-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Облыс әкімі Қонаев қаласындағы құрылыс жұмыстарын тездетуді тапсырды

    24.05.2023
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Жолдың жайы, Инфрақұрылым, Өңір тынысы, Саясат, Спорт, Туризм және саяхат, Экономика
    Облыс әкімі Қонаев қаласындағы құрылыс жұмыстарын тездетуді тапсырды
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

    Бүгін Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қонаев қаласындағы құрылыс алаңдарын аралады. Облыс әкімі ең бірінші қаладағы №8 жағалауға барды. Бұл жерді абаттандыру жұмыстарын «Golden City» компаниясы жүргізіп жатыр. Серіктестік маманының айтуынша, жоба 2021 жылы басталған. Бірақ кейіннен жоба өзгеріске түсіп, құжаттарға түзетулер енгізілген.

    «Жағажайдың жалпы аумағы 25 гектар. Бұл жер №7 жағажайдың жалғасы деуге болады. Қазіргі таңда жер жұмыстары аяқталды. Мұнда веложүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге арналған жолдар, арықтар, бизнес нысандары, спорт алаңы, медициналық пункт салынады», – деді жобаны таныстырған қала әкімі Нұрлан Құматаев.

    Серіктестік биылға қаржы бөлінбеуінің себебінен жұмысты тоқтатқан. Десе де, мұнда 40 адам жұмыс істеуге дайын тұр.

    «Жұмысты екі айда аяқтаймыз деп отырсыздар. Ол өте ұзақ уақыт. Жағажай биылғы шомылу маусымында пайдалануға берілуі тиіс, оған шамамен 1 ай уақыт бар. Қаражат жеткіліксіз болса, банктермен сөйлесіңіздер. Сіздерді мердігер компания деп сеніп, таңдадық. Жоба уақытылы өз межесіне жетуі қажет. Жұмысқа қызметшілерді көбірек тартыңыздар. Тамызда бұл жағажай ешкімге керек болмай қалады», – деді мердігер компанияға тапсырма берген Марат Сұлтанғазиев.

    Бұдан бөлек, әкім №5 жағажайға да барды. Бұл жерде балалар алаңы, шатыр астындағы кофетерий, воркаут алаңы, балаларға арналған бассейн, пирс, веложүргізушілер жолы салынады. Жағажай 60 метрге ұлғайтылды. Ол жерде бизнес нысандары орналасады. Айта кететін жайт, қалада веложүргізушілер жолы 5 шақырымды құрамақ. Нәтижесінде мұнда «Ironman» секілді ірі спорттық шараларды өткізуге мүмкіндік ашылады.

    Ал 2 жолақтыдан 4 жолақты жолға үлкейтіліп жатқан Сейфуллин көшесіне барған облыс әкімі көшенің тым тар екенін айтты.

    «5 шақырымға созылатын жол көлік жүруге ыңғайлы болуы тиіс. Жолақтың енін 15 метрге дейін созу қажет. Сонымен қатар бұл көше барлық демалыс орындарына апаратынын ұмытпауымыз керек. Яғни, күндіз де, түнде де көлік ағыны айтарлықтай көп. 43 адам жұмыс істеп жатыр екен. Бұл да өте аз. Адамдарды көбірек тартып, екі ауысымда жұмыс істеу қажет», – деді облыс әкімі.

    Жолдың құрылысы қазан айында толығымен аяқталады деп жоспарланып отыр.

    Сондай-ақ өңір басшысы скейт парк пен Орталық алаңға да ат басын бұрды. Қаладағы скейт парк шетелдік стандарттарға сай салынып жатыр. Екі нысанның құрылыс жұмыстары 1,5-2 ай шамасында аяқталады.

    Alatau News

    Ұсынымдар

    Заң бұзған коммуналдық мекемелер мен субъектілер жауапқа тартылды

    Заң бұзған коммуналдық мекемелер мен субъектілер жауапқа тартылды

    2 years ago
    Мемлекеттік тіл

    Заң тілі қашан жетіледі?

    2 months ago
    Алматы облысындағы төтенше жағдай салдары жедел жойылды

    Алматы облысындағы төтенше жағдай салдары жедел жойылды

    2 years ago
    Ел еңсесі биік болсын

    Ел еңсесі биік болсын

    2 years ago
    Баспасөз хатшысының бір күні

    Баспасөз хатшысының бір күні

    12 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>