-13 °c
Qonaev
Friday, May 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    ТІЛТАНУДАН – ҰЛТТАНУҒА!

    26.04.2025
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    ТІЛТАНУДАН – ҰЛТТАНУҒА!
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

           Профессор Гүлдархан Смағұлованың есімі филология ғылымында, оның ішінде, қазақ фразеологиясы саласында ерекше орын алады. Ғылымдағы ғұмырын қазақтың фразеологиясымен байланыстырған ғалымның бұл биікке оңай келмегені анық.

    Ұстаз, ғалым Гүлдархан Нұрғазы­қызы талмай еңбек етіп, қазақ тіл білімінің, оның ішінде, қазақ тілінің фразеологиясы, қазақ лексикологиясы, мәтін лингвистикасы, шешендік сөздер дискурсы, когнитология, лингво­аксиология, тропология, дискур­соло­гия салаларының дамуына ерекше үлес қосты. Академик Ә.Қайдардың ізін жалғап, қазақ тілі фразео­ло­гизмдерін ұлттық-мəдени танымдық тұрғыдан зерттеді. Қазақ тіліндегі фразеологизмдердің ерек­шелігін зерттеуден бастаған ізденуші­нің қадамы ғалымды «Қазақ фразеол­гиясының бəйгеторысына» (Байынқол Қалиев) айналдырды.
    Ғалымның «Фразеологизмдер­дің варианттылығы», «Мағыналас фразео­ло­­гизмдердің ұлттық-мəдени аспектілері», «Фразеологиялық калькалар», «Фразеологизмдердің семантикалық категориялары» сияқты зерттеулері қазақ фразеологиясына қосылған сүбелі еңбектер қатарын толықтырды. Ғалым ұлттық дүние­танымның негізгі көзі қазақ фразео­ло­гиясында жатқандығына назар аударып, тұщымды ойлары мен тың идеяларын ғылыми ортаға ұсынды. Профессор Гүлдархан Смағұлова халық тіліндегі тұрақты сөз тіркестеріне этнос тұрғысынан баға берді, сипаттады, сол арқылы ұлттың ұлттық менталитетін, көзқарасын, дүниетанымын таныды. Қазақ халқы тіл байлығының кемел­дігін, ойлау дағдысының тереңдігін, шешендігін танытатын тұрақты сөз тіркестерінің танымдық ерекшелігін қазіргі тіл біліміндегі жаңа бағыттармен байланыстыра зерттеді. Ғалымның сүбелі ойлары «Қазақ фразеологиясы лингвистикалық парадиг­маларда» атты моног­рафияда жалғасын тапты.
    Ғалым бүгінгі тіл біліміндегі қазақ фразео­логиясының орны мен қызме­тін де терең зерттеп, ғылыми пайым жасай білген. Ғалым құрылымдық лингвистика парадиг­ма­сында фразе­оло­­гизмдер­дің құрамы мен құрылысын, жасалу жолын, яғни құрылымдық ерекшелік­терін зерттесе, қазіргі уақыт­та фразеологизмдерді тіл білімі­нің жаңа бағыт­тарына сəйкес, яғни антро­поөзектік парадигма талап­тары шеңберінде лингомəдени категория деп танып, когнитивтік бірлік ретінде қарастырды. Ғалым ізденісінде қазақ фразеологизмдері ұлттық-мəдени танымды айқындайтын тілдік таңбалар ретінде көрініс табады. Ғалым тұжырымдарында мəдени коннотациялардың бағалау қызметін атқаратындығы, қазақ фразео­логизмдерінің қазақ əлемі бейнесін қалыптастыратындығы дәйектеледі.
    Гүлдархан Нұрғазықызы өз саласын таңдауда адаспады. Өзінің сүйіп таңдаған тақырыбының қыр-сырын ұзақ жыл терең зерттеді, оны заман талабына сəйкес зерделеді, өзінің сара жолын сала білді. Ғалымның мағыналас фразеологизмдер, түр-түс атаулары, шет тілінен енген жаңа сөздер туралы сөздіктері қазақ лексикография саласының дамуына айтарлықтай үлес қосты. Ғалымның 350-ден астам ғылыми-танымдық және әдістемелік мақаласы мен екі монография, үш оқулық, 11 оқу құралы қалың көпшілікке ұсынылды. Гүлдархан Нұрғазықызы – тек республикаға ғана емес, алыс-жақын шетелге танымал ғалым. Бірнеше ғылыми мақалалары шетелдік ҚХР (Минзу), Испания (Гранада), Түркия (Анкара), Грекия, Франция сияқты елдердің мерзімдік ғылыми басылымдарында, халықаралық конференциялардың жинақтарында жарық көрді.
    Профессор Гүлдархан Нұрғазықызы 25 ғылым кандидаты мен 2 ғылым докторы, 5 философия докторын (PhD) дайындап, елімізге танымал ғылыми мектеп қалыптастырды. Заман талабына сəйкес зерттеу жүргізуді өз шəкірттеріне де тынбай үйретіп келеді. Ғалымның шəкірттері ұстаз салған ізбен республиканың барлық аймақтарында қазақ тіл білімінің дамуына өз үлестерін қосуда.
    Ғылым мен білім берудегі саналы ғұмырын профессор әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне арнады. Заманға сай білім берудегі, маман даярлаудағы сұранысқа қарай оқу үдерісіне профессор енгізген жаңа пәндер, электив курстары – ғылым мен білім жолына қосқан елеулі еңбектерінің көрінісі. Ұстаз ұсынған 16 электив курсы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология факультетінің бакалавриат, магистратура, докторантура білім беру бағдарламаларында жүргізіліп келеді. Гүлдархан Нұрғазықызы – əлі де қазақ тіл біліміне қосары көп әлеуетті ғалым.
    Бүгінгі таңда профессор зерделі зейінімен, қажыр-қайратымен ғылыми ортаның құрметіне бөленген. «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне – 80 жыл», «Ерен еңбегі үшін», «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» сияқты медаль-төсбелгілермен марапатталған. Бұдан бөлек, Қорқыт ата атындағы Алтын медаль иеленген. Ел үшін аянбай қызмет етуді басты парызы деп санайтын, ұлт мүддесін ойлайтын ардақты ұстазды мерейлі мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз! Мықты денсаулық, шығармашылық табыс тілейміз.

    Жайна СӘТКЕНОВА,
    Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың қауымдастырылған профессоры,
    филология ғылымдарының кандидаты
    Ләззат ӘЛІМТАЕВА,
    Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың доценті, филология ғылымдарының кандидаты

    Ұсынымдар

    Алматы облысында “Денсаулық фестиваліне” 600 адам қатысты

    Алматы облысында “Денсаулық фестиваліне” 600 адам қатысты

    2 years ago
    “Алатау арайының” журналисі “Ақпарат саласының үздігі” атанды

    “Алатау арайының” журналисі “Ақпарат саласының үздігі” атанды

    2 years ago
    Алматы облысында «Қазқұтқару-2023» халықаралық семинары басталды

    Алматы облысында «Қазқұтқару-2023» халықаралық семинары басталды

    2 years ago
    Әлеуметтік нысандар жұмысы басты назарда

    Әлеуметтік нысандар жұмысы басты назарда

    1 year ago
    “Мені ұлылардың рухы жебеп келеді”

    “Мені ұлылардың рухы жебеп келеді”

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>