❄️
-6°C
Қонаев
Сәрсенбі, Ақпан 25, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Цифрлық болашақ бүгіннен басталады

    31.03.2025
    in Барлық жаңалықтар, Жоғары технология
    Цифрлық болашақ бүгіннен басталады
    0
    SHARES
    14
    VIEWS

    «Digital Keruen» жобасы Кеген ауданында жалғасты. Бұл жоба жастардың IT және цифрлық технологиялар саласына қызығушылығын арттырып, заманауи мүмкіндіктерді кәсіпкерлік пен инновациялық жобаларға тартуға бағытталған. Жоба облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы, жастар ресурстық орталығы, дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығы, «Astana Hub» халықаралық технопаркі «Alatau Hub» филиалының ұйымдастыруымен жүзеге асырылуда.

    Жобаны түсіндіру мақсатында Кеген ауылындағы Кеңес Нұрпейісұлы атындағы мектеп-лицейінің акт залында жоғары сынып оқушыларымен кездесу өтті. Оған Astana Hub» халықаралық технопаркінің «Alatau Hub» аймақтық менеджері, «Digital Dala» IT-медиа қауымдастығының ұйымдастырушысы, бірнеше стартап жобалардың негізін қалаушы Нұрақын Бексұлтан, «Arbuz.kz» компаниясының Android бағдарламашысы, «Digital Dala» қауымдастығында автор, контент жасаушы Сұлтан Сүлейменов, «Quran_Academy» білім беру орталығының негізін қалаушы, журналист Абдрахман Серікұлы, «University Quest» компаниясының графикалық дизайнері, «Focus: Graphic Design» курсының авторы Нәсіп Нұрмұхан қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті. IT саласындағы негізгі трендтер мен мүмкіндіктер туралы айтты. Желілік технологиялардың дамуы, олардың цифрлық трансформациядағы маңызы және деректерді талдаудың негізгі құралдары туралы пайдалы ақпараттарды ортаға салды.

    Қатысушылар Cisco шешімдерінің компаниялардың инфрақұрылымын оңтайландыруға қалай көмектесетінін, ал бизнес-талдау әдістері стратегиялық шешімдерді қабылдауда қандай рөл атқаратынын білді.

    Нұрақын Бексұлтан, «Astana Hub» халықаралық технопаркінің «Alatau Hub» аймақтық жетекшісі:

    – Мақсатымыз – жастарды «Astana Hub» және «Alatau Hub» ұсынатын мүмкіндіктермен таныстыру. ІТ саласында қандай жаңалықтар болып жатыр, қалай дамып жатыр, қай мамандықтарды оқуға болады осы жайында хабардар ету. Осы орайда тегін курстар өткізілуде. Оны үйден онлайн оқыса да болады. «Digital Keruen» – 14-пен 35 жас аралығындағы жастарға арналған үлкен жоба. Қызығушылық танытқан әрбір жасқа қолдау білдіруге дайынбыз, – деді .

    Айта кету керек, «Alatau Hub» – стартаптар мен инновациялық шешімдердің орталығы, өңірдегі жетекші IT-хабтың бірегей экожүйесі. Мұнда бағдарламалау, робототехника және басқа да озық технологияларды үйренуге барлық жағдай жасалған. «Alatau Hub»-та өз дағдыларын дамытуға, жеке жобалармен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін технологиялық клубтар жұмыс істейді. Онда инновациялық стартаптармен танысып, жастар қабілетін шыңдауда  қолдау мен  мүмкіндіктер ұсынылады.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ,

    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    Лайықты бағасын алса…

    Лайықты бағасын алса…

    12 months ago
    Қоғам үшін маңызды қадам

    Қоғам үшін маңызды қадам

    4 weeks ago
    Орман шаруашылықтарына өрт сөндіру техникасын жаңартуға 26 млрд теңгеден астам қаражат бөлінеді

    Орман шаруашылықтарына өрт сөндіру техникасын жаңартуға 26 млрд теңгеден астам қаражат бөлінеді

    11 months ago
    Тың жоба

    Тіл – рухани байлығымыз

    3 months ago
    “Бес кеселден қашық бол”

    “Бес кеселден қашық бол”

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>