-13 °c
Qonaev
Friday, May 16, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    ШЕЛЕК АУРУХАНАСЫНДА ЖАҢА БӨЛІМ АШЫЛДЫ

    31.01.2025
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Денсаулық, Инфрақұрылым
    ШЕЛЕК АУРУХАНАСЫНДА ЖАҢА БӨЛІМ АШЫЛДЫ
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

    Жаратқан ием жазатайым оқиғалардан сақтасын деңіз! Жұмыста, көлікте, жай жүріп келе жатып та, сүрініп те, тайғанап та, құлап та жарақат алатын оқиғалар көптеп кездеседі. Міне, осындай жағдайда ауруханаға келсеңіз, әрине, травматология бөлімінде емделетініңіз анық.

    Есігін енді ашқан Жылан жылы Еңбекшіқазақ ауданында жақсы жаңалықпен басталды. Қаңтар айының 5-сі күні Шелек ауылындағы Еңбекшіқазақ аудандық ауруханасында алғаш рет травматология және  ортопедия бөлімі ашылды. Бұл туралы бұрын қабылдау бөлімінің меңгерушісі болып еңбек еткен, қазір сол аталған ауруханада бас дәрігердің  емдеу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып отырған Алмас Құдайбергеновтен сұрап, білген едік.

    Бас дәрігердің орынбасарының айтуынша, травматология және ортопедия бөлімшесі Шелек өңіріндегі аурухана алғаш құрылып, халыққа қызмет еткелі бері биыл бірінші рет ашылып отыр.

    – Травматология пациенттің алған жарақатын, оның түрлері мен себептерін, ал ортопедия аяқ, қол, омыртқа сүйектерінің қисаюы мен қызметіндегі ауытқуарды зерттеп, медициналық емдеу тағайындайтын үлкен сала болып саналады, – дейді Алмас Болатұлы.

    Бас дәрігердің орынбасары бұл бөлімді травматологиялық отаның барлық түрін меңгерген, медицина саласында 31 жыл істеп жүрген жоғары категориялы травматолог-дәрігер Ерлан Сайлаубекұлы басқаратынын айтты.  Сонымен қатар бұл бөлімде тағы екі дәрігер – Айбол Әлімқұл мен Бекзат Бейсенов және бір кезекші мейірбике мен екі кіші мейірбике ем алушыларға қызмет көрсетеді. Айбол Нұрғайыпұлы аға мамандардан ота жасау тәсілдерін терең меңгеруді үйреніп жүрсе, қалғандары өз ісінің білгірі атанып, ел алғысына бөленуде. 15 орынды бөлім қажетті арнайы төсектермен, басқа да медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.

    Жаңа ашылған бөлімнің жұмысы алғашқы күндерден-ақ қарбаласқа толы. Мәселен, 21 қаңтар күні 1966 жылы туған бір азамат сол жақ бұғанасының жарықшағы және 4-нші қабырғаның сынығы диагнозымен түскен. Келесі күні ол пациентке ота жасалып, ұйқыдан оянып, екі сағаттан соң жалпы палатаға ауыстырылыпты. Үшінші күнгі дәрігердің таңғы уақытта аралап тексеруі кезінде сәл ауырсынуы болмаса, жағдайының жақсарғаны анықталған. Ол пациентті 5 не 7 күннен кейін үйіне қайтару жоспарланған.

    Бұл – бір ғана мысал. Жаңа бөлім «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» автожолының бойында орналасқан Шелек өңірінің тұрғындары мен ары-бері өткен жолаушылар үшін де үлкен маңызға ие. «Сақтансаң, сақтайды» демекші, көлік ағыны көп күрежолдардың бойында жол апаттары орын ала қалған жағдайда, осындай бөлімдердің жедел көмегі қажет болады. Осы орайда Шелек ауылындағы аудандық аурухана басшылығының бұл игі ісі жарақат алған адамдарға шұғыл және сапалы медициналық қызмет ұсынудың бірден-бір ұтымды шешімі дер едік.Ақ халатты абзал жандардың  еңбектеріне сәттілік тілеп, жаңа ашылған бөлімше туралы Шелек өңірінің тұрғындарына жеткізу – біздің мақсатымыз.

    Анарбек БЕРДІБАЕВ,

    Шелек ауылы,

    Еңбекшіқазақ ауданы

    Ұсынымдар

    Қорғансызға қол созған

    Қорғансызға қол созған

    1 year ago
    Жастар

    Жастарға сенім білдірді

    4 months ago
    Кикбокстан облыс біріншілігі аяқталды

    Кикбокстан облыс біріншілігі аяқталды

    2 months ago
    Ауыл футболы: Бала бар, алаң жоқ

    Ауыл футболы: Бала бар, алаң жоқ

    1 year ago
    Ұйғыр ауданына биыл 3.5 млрд теңге инвестиция тартылды

    Ұйғыр ауданына биыл 3.5 млрд теңге инвестиция тартылды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>