-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Отбасы мен Отанына тер төккен

    07.03.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мереке
    Отбасы мен Отанына тер төккен
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

           Қонаев қаласындағы Мәдениет үйінде Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік шара өтті. Салтанатты жиында облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев қоғамның әр саласында қызмет атқарып жүрген және көп бала тәрбиелеп отырған әйелдерді мерекемен құттықтап, ізгі лебізін жеткізді.

    Аймақ басшысы өз сөзінде елімізде отбасы институтын қол­дау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті.
    – Көктем – гүлімен, отбасы – ана нұрымен көркем. Ендеше, осы әсем мерекеде сіздерге тек бақытты ғұмыр тілеймін! Жалпы, тәуелсіздік алғаннан бері әйел азаматтарымыздың экономикадағы, саясат пен қоғамдық қызметтегі рөлі жыл сайын артуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әйелдердің құқықтарын қорғап, әлеуетін арттыруға ерекше көңіл бөлетіні баршаға аян. Президентіміз осы орайда «Бүгінде әйелдер қауымының отбасындағы, қоғам өміріндегі рөлі орасан зор. Мемлекет гендерлік теңдікті сақтауға, әйелдер құқығын қорғауға және отбасы құндылықтарын нығайтуға әрдайым баса мән береді» деген болатын. Бүгінде нәзік жандарымыз ғылым мен білім бағытында, медицина мен өндірісте, мәдениет пен спортта, құқық қорғау және әскери қызметте, өндіріс пен кәсіпкерлікте ерекше орынға ие. Гүлдей құлпырып, әсемдіктің, әдеміліктің, әдептіліктің иесі болып қала беріңіздер! Жанарларыңыз әрдайым нұр шашып, көңілдеріңіз көктемдей көрікті болсын! – деді Марат Елеусізұлы.
    Бүгінде өңірімізде қыз-келіншектер білім беру мен денсаулық сақтау, мәдениет пен спорт, құқық қорғау органдары мен мемлекеттік қызметте және басқа да салаларда табысты еңбек етіп жүр. Аймақ басшысының сөзіне сүйенсек, Алматы облысында мемлекеттік органдар мен ірі компанияларда басшылық қызмет атқаратын немесе бизнес саласында кәсібін өркендетіп жүрген әйелдер аз емес. Мәселен, мемлекеттік қызметте еңбек ететін қыз-келіншектердің үлесі 58 пайызды құрайды. Олар аймақтың өсіп-өркендеуі мен тұрақты дамуы жолында өз қолтаңбасын қалдырып келеді. Бүгінде облысымызда 52 мыңнан астам көпбалалы ана бар. Олардың 18 мыңы – «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері. Қызметте үздік нәтиже көрсеткен арулар қауымы, ошағының отын өшірмей, ұрпақ тәрбиесіне де баса мән беріп, елдің демографиялық өсіміне үлес қосып жүр.
    Мерекелік шарада облыс әкімі өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ерекше еңбек сіңірген әйелдер қауымын марапаттады. Атап айтар болсақ, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы аналар кеңесінің төрағасы Гүлнар Жошыбаева мен «Бүркіт» отын-энергетикалық компаниясы» ЖШС директоры Ләззат Ботабековаға «Құрмет» орденін табыстады. Ал «Аяла» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тәрбиешісі Жанат Керімқұловаға «Ерен еңбегі үшін», «Қамқор жүрек» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің негізін қалаушы Ләззат Салықоваға «Шапағат» медальдары берілді. Сонымен қоса өз саласында өнімді еңбек еткен бірқатар бұрымды ҚР Президентінің Құттықтауымен, Құрмет грамотасымен, облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Шара соңы мерекелік концертпен жалғасты. Облыс әкімінің атынан залда отырған әйелдер қауымына гүл шоқтары таратылды.

    Ерзат АСЫЛ

    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    Министрлік: Қазақстанда жанармай қымбаттайды

    Алматы облысында жанармай бағасы бақылауға алынды

    2 years ago
    Сайлаушысы көп аудан

    Сайлаушысы көп аудан

    2 years ago
    Шеңгелдіде амбулатория қолданысқа берілді

    Шеңгелдіде амбулатория қолданысқа берілді

    2 months ago
    Орта Азияда бетон діңгек шығаратын бірегей зауыт Алматы облысында орналасқан

    Орта Азияда бетон діңгек шығаратын бірегей зауыт Алматы облысында орналасқан

    2 years ago
    Құсбегілер мекені

    Құсбегілер мекені

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>