-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ана жолын жалғаған

    08.03.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Ана жолын жалғаған
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

           Әрбір перзенттің қалыптасып, өмірлік жолын табуында ата-ананың орны зор. Әке-шеше балаға бағыт беруші, жол сілтеуші. Кейбір жандар ата-анасын айрықша үлгі тұтып, тіпті сол жолды жалғап жатады. Ана ізімен жүріп, мамандығын да жалғастырған қыздар қаншама?! Солардың бір парасын сөзге тартып, анасы туралы ізгі тілегін тыңдаған едік.

    Әсем Айнақұлова,
    әнші, ҚР Мәдениет саласының үздігі, Сүйінбай атындағы облыстық филармония директорының орынбасары:
    – Анам Ұлжан Айнақұлова – елімізге белгілі әнші. Бала кезден анамның қасында жүріп, сахна қасиетін сезініп өскендіктен, өнер мен үшін құдіретті саналды. Мектепте, жоғары оқу орнында оқып жүргенімде би билеп, ән айтып, сахнаға шығып жүрдім. Анам өнер жолын қуғанымды аса қалаған жоқ. «Өнер ешқайда қашпайды, қалаған уақытыңда келуіңе болады. Өзіңді басқа салада сынап көр» деді. Осылайша мен техникалық сала бойынша білім алдым. Алайда өнерден алшақ кете алмадым. Анам да оны түсініп, бастапқыда ән жаздырып, бейнебаян түсіруіме себепші болды. Қазір анам екеуміз бір ұжымда – Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясында еңбек етеміз. Ол кісінің өмірлік тәжірибесі мол. Жастарға бағыт сілтеп отырады.
    Әлбетте, кім болса да анасынан үлгі алады. Соның салған сара жолымен жүреді. Мен де өнерде өзіндік орны бар, жезтаңдай әнші Ұлжан Айнақұлованың қызы болғанымды биік мәртебе санаймын. Анамның үмітін ақтап, жаман ат келтірмеуге тырысып жүремін. Жұмысымды да бар жан-тәніммен атқарып, өнерде бекер жүрмегенімді дәлелдеп келемін. Қай  істе де анам ақыл-кеңесін айтып, кем-кетігімді көрсетіп, жөн сілтейтін жан. Қуанышымда да, қиындығымда да жанымнан табылатын жалғыз адам. Сол үшін де айрықша қадірлеп, құрметтеймін. Мен үшін анамның орны тым биік. Ана салған жол – мен үшін ізгі жол. Ол – киелі сахна, қасиетті өнер жолы!

    Әсем Бақытжанқызы,
    Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының инфекционист-дәрігері:

    – Дәрігерлік – мен үшін әлемде теңдесі жоқ мамандық.  Дерті меңдеп, ауырып келген адамға үміт сыйлап, емдеп жазып, қайта өмірге талпындыру – әрбір медицина саласы қызметкерінің міндеті. Менің осынау салаға құштарлығымды оятқан – анам. Педиатор-неонтолог болып жұмыс істейтін анам Нұргүл Әмірқұлова үнемі үйге сырқат тарихын жазатын карточкаларды алып келетін. Біз оны күнде кеште анам екеуміз толтыратын едік. Кейде анаммен бірге кезекшілікке баратынмын. Осындай сәттерді бала кезден көріп, бастан кешіріп өскендіктен бе, мектеп бітіре салысымен дәрігерлік мамандықты таңдадым. Анам оқыған Семей мемлекеттік медициналық университетінде білім алдым. Қазір де бір ұжымда еңбек етудеміз. Мен анамды үлгі тұтамын. Өйткені, менің өмірлік жолымның қалануына ұйытқы болып, әлі күнге дейін білгенін үйретіп, ақыл-кеңесін айтып, қолдап келе жатқан жанашыр жан.

    Әйгерім Шадаева,
    Жамбыл ауданы Наурызбай Құтпанбетұлы атындағы орта мектептің мұғалімі:

    – Менің анам кәсіптік жолымды таңдауымда үлкен рөл атқарды. Ол кісінің ұстаздық жұмысын бақылай отырып, бұл мамандықтың қаншалықты қажетті екенін сезіндім. Анам бала кезден менің бойыма тіл мен әдебиетке деген іңкәрлікті құя білді. Өз ойыңды жеткізудің және өзгелерді түсіне білудің маңыздылығын ұғындырды. Оның мамандығына деген адалдығы менің де осы саланы таңдап, тіл мен әдебиет пәні мұғалімі болуыма жол ашты. Мен анамның бойындағы барлық тамаша қасиеттермен мақтанамын. Еңбекқорлығы, адамдарға деген қамқорлығы, жанашырлығы, даналығы, өз пәніне, оқушыларына деген сүйіспеншілігі маған әрдайым үлгі-өнеге. Анам – әрдайым оқып, білімін жетілдіріп, ізденісте жүретін адам. Ол кісінің кітап оқуға деген құштарлығы да бала кезден бойыма осы дағдыны қалыптастырды. Тіл, әдебиет – менің рухани әлемім болса, мұғалімдік – өмірімнің маңызды бөлшегі. Сондықтан анамның жолын қуып, ұстаздық ұлы мұратқа жетуді өзіме мақсат санаймын. Бүгінде анам Әлия Тыныбаевамен бір мектепте еңбек етіп, тәлімгер ретінде де көп көмегін тигізіп жатуының өзі  өміріме шамшырақ сынды. Анам – қолдаушым, қорғаушым. Ана жолын жалғағанымды бақытыма балаймын.

    Ана жолын жалғаған қыздардың тілегі осылайша өрілді. Перзентіне күн шуағындай нұрын төгіп, болашағына берік негіз қалаған аналардың жөні қашанда бөлек, мәртебесі биік бола бермек.

    Дайындаған – Алма Есенбай

     

    Ұсынымдар

    Чернобыль апатына – 39 жыл

    Чернобыль апатына – 39 жыл

    1 month ago
    Алматы облысында дін саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру бойынша 3 күндік оқыту курсы өткізілді

    Алматы облысында дін саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру бойынша 3 күндік оқыту курсы өткізілді

    3 weeks ago
    Құрылыс саласындағы құқықтық реттеу: Инжинирингтік компаниялардың жауапкершілігі артады

    Құрылыс саласындағы құқықтық реттеу: Инжинирингтік компаниялардың жауапкершілігі артады

    9 months ago
    Министрлік Үлкен Алматы айналма автокөлік жолымен жүру бағасын ұсынды

    ҮАААЖ бойында жүру бүгіннен бастап ақылы болады

    2 years ago
    Ұйғыр ауданында спорт кешені ашылды

    Спорт – тәрбие мектебі

    10 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.