-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН БЕЙБІТШІЛІК ЖАРШЫСЫ

    03.03.2025
    in Барлық жаңалықтар, Идеология, Қоғам, Мәдениет
    ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН БЕЙБІТШІЛІК ЖАРШЫСЫ
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    Облыс әкімдігінің мәжіліс залында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы мен Жұмысшы мамандықтары жылы аясында «Еңбек бірлігі – ұлт негізінің күші» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

    Басқосуды ашқан облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев 30 жыл бұрын құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясының бүгінде көпэтносты елімізде бейбітшілік пен өзара сыйластықты қамтамасыз етумен қатар,  мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттарын жүзеге асырып, барлық этнос пен конфессиялардың бір-бірімен байланысын одан әрі арттыруға үлес қосып келе жатқанын атап өтті.

    – Облыстық Ассамблея құрамындағы 141 ақсақалдар,  146 аналар кеңесі, медиация қызметі, «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігі, «Жомарт жан» орталығы, ғылыми-сараптамалық топ, Жетекші журналистер клубы өз қызметтері шеңберінде тұрғындар арасында ел бірлігін сақтауға, әртүрлі әлеуметтік топтар арасындағы дауларды реттеп, келісімге келуге ықпал етуде.

    Жыл сайын осы бағытта облыстық Ассамблея құрылымдарының қатысуымен 100 мыңнан астам адамды қамтыған 700-ден астам іс-шара ұйымдастырылады. Сондықтан облыстық Ассамблея мүшелері мен оның жанындағы құрылымдардың этносаралық келісім мен бейбітшілікті нығайтуға қосқан үлесі  үшін алғыс айтамын, – деген аймақ басшысы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс айту күніне арнайы жолдаған құттықтауын оқып берді.

    Келесі кезекте Марат Елеусізұлы Жұмысшы мамандықтары жылына орай ҚХА мүшелері арасында облысқа еңбек сіңірген жандарды құттықтап, Алғыс хат табыстады. Одан кейін сөз алған Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, облыстық әзербайжан этномәдени бірлестігінің төрағасы Аслы Осман еңбек адамдарын бағалап жатқаны үшін облыс басшысына ризашылығын білдіріп, Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихына тоқталды. Сонымен қатар Қонаев қаласының алғашқы құрылысшыларының бірі Александр Чжен ата-аналарының қиыр шығыстан еріксіз  жер аударылып, Қазақстанның бірнеше өңіріне күштеп қоныстандырылғанын тілге тиек етті. Сол алмағайып уақытта жергілікті қазақтардың оларға азық-түлік пен киім-кешек беріп, ата-анасынан ажырап қалған балаларды өз перзентінен кем көрмей бауырына басқанын, бүгінде солардың бесінші буыны болып отырған қазақстандық кәрістердің ешқашан ұмытпайтынын айта келе, өзінің де қазақ халқына деген жүрекжарды алғысын жеткізді.

    Дөңгелек үстелді қорытындылаған облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Ассамблеяның 30 жылдық тарихы  еліміздегі достық пен ынтымақтастықтың, келісім мен тұрақтылықтың жарқын көрінісі екенін, осы уақыт аралығында өз қызметінің маңыздылығын дәлелдеген бірегей құрылымның Қазақстан халқының бірлігі мен ел болашағына деген сенімін нығайтқанын баса айтты.

    Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын мерекелеу одан әрі қалалық Мәдениет үйінде Алғыс айту күніне арналған  «Бірлік пен келісімнің 30 жылы» атты облыстық форумға жалғасты.

    Іс-шара басталар алдында жиналған қауым этномәдни бірлестіктер ұйымдастырған көрме мен облыстық Ассамблеяның қызметі туралы бейнефильм тамашалады. Мемлекеттік Гимн шырқалған соң, мінберге шыққан облыс әкімінің орынбасары Болат Күреңбеков форумға қатысушыларды тұрақтылық пен бейбітшіліктің жаршысына айналған Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған және барша қазақстандыққа деген құрметтің орнығуына негіз болған Алғыс айту күнімен аймақ басшысының атынан құттықтады.

    – Бұл – бейбітшілік пен ынтымақ күні. Барша ел тұрғындары бір-біріне құрмет пен ризашылық танытатын жалпыхалықтық мереке. Бабаларымыздың «Бірлік туы – береке»  деп біртұтас ел болуды мирас еткен  ұстанымын отаншылық пен әділдік, еңбекқорлық, ауызбіршілік қағидасына айналдыруымыз керек, – деді облыс әкімінің орынбасары.

    Сахна төрінде Болат Қайратұлы облыс көлеміндегі этномәдени бірлестіктердің төрағаларын марапаттады. Одан кейін Алатау қалалық мәслихатының төрағасы Роза Әбілова мен «Ассамблея жастары» РҚБ-ның Қарасай аудандық өкілдігінің төрағасы Ясми Мчелидзе зал толы қауымды мерекемен құттықтап, ақжарма тілектерін арнады. Сонымен қатар мейірімділік пен достық мерекесіне орай Қазақстан халқы Ассамблеясының «30 игі іс» қайырымдылық керуені аясында «Қарекет» қайырымдылық қорының өкілі Әлімжан Теміров жалғызбасты көпбалалы ана Эльмира Қалиеваның отбасына  баспана кілтін табыс етті.

    Атаулы күнге арналған мерекелік концерттік бағдарламада Тимур Ким Айбек Бекбосыновтың «Айбарыс» күйін керемет шабытпен нақышына келтіре орындап, көрермендерді тәнті етті. «Арзу» халықтық ән-би ансамблі мен «Сударушка» халықтық ансамблі  әсем ырғақты жан тербетер ән салып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Сонымен бірге  «Дариға-дәурен» әнін домбырамен нақышына келтіре орындап, Дилшат Юсупов көрермендердің жан-дүниелерін толқытып, көңілдерін бір серпілтіп тастады.

    Концерттік бағдарлама соңында облыстық қоғамдық келісім және даму орталығы мекемесінің басшысы Абай Елбосын өнер көрсеткен бесенділерді марапаттады.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Ұсынымдар

    Ерекше жандар ескерусіз қалмады

    Ерекше жандар ескерусіз қалмады

    8 months ago
    Табысты кәсіпорын

    Табысты кәсіпорын

    2 weeks ago
    “Ел қорғаны” медалімен марапатталды

    “Ел қорғаны” медалімен марапатталды

    2 years ago
    Туризм әлеуеті артады

    Туризм әлеуеті артады

    7 months ago
    Международная Иле-Балхашская ХХ регата

    Іле-Балқаш Регатасы шақырады

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>