-13 °c
Qonaev
Saturday, May 10, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл тынысы

    Көше сәнін кетірген

    14.04.2025
    in Ауыл тынысы, Барлық жаңалықтар, Жолдың жайы
    Көше сәнін кетірген
    0
    SHARES
    20
    VIEWS

    Жамбыл ауданының орталығы Ұзынағаш ауылындағы біз тұратын Рысқұлов көшесі жарты ғасыр дегенде әйтеуір асфальтталды-ау. Сөйтіп осыдан екі жыл бұрын байырғысы бар, қазіргі тұрғындары бар, бәріміз бөркімізді аспанға атқандай қуанғанбыз.

    Бұрын жауын-шашында тобықтан шалшық кешіп жүріп байқамаппыз, көшеміз тақтайдай тегістеліп, айнадай жалтыраған соң әр жерден сойдиып-сойдиып бағаналар шыға келгендей болды. Кезінде ретсіз орнатылған электр және байланыс сымдарының бағаналары онсыз да тар көшені одан сайын қушитқандай, көзге қораш көрініп қалды. Қасынан өткенде жүргізушілер абайламаса, соғылып қалатындай. Соғып та жатыр, дәл біздің үйдің тұсындағы байланыс сымы тартылған қарағай бағананың төменгі темірбетон бөлігі опырылып, арматурасы жалаңаштанып қалған. Салмақты техника соққаны анық. Зақымдалған ондай бағаналар көше бойы кездеседі. Әсіресе Наурызбай батыр көшесімен қиылысар маңдағы «жолға шығып кеткен» ретсіз бағаналар қозғалысқа қатты кедергі келтіріп тұр. Қарама-қарсы бағытта келе жатқан көліктер сол тұста бірі аялдап, екіншісіне жол бермесе, қатар сыймайды.

    Ол аз десеңіз, енді Рысқұлов көшесінің бойында апандай шұқыр пайда болды. Қазылғаны көрініп тұр. «Елу жылда ел жаңа» демекші, жарты ғасыр бойы орталықтандырылған ауызсуы жоқ көшеге су құбыры тартылғанда, әр жерден қалдырылатын құдықтың бірі асфальт түскенде тереңде қалып қойған екен. Соның қақпағын аршу үшін асфальтты тізеден қопарып тастағандар бастаған ісін аяқтауды ұмытып кеткенге ұқсайды. Сол тұста тұратын Азиз Тасинұлы қазылғалы екі апта болғанын айтады. Көршілері Құрманақын аға, Нәсіп Жұмаев та кейістік білдіруде. Бұл әсіресе түнде қауіпті. Абайламаса, қатты келген көлік аударылып та қалуы мүмкін. Жолаушыларды сақтандыру үшін шұңқырға ағаш бұтағы тасталып, ақ, қызыл түсті белгі байланған. Бұл –  Рысқұлов көшесінің Бабажанов және Наурызбай батыр көшелері аралығында.

    Рысқұлов көшесі асфальтталғалы екі жыл өтті. Астында қалған су құбыры желісінің құдық қақпағы неге осы күнге дейін іздеп табылып, биіктетілмеген деген сұрақ туындайды. Бұған жауапты мекеме не дер екен? Іске жауапкершілікпен қараса мұндайға жол берілмес пе еді?

    Айтпақшы, Рысқұлов көшесі жөнделгенде мен тұратын тұйық бөлігі асфальтталмай қалған. Игіліктен қағылған он бір үй әкімдікке ұжымдық хат жазғанымен, өтінішіміз сол күйі орындалмады. Тұйықта тұратын көршілер жыл сайын ақша жинап тегістетіп, тас-құм төсеп келеміз. Ал жалпы алғанда, ауданда көшелер кезегімен жөнделіп жатыр. Жыл өткен сайын асфальтталған көшенің саны артып келеді. Оған тұрғындар риза. Бірақ арасында осындай әттеген-айлар «Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді» дегізеді.

    Серік САТЫБАЛДИЕВ,

    Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    Парламент зорлық-зомбылық жазасын күшейтуді ұсынды

    Парламент зорлық-зомбылық жазасын күшейтуді ұсынды

    1 year ago
    Рұқсатсыз сауда жасағандар жауапқа тартыллы

    Рұқсатсыз сауда жасағандар жауапқа тартыллы

    1 year ago
    Батысқа арнайы техникалар жөнелтілді

    Батысқа арнайы техникалар жөнелтілді

    1 year ago
    Мәжбүрлі шара болса көнеміз де…

    Мәжбүрлі шара болса көнеміз де…

    2 years ago
    Электр құрылғыларын пайдалану қағидалары және қауіпсіздік ережелерін сақтау

    Электр құрылғыларын пайдалану қағидалары және қауіпсіздік ережелерін сақтау

    2 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>