Перейти к содержимому

Биыл Алматы облысында 9 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапқа тартылды

Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар орталығында өткен баспасөз мәслихатында облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Ләззат Бейсеқұлова айтты.

Ләззат Бейсеқұлованың мәліметінше, департаментке жыл басынан бері 86 шағым түскен. Оның 60-ы қаралып, 26-сы тиісті мемлекеттік органдарға жіберілген.

«Әдетте департамент құзіретіне кірмейтін шағымдар жолданады. Бірақ тұрғындар біздің орган араласса, мәселеміз тез шешіледі деп ойлайды», – деді департамент басшысы.

Шағымдардың көбі әлеуметтік қамтамасыз ету саласына тиесілі, ал екінші орында жер қатынастары мәселелері тұр.

Қаралған арыздардың негізінде облыстағы 9 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапқа тартылды. Оның 6-уы ескерту, 2-уі сөгіс, 1-уіқатаң сөгіс алған.

Alatau News