⛅
10°C
Қонаев
Сенбі, Сәуір 18, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Ауыл медицинасын дамыту: Қонаевта амбулатория күрделі жөндеуден өтті

    03.03.2025
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Денсаулық
    Ауыл медицинасын дамыту: Қонаевта амбулатория күрделі жөндеуден өтті
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

    Шеңгелді ауылындағы амбулаторияның күрделі жөндеу жұмыстары 2024 жылдың сәуір айында басталған. Бұл туралы Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының директоры Айман Ракишева баспасөз туры барысында мәлім етті.

    «Мердігер компания – «Дәулет-Серпін» ЖШС. Қазіргі таңда құрылысы толығымен аяқталған. Күрделі жөндеу кезінде инженерлік желілері, шатыры, қазандығы, есік-терезелері түгелдей ауыстырылып, амбулаторияның ауласы абаттандырылды», – деді қаланың бас дәрігері.

    Аталған нысан бір ауысымда 100 адамды қабылдай алады, күндізгі ем алу бөлімі 10 адамға арналған. Мұнда жалпы практика дәрігерлері, педиатр, балалар тіс дәрігері, мейірбикелер мен кіші мейірбикелер қызмет етеді. Барлығы 18 маман, кадр тапшылығы жоқ.

    «Сондай-ақ Қазақстанда 2-3 данасы ғана бар теңдессіз лаборатория да осы жерде ашылады. Ол 5-6 сағат ішінде талдаулардың нәтижесін шығарып, науқастарға дер кезінде көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, мұнда рентген аппараты іске қосылады. Күрделі жөндеуге дейін 1 ғана корпус жұмыс істесе, енді 2 корпус жұмыс істейді. Яғни, халыққа қызмет көрсету сапасы айтарлықтай артады», – деді Айман Ракишева.

    Аналар мен балаларды қабылдауға да жағдай жасалған. Дәрігер-гинекологтар Қонаев қаласынан келіп, кестеге сай қызмет көрсетеді. Ал кабинеті заманауи жабдықтармен жабдықталған. Барлық қажетті құралдар бар. Шұғыл жағдай болатын болса, науқастар бірден Қонаев қаласына жөнелтіледі.

    Айта кетейік, Шеңгелді ауылына қарасты Қосқұдық елдімекенінде фельдшерлік-акушерлік пункт, Сарыбұлақ пен Ақөзекте медпункт жұмыс істеп тұр.

    Соңғы жаңалықтар

    Тазалық – әр азаматтың міндеті
    18.04.2026
    Іле ауданында «Таза Қазақстан» акциясына тұрғындар мен кәсіпорындар жұмылдырылды
    18.04.2026
    Маңызды мәдени нысанның маңы тазартылды 
    18.04.2026
    Алатау қаласында “Таза Қазақстан” акциясы аясында сенбілік өтті
    18.04.2026
    Ұзақ батырдың шоқпары
    18.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>