-13 °c
Qonaev
Tuesday, June 3, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ұлттық киім – ұлт мұрасы

    01.04.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Ұлттық киім – ұлт мұрасы
    0
    SHARES
    31
    VIEWS

           Әр халықтың өзіндік мәдениеті мен салт-дәстүрін айшықтайтын ерекше белгілерінің бірі – ұлттық киім. Ұлттық киім тек сыртқы көрінісі ғана емес, ол сол ұлттың рухани болмысын, дүниетанымын, өмір салтын көрсететін құнды мұра.

    Еңбекшіқазақ ауданы Малыбай ауылындағы орта мектепте «Наурызнама» аясында «Ұлттық киім – ұлт мұрасы» атты этнофестиваль өтті. Аталған шараға Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің бас маманы Зарина Бөлекбаева, Малыбай ауылының тумасы, «Мырза» брендінің негізін қалаушы жас кәсіпкер Мырза Махамбет, киноактер Айқын Қалықов қатысты. Сонымен қатар ардагер-ұстаздар Биға Энова, Райхан Майлыбекова, ауыл ақсақалдары Некебай Құрманбаев, Қанат Жасымбеков, Нұрбосын Бөбетаев, Әділбек Қаба игі шараның ұйытқысы болды.

    “Әз-Наурыз – ай бойы тойланатын тағылымы мол мереке. Ел басшысы Қ. Тоқаев “Наурызнама” онкүндігін жариялап, Ұлыс мерекесінің аясын кеңейтті. Ауылымызда өтіп отырған бұл шараның мақсаты да сол, Президент бастамасына қолдау танытып, жас ұрпақты ұлттық құндылықтарды қадірлеуге шақыру. Елімізді, жерімізді сүю, дәстүрімізді дәріптеу біздің ішкі әлемімізбен бірге сыртқы келбетімізден де ұлттық киім арқылы айқын көрініп тұруы керек”, – дейді этнофестиваль ұйымдастырушысы, “Малыбай орта мектебі” КММ директоры Ақпейіл Өскенбаева.

    Фестивальға еңкейген кәріден, еңбектеген балаға дейін ұлттық киім киіп келді. Бала тәрбиесіне әкелердің белсенді араласуын қамтамасыз ету үшін әкелер клубы, салт-дәстүрді жас ұрпаққа өнегелейтін әжелер клубы, аналар мен жеңгелер клубы жиналған көпшілікке отбасылық құндылықтарды паш етті. Сонымен қатар халқымыздың мәдениеті мен тарихының айнасы болған киіз басу, кесте тігу, қамшы өру, ою-өрнек салу сынды ұлттық қолөнер бұйымдары да көрініс тапты. Одан басқа мектеп оқушылары қазақтың ұлттық билері «Қаражорға», «Қамшы» және «Қамажайды», сондай-ақ өзбек, ұйғыр халықтарының билерін орындап, сахна сәнін асырды. Шара соңында қонақтарды киіз үйдің төріне шығарып, ақ дастарқанға жайғастырды.

    Бұл фестиваль төл мәдениетімізді дәріптеген маңызы зор іс-шара болды. Ұлттық киімге құрметпен қарап, оны күнделікті өмірде қолдану – өз тамырымызды тереңірек тану мен ұлттық санамызды нығайтудың бір жолы.

    Жайна Ептібекқызы
    Малыбай ауылы,
    Еңбекшіқазақ ауданы

    Ұсынымдар

    Тәлімді де тағылымды кездесу өтті

    Тәлімді де тағылымды кездесу өтті

    7 months ago
    ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ ҮШІН

    ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ ҮШІН

    9 months ago
    Жаңа автобус паркі қызметін бастады

    Қалалық қоғамдық көлік маршруттарына конкурс жарияланды

    3 weeks ago
    Жаңа жағажай ашылады

    Жаңа жағажай ашылады

    3 months ago
    “Облысқа қажетті көмірдің 3/1-і жеткізілді”

    “Облысқа қажетті көмірдің 3/1-і жеткізілді”

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>