-13 °c
Qonaev
Friday, May 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Шәкәрім Құдайбердіұлының ғылыми мұрасын талқылаған конференция өтті

    22.05.2023
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым, Мәдениет, Өңір тынысы, Руханият
    Шәкәрім Құдайбердіұлының ғылыми мұрасын талқылаған конференция өтті
    0
    SHARES
    242
    VIEWS

    «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы облыстық филиалының мәжіліс залында ойшыл ақын, ұлы ғұлама Шәкәрім шығармашылығы ұлықталды. Қазақ әдебиетінің классигі Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл толуына орай Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтының «Әдіснама және педагогикалық инновация» кафедрасының ұйымдастыруымен халықаралық конференция өтті.
    Кемеңгер тұлғаның мол мұрасын дәріптеуді мақсат еткен әдеби жиынға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, «Өркен» ҰҒП Балалардың хал-ахуалы институты, Өзбекстан Республикасының Қоқан мемлекеттік педагогикалық институты, Әулие Климент Охридский атындағы София университеті, Болгария мемлекеті білім беру жүйесінің өкілдері қатысып, баяндама жасады.

    «Шәкәрім Құдайбердіұлының ғылыми мұрасы: зерттеу, тәжірибе» деп аталатын конференция онлайн және оффлайн форматта өтті. Әдебиет саласының майталманын әлемдік деңгейде әспеттеген үздік ғалымдар мен білікті мамандар пікір алмасып, конференция 4 түрлі бағытта жүргізілді. Шәкәрім мұрасы және заманауи оқу-тәрбие үдерісі, Шәкәрім ілімі: тарих пен тағылым, дін және философия, Шәкәрім және ғылым, Шәкәрім шығармаларын оқытудағы озық әдістемелік тәжірибе бағыттары бойынша ақын мұрасын зерттеуші отандық және шетелдік ғалымдар, жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылары, магистранттары және студенттері, орта білім беру ұйымдарының педагогтары баяндама жасап, адамдыққа жол салған ақынын ардақтады.

    Алғашқы болып сөз алған Абай атындағы ҚазҰПУ филология институтының директоры Алуа Таңжарықова «Шәкәрім мұрасы – рухани қазына» деген тақырыпта баяндама жасап, ақын шығармаларын толық талдады, өмір жолынан анық ақпарат таратты. Артынша онлайн экран арқылы Өзбекстан Республикасынан байланысқа шыққан Қоқан мемлекеттік педагогикалық институтының аға оқытушысы Зилола Тухтасинова қазақ және өзбек әдебиетінің ұлы ағартушылары жайында баяндап, екі ел ақындарының өнердегі, өлеңдегі ұқсастықтарын зерделеді. Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының бас сарапшысы Балабек Сақтағанов Шәкәрім ілімінің психологиялық аспектілерін талдаған баяндама жасады. Ол өз сөзінде ақынның психологияға байланысты көзқарасы «Анық пен танық», «Қазақ айнасы», «Мұсылмандық шарты» және басқа шығармаларында кездесетінін жеткізді. Балабек Кеніштайұлы ойшыл аталмыш туындыларында адамдарға сыртқы дүниенің жұмбақ сырын ұғып, танып-біл, оның өлшеусіз байлығын қажетіңе жарат, бұл үшін Жаратқан адамға ми берді, білу, нану, ұғыну, тану бәрі ақыл ісі, олар мидан шығады деп тұжырым жасағанын терең талдап көрсетті. Сондай-ақ, Шәкәрім Құдайбердіұлының «Бояулы суыр» өлеңіне тоқталып, пенденің өз-өзін бағалауы шектен шықса, қандай әрекетке соқтыратындығын терең оймен жеткізгенін тілге тиек етіп, «Ақылшы торғай» өлеңінде де көңіл-күй көкжиегі көрініп, күйзеліс сезімі ерекше суреттелетінін сөзіне қосты. Ақын өз туындыларында адамның психологиялық халін айрықша әспеттеп, тектілік жайын жүрекпен толғайтыны барлық жазбаларынан табылатындығы шығармашылық шеберлігінің шыңға шыққанын көрсетсе керек.

    Келесі болып сөз алған филология ғылымдарының кандидаты Руслан Арзиев ұйғыр ақыны Алмасбектің «Шаһкәрим» еңбегін талдап көрсетті. «Шаһкәрим» кітабы Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 150 жыл толуына орай 2009 жылы «Дәуір» баспасынан басылып шыққан. Абай атындағы ҚазҰПУ Шығыс тілдері және аударма кафедрасының доценті алдымен Абай Құнанбайұлы мен Шәкәрімнің шығармашылығын жіті зерттеген Алмасбек ақын жайында толық мағлұмат беріп, «Шаһкәрим» кітабы екі бөлімнен тұратынын тілге тиек етті. Алғашқысында Шәкәрімнің «Үш анық» философиялық трактатының және «Шын бақыттың айнасы», «Мәнді сөздер», «Мен жетпіс екі жасқа жеткенше» атты мақалаларының ұйғыр тілінде аудармасы берілгенін жеткізіп, 2-бөлімде «Ғұлама дүниетанымының негізгі еңбегі жарық жұлдызы» және «Абай таныған асыл талант» атты көлемді мақалалары орын алғанын айтып өтті.

    Келесі кезекте конференцияға онлайн қосылған Әжінияз атындағы Нөкіс мемлекеттік педагогикалық институтының Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының доценті Тұрсынай Төрткүлбаева жоғары оқу орындарында Шәкәрім шығармаларының әлеуметтік-танымдық мұрасының оқытылуы жайында баяндама жасады. Ол өз сөзінде:

    – Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығы қазақ әдебиеті тарихы, бүгінгі жаңа замандағы жаңа бағдар үшін маңызы өте зор. Өзбекстан жоғары оқу орындарындағы қазақ тілі және әдебиеті бағдарында Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығына ерекше орын берілге. Онда ойшыл ақынның өмірі мен шығармашылығы жан-жақты қамтылған, – деп шет мемлекеттегі білім жайынан ақпарат таратты. Сондай-ақ, Өзбекстандағы оқу үрдісінде Шәкәрім шығармаларын таныту Абай өмірі мен өлеңін таныстырумен қатар жүретінін тілге тиек етті. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының облыс бойынша кәсіби даму институтының Әдіснама және педагогикалық инновация кафедрасының меңгерушісі Меруерт Бисенбаева Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармаларындағы дүниетанымдық мәселелер жайлы толғап, ар мен адамдық тақырыбын бүкіл поэзиясына арқау еткен ақынның өзекті туындылары бүгінгі күн үшін аса қажетті екендігін айрықша айтып өтті. Конференция барысында өзге де ғалымдар мен педагогтар сөз алып, ұлы ақын өмірі мен өлеңдерінің өзгеше өрнекке толы екендігін сөздеріне қосты. Пленарлық мәжіліс ашық диалог шеңберінде жалғасып, модератор халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның қорытындысы бойынша электрондық жинақ шығарылатынын айтты.

    Құралбек СӘБИТОВ

    Tags: ойшыл ақынШәкәрім Құдайбердіұлы

    Ұсынымдар

    Облыста жылыту маусымы кезінде 102 өрт болды

    Семья пострадавшего от пожара отказалась от предложенной помощи акимата

    5 months ago
    Мәжіліс депутаттары Еңбекшіқазақ ауданына жұмыс сапарымен барды

    Мәжіліс депутаттары Еңбекшіқазақ ауданына жұмыс сапарымен барды

    2 years ago
    Болашақтың энергиясы

    Болашақтың энергиясы

    8 months ago
    Жалпыға бірдей декларациялау 2025: Қалай дұрыс дайындалу керек?

    Жалпыға бірдей декларациялау 2025: Қалай дұрыс дайындалу керек?

    5 months ago
    БЮДЖЕТ ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ

    БЮДЖЕТ ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ

    5 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.