-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Алматы облысында кәмелетке толмағандардың мәселесі талқыланды

    27.05.2023
    in Әлеумет, БАҚ, Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым, Демография, Құқық-заң, Мәдениет, Өңір тынысы
    Алматы облысында кәмелетке толмағандардың мәселесі талқыланды
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

    Кеген ауданының әкімдігінде бала құқықтары жөніндегі комиссияның кезекті көшпелі отырысы өтті.
    Жиын барысында Саты ауылында болған қайғылы жағдайдан кейінгі мектеп оқушыларына қатысты ахуал талқыланды. Сонымен қатар комиссия мүшелері облыс әкімінің орынбасарына бірқатар ұсыныс жасады.

    Нақтырақ айтқанда, аудан әкімінің міндетін атқарушы Кеңес Қабылбековтің айтуынша, төбелес нәтижесінде қайтыс болған оқушы Мирасты соққыға жықты деген Алишер Бақыт қазіргі таңда үй қамақта отыр. Оған психологтар күнде барып, көңіл-күйінің өзгеруі жайлы арнайы сараптама жүргізіп жатыр. Бұл іс бойынша сот келесі айда өтеді. Ал Сатыдағы мектептің директоры өз еркімен жұмыстан кетті. Оның оқу ісі және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары болса, жұмыстан босатылды.

    Жиынға қатысқан Алматы облысындағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Айгүл Есімбекова болса, балалар арасында әлімжеттік былтыр да болғанын айтты.

    Десе де, аудан әкімі оқушылардың жағдайы бірқалыпты екенін және істің бақылауға алынғанын алға тартты.

    Сондай-ақ Айгүл Есімбекова психологиялық тестілеудің нәтижелеріне сәйкес, Кеген ауданында 17 баланың суицидке бейімдігі анықталғанын айтты. Бүгінгі таңда ол оқушылармен психологтар жұмыс істеп жатыр.

    Басқосуда өгей әке, өгей ана мәселесі де талқыға түсті. Себебі, елімізде аталған санаттағы адамдардың қолымен жасалған қылмыс саны көбейген. Түйіткілге байланысты облыс прокурорының орынбасары Азамат Күреңкей өңірдегі отбасылардың портретін жасауды ұсынды.

    «Жобаны қолданысқа енгізу – жоғарыда айтылғандай оқыс оқиғалардың алдын алуға септігін тигізеді. Яғни, біз облыста тіркелген отбасылардың қандай жағдайда өмір сүріп жатқанын, әлеуметтік жағдайын зерттеп, арнайы тізім жасаймыз», – деді Азамат Күреңкей.

    Өз кезегінде облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Әбдірахым аудандағы мамандарға әр жағдайды уақытылы жеткізіп отыруды, оқушылардың арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

    Alatau News

    Tags: әлімжеттікбала құқығыкәмелетке толмағандар мәселесі

    Ұсынымдар

    Алатау арланы анықталды

    Алатау арланы анықталды

    1 year ago
    Алматы облысында терроризмге қарсы жаттығу өткізіледі

    Қонаевта құқық қорғау органдарының оқу-жаттығуы өтіп жатыр

    10 months ago
    Қонаевта “ақылды шамдар” орнатылып жатыр

    Қонаевта “ақылды шамдар” орнатылып жатыр

    1 year ago
    Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді ҚҚС-тан босату ұсынылды

    Өзекті мәселе шешілсе өсім артады

    4 weeks ago
    Этносаралық қатынастарды реттеу тетіктері үйретілді

    Этносаралық қатынастарды реттеу тетіктері үйретілді

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>