-13 °c
Qonaev
Friday, May 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ғасыр – әжеге құрмет

    07.03.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мереке
    Ғасыр – әжеге құрмет
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

         Халықаралық әйелдер күніне орай облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Қарасай ауданына арнайы атбасын бұрып, елге қадірлі аналарды мерекесімен құттықтады. Аудан әкімі Жасұлан Естенов аймақ басшысымен бірге жүрді.
    Алдымен Абай ауылында тұратын «Ұлт анасы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы әрі қари ананы қолына алып, күтіп отырған өкіл қызы Құралай Пернебайқызының үйіне барып, ғасыр жасаған апа Жұмакүл Мұратқызының жағдайын білді. Жасы ұлғайғаны­на қарамастан, санасы сергек, сөзі салмақты кейуана қадірлі қонақтарын ашық-жарқын қарсы алып, облыс басшысының тарту-таралғысын қабыл алғаннан кейін Рамазан айының құр­метіне Құран бағыштады.
    Тағдыр тауқыметін бір адамдай тартқан кейуана ашық-жарқын әңгіме барысында өз өмірі жайлы баяндап берді. Қызылорда өлкесінде елге сыйлы би болған аталары Кеңес өкіметінің озбырлығына көне алмай, шекера асқан көрінеді. Алдымен Ауған жеріне көшіп барған олар бұл өлкеде бейбіт әрі ауқатты ғұмыр кешіпті. Жұмакүл әке-шешесінің зарығып жүріп көрген жалғыз қызы көрінеді. Перзенттерінің болашағын ойлаған олар қыздарының сауатын ерте ашып, діни мектептерге орналастырады. Бес жасында қолына Құранды алған зерек қыз аз уақытта толықтай жаттап алған екен. Тұрмыс құрғаннан кейін Мединаға қоныс аударып, осында 30 жылға жуық өмір сүріпті. Мұнда қолөнермен жасаған бұйымдарын саудалаумен айналысқан.
    – Қазақстан тәуелсіздігін алған­нан кейін жұбайымның атажұртқа аңсары ауа берді. Ақыры 1997 жылы Қазақстанға біржола көшіп келдік, – дейді Жұмакүл әже.
    Шет жерде жүріп ана тілін ұмытпаған кейуана ағылшын, араб, түрік және парсы тілдерін де меңгерген. Жұмакүл әженің тәлімді әңгімесін тебіренбей тыңдау мүмкін емес.
    Осы тұста әңгіме тізгінін алған Құралай Пернебайқызы «Ұлт анасы» бірлестігінің мақсат-міндетін баяндап, Құранды толықтай жатқа білетін, өткен өмірі мен көрген-түйгені өзгелерге үлгі болатын ардақты анадан үйренер өнеге мол екенін, осындай әжелер құрмет тұтқан дәстүр арқылы өскелең ұрпаққа тәрбие беру қажеттігін сөз етті. Марат Сұлтанғазиев өз ойын осы бағытта сабақтап, аймақтағы ардагерлер кеңесі мен аналар алқасының атқарып жатқан жұмысы, жастарды тәрбиелеудегі шешімін күткен мәселелер мен қол жеткен табыстар турасында айтып берді. Кездесудің соңына қарай «Ұлт анасы» ұйымының өкілдері Жұмакүл Мұратқызының баспанадан таршылық көріп отырғанын жеткізіп, облыс басшысынан жәрдем беруін сұрады.
    Осыдан кейін облыс әкімі жуырда өзінің жүз жылдық ғасыр тойын атап өтуге қам жасап жатқан Сәлима Бұлғақбаеваның шаңырағына бас сұғып, ардақты ананы құттықтады. Бұл жерде Қаскелең қаласы көшелерінің бірі – оның жұбайы, Екінші дүниежүзі­лік соғыс ардагері, 14 жыл бойы Қаскелең қалалық халық депутаттары кеңесінің төрағасы болған Ақылбай Бұлғақбаевтың есімімен аталатынын айта кеткен орынды. Оның басшылығы кезінде Қаскелең ауылы қала мәртебе­сін алған еді.
    Ал Сәлима Тілеубайқызы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектепте ұзақ жыл ұстаздық етеді. Осыннан зейнеттік демалысқа шыққан. Оның жалпы педагогикалық еңбек өтілі 40 жылдан астам. Өз кәсібіне адалдық танытып, осы салаға бүкіл өмірін арнаған жан «ҚазКСР Ағарту ісінің үздігі», «Еңбек ардагері», «Күміс алқа» сияқты көптеген марапатқа ие болады.
    Ақылбай ата 2001 жылы 87 жасында өмірден озған. Ал Сәлима әже қазір жүзінші көктемін қарсы алуда. «Ең үлкен бақыт – бейбіт аспан астында өмір сүру, әрбір күніңе қуану», – деп батасын берді ғасыр жасаған әже.

    Қуат ҚАЙРАНБАЕВ

    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    2025 жылы МӘМС-ке қанша төлейміз?

    2025 жылы МӘМС-ке қанша төлейміз?

    4 months ago
    Алматы облысында тау курортын дамыту үшін меморандумға қол қойылды

    Алматы облысында тау курортын дамыту үшін меморандумға қол қойылды

    9 months ago
    Кәсіпкерлерге 370 млн тг мемлекеттік грант бөлінді

    Кәсіпкерлерге 370 млн тг мемлекеттік грант бөлінді

    2 months ago
    Ауылдың болашағы шешілер күн

    Ауылдың болашағы шешілер күн

    7 months ago
    Отбасы тірегі

    Отбасы тірегі

    3 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.