Алматы облысында өтіп жатқан стенд атудан әлем кубогының екінші күні Алматы облысының спортшысы Әсем Орынбай “дөңгелек стенд” жаттығуында үздік шығып, әлем кубогын жеңіп алды. Сайыста 38 мерген бақ сынады.
Финалға жоғары ұпай жинаған 6 спортшы шығып, Әсем Орынбай бірнеше айналымда ұпай саны бойынша бірінші орында тұрды. Ақтық сында Үндістан өкілі Г.Сихонмен жекпе-жекте алғашқы мүмкіндіктен-ақ жеңімпаз атанды.
Бұл жеңісте Әсем Орынбай Париж-2024 Олимпиадасының жолдамасына қол жеткізді. Ереже бойынша, лицензиялық Әлем Кубогында алған ұпайлар жинақталып, ең көп ұпайға қол жеткізген спортшылар Олимпиадаға іріктеледі.
22 мамыр күні Алматы облысы Іле ауданы Байсерке ауылындағы Асанов атындағы ату клубында стенд атудан Әлем Кубогы басталды. Беделді бәсекеге 42 елден 300 спортшы қатысып жатыр. Жарыс 28 мамырға дейін жалғасады.