрыстың арасын ажырату, әсірешілдік пен қалыптылықты саралау, зиян мен пайданы түсіне білу аса маңызды.

    Қазіргі Қазақстан қоғамында діни сананың жаңғыруы орын алуда. Осыған байланысты діндарлық, діншілдік, діни фундаментализм және модернизм ұғымдарын айқындау міндеті тұр. Себебі тұрғындар арасында діни сипаттағы үгіт-насихаттарға қатысты түрлі пікір мен көзқарас қалыптасып келеді. Діндарлықты құндылық тұрғысынан түсінетін азаматтар өмірдің негізгі мәні ретінде діннің талаптарын қойса, өздерін бейтарап санайтын топ дінге және діндарларға деген сыни көзқарас пен пікірлерді ортаға салады. Бұл өз кезегінде осы діндарлық пен діни фундаментализм түсініктерінің айқындалмауы себепті туындап отырған қарама-қайшы көзқарас ретінде саналады.
    Тағы бір дүние, қоғамдағы дін бағытында айтылып жатқан насихаттар­дың мазмұнына қатысты да әртүрлі мәселе туындауда. Шариғат және құқық, діндарлық және зайырлылық, тарих және қазіргі кезең, тәрбие және білім, фундаментализм және модернизм түсініктерінің күресінде Қазақстан қоғамының рухани бағдарын айқындау аса маңызды. Осы орайда уағызшылар тарапынан келтірілген кейбір дәлел-дәйектердің қоғамда түрлі қайшылық тудыруы, діни фобиялық көзқарастарға себеп болуы жиі кездеседі. Сол себептен де аталмыш ұғымдар арасында салмақты тұжырымдар жасалып, аражігін ажырату қажеттілігі тұр.
    Дінге қатысты қолданылып отырған түсініктер мен тұжырым­дардың ғылыми бағытта саралануы маңызды. Дінді теологиялық, уағыздық форматта талқылау қоғамның дінтанулық және діни санасын жетілдірмейді. Зайырлы қоғам мен мемлекеттің ұстанымдар тұрғысынан түрлі ағымдар мен уағыздарға баға беруде ғылыми тұжырымдар мен зерттеулер жасалуы өркениетті қоғамның басты міндеті саналады. Қазіргі Қазақстан қоғамында мұсылмандық фундаменталистік идеялардың тарихи, теологиялық, әлеуметтік, психологиялық аспектілерін зерделеу – кезек күттірмейтін мәселе.
    Сөз түйінінде айтарымыз, діни ұстаным мен қоғамдағы діни идеялар елдің рухани және материалдық дамуында маңызды қызмет атқарады. Зайырлылық діннің шектелуі деп саналмайды. Десе де, бұл орайда дінге бейтарап көзқарастар басымдыққа алынады. Сол себептен де қоғамдағы діндар топтардың қоғамдық қызметтің барлық саласын қамтуы олардың діни көзқарастарының өркениетті түрде қалыптасуына байланысты. Діндар азаматтардың білім алуы, Отан қорғауы, түрлі салада қызмет атқаруы алдымен оларға танылған мүмкіндіктер шеңберінде болса, одан кейін азаматтардың дүниетанымдық ұстанымдарына байланысты болмақ. Міне, осы тақырыптар және осыған ұқсас басқа да проблемалар ғылыми зерттеу жасау міндетін тудырып отыр.

    Кеңшілік ТЫШҚАНҰЛЫ,
    философия ғылымдарының кандидаты, дінтанушы

    Ұсынымдар

    ХҚКО мемлекеттік қызметтерді қоғамдық орындарда көрсетеді

    ХҚКО-лар мереке күндері қалай жұмыс істейді?

    1 year ago
    Үш кандидат үмітті

    Үш кандидат үмітті

    2 years ago
    ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ТӨНБЕСІН

    ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ТӨНБЕСІН

    9 months ago
    Адал қызмет ету – ­ абырой

    Адал қызмет ету – ­ абырой

    4 months ago
    Министрлік: Қазақстанда жанармай қымбаттайды

    Жанармай сатуды шектеген станцияларға шара қолданылады

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>