☀️
-7°C
Қонаев
Сейсенбі, Желтоқсан 2, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Алғыс айту – парызым

    01.03.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мереке
    Алғыс айту – парызым
    0
    SHARES
    19
    VIEWS

          Жылдағы дәстүр бойынша 1 наурыз жақындаған сайын елімізде қатарласып келетін қос мереке – Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні мен Алғыс айту мерекесі атаусыз қалған емес.

    Қарасай ауданы Іргелі ауылдық округіне қарасты ауылдарда 35 этнос өкілі тұрады. Осынау қос мерекеге орай ауылдық ардагерлер ұйымы мен аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Ассамблея­ның 30 жылдық әлемі» және «Алғыс айту – парызым» атты тақырыптарда байқау өтті. Іргелі ауылдық Мәдениет үйіндегі шараға ауыл тұрғындары, студенттер, ұстаздар қауымы мен мектеп оқушылары қатысты.
    Жиналған көпшілік алды­мен әр ұлттың жасаған ұлттық тағамдары мен қолөнер көр­ме­сін тамашалады. Байқауға қатысу­шылардың киімдерінен, көтеріңкі көңіл-күйлерінен бірлік пен тұрақтылықтың, береке мен ынтымақтың лебі есіп тұрды.
    Қос мерекеге арналған байқаудың бет­ашарын 84 жастағы түріктің қариясы Хайрутдин Тутадзе ашты. Ол Көксай ауылындағы барлық этнос өкілімен бір отбасының адамдарындай тату-тәтті, сыйластықпен өмір сүріп келе жатқанын тебірене толғады. Сол сияқты Алғыс айту күніне орай тәлімді тәрбиенің түп төркінінен әңгіме қозғады. Адам баласынан қарғыс алмай, алғыс алғанның абыройы артық болатынына ерекше тоқталды.
    Көпшілік алдында айтулы мерекелердің мәні мен маңызын жан-жақты әңгімелеген ауыл­дық ардагерлер ұйымының төрағасы Егінбек Егеубеков пен аналар кеңесінің төрағасы Райса Сығаевалар да жинал­ған қауымды бір желпіндіріп тастады.
    Бұдан соң өнерпаздар сайысы басталды. Бірінші кезекте әр этностың билері көрсетілді. Мұнда Л.Толстой және М.Мәметова атындағы мектептердің оқушы­лары көш бастады. Давид Шакуров пен Арсен Нұрымов өзгелерге өнеге болды. Сондай-ақ қырғыздың «Жылқышы» халық әнін орындаған ардагер Тәжімұрат Салыбайұлы, өзбектің «Кел ортаға кемпірімді» шырқаған Жүрсін Сайытқожаев, «Арыс жағасында», «Королева», «Алғыс» әндерін әуелеткен Қалиахмет Көшкінбаев пен Ақторқа Амантайқызының өнерлеріне көрермен тәнті болды. Ал қазақ аналарының ұлттық киім үлгілерін көрсе­тіп шыққан Райса Сығаева, Гүлзада Рақымжанова, Дәмегүл Мұсаева, Сауыткүл Түкісбаева, Мариямкүл Нұрышева, Салтанат Әбдиевалар жұртшылықты баурап алды.
    Сөйтіп, қос мерекеге арнал­ған байқау жеңімпаздары арнау­лы сыйлықтарға ие болып, көпші­ліктің көңілін тасытты.

    Қанат ТӘКЕБАЕВ,
    ардагер-журналист
    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Ауыл мен қала мектептеріндегі білім сапасы тең болуы керек – Президент

    Қонаев қаласында жаңа оқу жылында қандай өзгерістер бар?

    1 year ago
    Шағын футболдан турнир өтті

    Шағын футболдан турнир өтті

    1 year ago
    Қарадаладан табылған қазына

    Қарадаладан табылған қазына

    5 months ago
    Алматы облысының фельдшері «Алтын жүрек» сыйлығын иеленді

    Алматы облысының фельдшері «Алтын жүрек» сыйлығын иеленді

    1 year ago
    Өнер – бірлікке бастайды

    Өнер – бірлікке бастайды

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>