-13 °c
Qonaev
Friday, May 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Алматы облысында NEEТ жастарының саны 26 мыңға дейін азайды

    13.03.2025
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар
    Алматы облысында NEEТ жастарының саны 26 мыңға дейін азайды
    0
    SHARES
    13
    VIEWS

    Алматы облысында жастарды жұмыспен қамту деңгейі жоғары. Өткен жылы 24 932 жас жұмысқа тұрған. Осылайша, NEEТ санатындағы жастар саны 26 186 адамға дейін төмендеген. Бұл көрсеткіш 2023 жылы 46 мыңды көрсеткен еді. 

    Алматы облысы жастар саясаты басқармасының басшысы Мади Ахметовтың айтуынша, бұл жұмыстар Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде жалғасын табады.

    Бас құжатта көрсетілген 7 негізгі бағыт бойынша Алматы облысында арнайы іс-шаралар жоспары бекітілген. Соның ішінде NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіру жұмысына ден қойылған.

    «Биыл сауда орындарында ресми тіркеусіз жұмыс жасап жүрген жастарға басымдылық берілетін болады. Облыс аймағындағы барлық сауда-саттық орындарының басшылығымен тиісті жұмыстар жүргізіледі. Аталған бағыт бойынша кемінде 500 жастың еңбек қатынасын ресми тіркейтін боламыз»,-дейді Алматы облысы жастар саясаты басқармасының басшысы Мади Ахметов.

    Ресми деректерге сүйенсек, өткен жылы 217 жұмыссыз жас кәсіптік дағдыларын қалпына келтіру үшін,, ал 1267 адам «Бастау бизнес» жобасы аясында қысқа мерзімді оқудан өткен. Бүгінгі күні 88 жастың бизнес-идеялары қолдау тауып, 400 АЕК көлемінде қайтарымсыз грантқа ие болған жайы бар.

    «Қазіргі таңда облыста 2025 жылға жұмыс орындарын құрудың Өңірлік картасы бекітілді. Құжатқа сәйкес, 60 230 жұмыс орыны құрылса, 18 744 жас жұмысқа тартылады деп жоспарланған»,-дейді Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Жансерік Адиахметов.

    Жастар саясаты төңірегіндегі кешенді шаралар мұнымен шектелмейді. Биыл «Сақтан» және «Адал адам – адал еңбек» жобалары іске асатын болады.

    Бұдан бөлек, жастарға заманауи ХАБ ашу көзделген. Жоспарды жүзеге асыруға демеушілер ықпал етпек. Соның нәтижесінде Талғар ауданы, Панфилов ауылдық округіндегі мәдениет үйі қайта жаңарып, жастарға арналған бірегей орталыққа айналмақ.

    «Жалпы, биыл жастарды қолдауға бағытталған 12 тармақтан тұратын кешенді жоспар бекітілді. Жыл соңына дейін барлық шаралар аясында тікелей 100 мың жасты, жанама түрде 300 мың жасты қамту көзделіп отыр», – деп қорытындылады Мади Ахметов.

    Ұсынымдар

    Президент баспасөз қызметкерлерін Ұлттық басылым күнімен құттықтады

    Мемлекет басшысы халықты Ораза айт мерекесімен құттықтады

    1 year ago
    Сенімді энергия көзі

    Сенімді энергия көзі

    8 months ago
    Жеке инвестор Қонаев маңында теміржол станциясын салуға мүдделі

    Жеке инвестор Қонаев маңында теміржол станциясын салуға мүдделі

    3 months ago
    Рұқсатсыз сауда жасағандар жауапқа тартыллы

    Рұқсатсыз сауда жасағандар жауапқа тартыллы

    1 year ago
    Алматы облысында «AMANAT» партиясы депутаттарының форумы өтті

    Алматы облысында «AMANAT» партиясы депутаттарының форумы өтті

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>