-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Наурыз айы туғанда

    06.03.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мереке
    Наурыз айы туғанда
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

          Нарынқол ауылының тұрғындары наурыз айы туысымен Ұлыстың ұлы мерекесіне көше-көше болып құрмет көрсетуді дәстүрге айналдырып келеді.

    Қалыптасқан шара биыл да жарасымды жалғасын тапты. Қардың көбесі сөгіліп, жердің тоңы жібіп жатқан күндердің бірінде Ыдырыс Көшкінов атындағы көше тұрғындары қариясы басшы, жастары қосшы болып, ұлттық дәстүрге негізделген дастарқан жайды. Сары май, құрт, ірімшік, жеті шелпек, бауырсақ, басқа да дәмі тіл үйірген тәтті тағамдар, қысқы соғымның көктемге сақталған сүрісі, жеті түрлі дәмнен жасалған наурызкөже дастарқаннан орын алып, көпшіліктің көңілін көкке көтерді.
    Көпірәлі Әлғожадай көше тұрғыны ақ батасын арнады. Жұмағали Сазабековтей қарт тұрғын ата-бабалар рухына Құран бағыштады. Дастарқан үстінде Наурыздың қадір-қасиеті, өзге айдан артықшылықтары туралы әңгіме тиегі ағытылды. Аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Бекболат Бірбаев, Тойғожа Достарбеков, Қанат Ахметов, Қожабек Әнәпияев сияқты қазыналы қарттар, Айнашқан Алжанбаева, Нұржан Солтанқұловадай ақ жаулықты аналар «Ұлыс оң, ақ мол болсын» деген ақжарма тілектерін арнады.
    Жиналған көпшілік мерекелік шараның ұтымды ұйымдастырылуына ұйытқы болған Қуат Бекболов, Майнұр Мүңалбай, Наргиз Өтеубаева, Күлімхан Атагелдиева сияқты көше тұрғындарына ризашылығын білдірді. Дастарқан басында көнеден жаңаға жеткен халық әндері шырқалды. Қариялар мен жастар арқан тартудан күш сынасты. Ұлыстың ұлы күні құрметіне көшеде өткізілген Наурыз тойы сән-салтанатымен мерекенің мерейін асырды.

    Жұмабек ТҰРДИЕВ

    Райымбек ауданы

    Ұсынымдар

    Депутаттар нысандарды аралады

    Депутаттар нысандарды аралады

    5 months ago
    Кимешекті кие тұтқан

    Кимешекті кие тұтқан

    3 months ago
    Мәслихатта Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық даму есебі тыңдалды

    Мәслихатта Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық даму есебі тыңдалды

    2 years ago
    Туған жерден нәр алған

    Туған жерден нәр алған

    5 months ago
    Үкімет пен әкімдер жұмыс істеу тәсілін өзгертсін – Президент

    Үкімет пен әкімдер жұмыс істеу тәсілін өзгертсін – Президент

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>