-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    «Алатау лигасының» жаңа маусымы басталады

    09.04.2025
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Спорт
    «Алатау лигасының» жаңа маусымы басталады
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

    2025 жылдың 15 сәуірінде Алматы облысындағы бұқаралық спортты дамытуға арналған жоба – «Алатау лигасының» алғашқы іріктеу кезеңі өтеді. Бұл туралы Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлім етілді.
    Аймақтағы спорт деңгейін көтеру – тұрғындар мен жастардың қолында. Осы орайда ұйымдастырушылар «Алатау лигасы» жастардың рухын көтеріп, олардың спорттық жетістіктерге жетуіне жол ашады деген сенімде. Сондықтан тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануы арқылы аймақтың спорттық деңгейін арттыруға ықпал ететін бұл ауқымды жоба өңірдегі маңызды шаралардың біріне айналды.
    Алматы облыстық спорт басқармасының басшысы Айбол Құлбаев былтырғы маусымды ұйымдастыру барысында бірқатар олқылықтардың болғанын жасырмады. Дегенмен, олардың шешу жолдары қарастырылып, нақты жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.
    – «Алатау лигасы» – кәсіби спортшыларға емес, 14 жастан 35 жасқа дейінгі кез келген азаматқа арналған. Бұл ауқымды жоба Қазақстан бойынша тек біздің облыста ғана жүзеге асырылып жатыр. Сондықтан басты мақсатымыз – қарапайым халықты спорттың әр түріне бейімдеу арқылы салауатты өмір салтын насихаттау. Бұқаралық спортты дамыта отырып, еліміздің атын әлемдік аренада танытатын мықты спортшыларды тәрбиелеп шығару, – деді Айбол Тінәліұлы.
    Сонымен қатар, ол «Алатау лигасының» 2025 жылғы маусымына жаңа спорт түрі – үстел теннисі қосылғанын айтты. Ережеге сәйкес, әр командада негізгі құрамда 2 ойыншы болуы тиіс: 1 ер адам және 1 әйел адам. Ал қосалқы тізімге тағы 3 адамды (2 ер және 1 әйел) қосуға болады.
    Айта кетейік, 2024 жылы бастау алған «Алатау лигасы» – Алматы облысындағы бұқаралық спортты дамытуға бағытталған негізгі бастамалардың бірі. Лига футбол, волейбол және баскетбол сияқты спорт түрлерін қамтиды.
    Еске салсақ, өткен маусымда лига аясында Алматы облысы бойынша әр ауылдық округте 140 спорт командасы құрылған. Нәтижесінде 318 команда дайындалды. Өңір тұрғындарының спортты белсенді қолға алуының нәтижесінде спортпен айналысатын халықтың үлесі 39%-дан 41,4%-ға артты.

    Ұсынымдар

    Талғар ауданының әкімі желіде тараған баланың бейнежазбасына жауап берді

    Талғар ауданының әкімі желіде тараған баланың бейнежазбасына жауап берді

    2 years ago
    ЖІӨ-дегі Алматы облысының үлесі қандай?

    ЖІӨ-дегі Алматы облысының үлесі қандай?

    2 years ago
    Президент: Сайлаудан кейін бірқатар тың бастамаларымды жариялаймын

    Президент: Сайлаудан кейін бірқатар тың бастамаларымды жариялаймын

    2 years ago
    Қарттар қуанған күн

    Қарттар қуанған күн

    9 months ago
    Баққожа Мұқайдың алғашқы пьесасы Нарынқолда қойылған

    Баққожа Мұқайдың алғашқы пьесасы Нарынқолда қойылған

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>