Перейти к содержимому
Главная страница » Тоғысқан тағдыр

Тоғысқан тағдыр

      Ұзынағаштағы аудандық Мәдениет үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында 1 наурыз – Алғыс айту күніне арналған «Тағдыры мен тарихы тоғысқан бір халықпыз» тақырыбында мерекелік шара ­ұйымдастырылды.

Іс-шараға аудан әкімінің орын­басары Әділбек Қамбарұлы, ақсақал­дар, аналар кеңестерінің мүшелері, этномәдени  бірлестіктер мен зиялы қауым өкілдері, жастар  қатысты. Мереке барысында этно­мәдени бірлестіктердің көрмесі ұйымдастырылып, олардың ұлттық мәдениеті мен салт-дәстүрлері таныс­тырылды. Сонымен қатар ел бірлігі мен ынтымағын нығайтуға үлес қосқан бірқатар азамат аудан әкімі Нұрлан Ертастың арнайы Алғыс хатымен марапатталды.
Бұдан кейін этномәдени бірлес­тіктердің өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламамен жалғасты. Көрермендерге әртүрлі этностардың әндері мен билері ұсынылып, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Аталған шара Қазақстан халқының татулығы мен бірлігін одан әрі арттыруға бағытталған игі дәстүрдің жарасымды жалғасындай әсер етті.

Серік Сатыбалдиев

Жамбыл ауданы