-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Дайындық жұмысы пысықталды

    28.03.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Дайындық жұмысы пысықталды
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

         Облыс орталығында әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу бойынша көшпелі кеңес өтті. Онда облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және мобилизациялық дайындық жұмыстарын пысықтады. Кеңеске облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент басшылығы, жергілікті атқарушы орган өкілдері, аудандық және қалалық әскери комиссариат қызметкерлері, сондай-ақ медицина мамандары мен құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

     

    Жиында әскерге шақыру науқа­ны­ның ұйымдастырылу барысы талқыланып, жастардың мерзімді әскери қызметке сапалы дайындалуын қамтамасыз ету және осы бағыттағы өзекті мәселелер айтылды. Шақыру комиссияларының жұмысын жетіл­діру, медициналық тексерістің сапасын арттыру, сондай-ақ әскерге шақырылушылардың әлеуметтік және психологиялық дайындығын жақсарту жайттары да көтерілді.
    Кеңес отырысында алғашқы болып сөз алған облыстық қорғаныс істері департаменті бастығының орынбасары, шақыру және әскерден тыс жұмыстар басқармасының бастығы Дулат Ақышев әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу бойынша баяндама жасады. Ол тақырып төңірегіндегі бірқатар мәселеге тоқталып, шешімі күрделі жайттарды алға тартты.
    – Әскерге шақырту алып, жинақтау пунктіне келген әскери міндеттілер үшін жарғыға сәйкес талап осы жерден басталады. Осыдан кейін әскерге шақырылғандар өздерінің жайлы орнын тастап, әскерде қызмет етпес үшін түрлі сылтаулар айтады, ауруларын алға тартады. Медициналық комиссиядан өткен кезде бұрын жарақат алғандарын айтып, сылтауратады. Міне, осы кезде оларды қосымша тексеру үшін медициналық мекеменің көмегіне жүгінгенде міндетті медициналық сақтандырусыз оларға тегін қыз­мет көрсетілмейтіні айтылады, – деп аталмыш мәселені шешіп беруді сұрады. Сонымен қатар облыстық қабылдау пунктіне УДЗ көрсеткіштеріне, рентген түсіру­ге арналған қондырғысы бар жылжымалы көліктің керектігін тілге тиек етті. Бұл мәселе бойынша да бірқатар қиындықтың барын алға тартты.
    Дулат Жұмабекұлы медициналық порталдан әскери міндеттілердің бұрын қандай аурулармен тіркеуде тұрғанын білу мәселесі де оңай еместігін айтып, осы жұмыстарды атқару барысында мамандарға арнайы техникалар мен компьютер, планшеттердің жетіспейтінін жет­кізді. Әскерге шақырылғандарды қабылдау кезінде оларды тасымалдау үшін жинақтау пунктіне арнайы автокөліктің керектігін де қозғады. Өңірімізде әскерге шақырылғандарды алғашқы болып қабылдап, меди­циналық тексеруден өткізетін кейбір ғимараттардың сапасын сынға алып, Жамбыл ауданында 1924 жылы салынған әскери ғимарат жөндеуге жабылғандықтан әскери міндеттілерді тексеру жұмыстары 40 шаршы метрлік акт залында өтетінін айтты. Сондай-ақ әскерге барудан жалтаратындардың қатары көбейгенін, Отан алдындағы борышын өтеу үшін медицина­лық тексерістен өтуге келмейтіндер бойынша жүргізілетін жұмыстың осал атқарылып жатқанын алға тартты. Шалғай жерлердегі штаттық бірліктер жөнінде де мәлімдеді.
    Баяндамадан соң облыс әкімі Марат Елеусізұлы көтерілген барлық мәселеге жеке тоқталды. Ол өз сөзінде міндетті медициналық сақтандыру мәселесін жергілікті бюджет есебінен шешу қажеттігін айтты. Осы орайда жеке қаулы шығарып, қажетті қара­жатты ауруханаға бөлу керектігін жеткізді. Рентген түсіруге арналған қондырғысы бар жылжымалы көлік те қажет уақытында жинақтау пунктіне берілетінін сөзіне қосып, медициналық портал жөнінде Денсаулық сақтау министрлігіне хат жазу керектігін алға тартты. Облыс әкімі Жамбыл ауданындағы әскери ғимарат жөнінде аудандағы бос нысандардың бірін пайдалануға беру қажеттігін айтып, шалғай жерлердегі штаттық бірлік бойынша алдымен талдау жұмыстарын жүргізу керектігін жеткізді. Әскер­ден жалтарып, медициналық тек­серуге келмейтіндер бойынша жұмыс­тарды күшейту қажеттігін қозғады. Кеңес қорытындысы бойынша нақты тапсырмалар беріліп, бірлескен жұмыстың арқасында жас сарбаздардың әскерге аттануын барынша сапалы ұйымдастыруға мүмкіндік болатынын атап өтті.
    Жиыннан соң Марат Елеусізұлы азаматтық және аумақтық қорғаныс саласындағы мобилизациялық дайындық барысын бақылады. Ол қорғаныс шараларын күшейту өзекті екенін айтып, материалдық-техникалық базаны дайындау және жетілдіру бойынша қажетті құрал-жабдықтарды көрді.

    Құралбек СӘБИТОВ

    Ұсынымдар

    Электр жарығын беру қалпына келтірілді

    Электр жарығын беру қалпына келтірілді

    1 year ago
    Цифрлық көшірме жобасы қауіпсідікті күшейтпек

    Цифрлық жүйе жетілдіріледі

    11 months ago

    Қытай құлшынысы: кімге қауіп, кімге пайда?

    8 months ago
    Бұзақылар жауапқа тартылды

    Бұзақылар жауапқа тартылды

    1 year ago
    Алматы облысында халықаралық құтқарушылар жарысы басталды

    Алматы облысында халықаралық құтқарушылар жарысы басталды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>