-13 °c
Qonaev
Saturday, May 10, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Мәңгі өшпейтін тағылым

    Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің облыс тұрғындарын 9 мамыр - Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай құттықтады

    09.05.2025
    in Барлық жаңалықтар, Тарих
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    Ұлы Отан соғысының қымбатты ардагерлері!

    Құрметті облыс тұрғындары және қонақтар!

    Баршаңызды 9 мамыр – Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

    Бұл соғыста Кеңес одағының халқы үлкен батылдық пен төзімділіктің шынайы үлгісін көрсетті. Бұл соғыстағы Отан қорғаушылардың жасаған ерліктері тарихта мәңгілік қалады. Себебі, ерлік – мәңгі өшпейтін тағылым! Бұл соғыс адамзат тарихындағы ең бір қанқұйлы соғыс болды. Жеңіс жолында миллиондаған адам құрбан болды, жеңісті біз әкелеріміз бен аталарымыздың өмірімен өтедік. Сондықтан да, Жеңісті жақындатуда майданда да, тылда да жанқиярлықпен күреске түскендердің барлығы айрықша құрметке ие, соғыста қаза тапқандардың рухына тағзым етеміз.

    Біз әрқашан Жеңіс күнін аға буынның Отанға деген шексіз сүйіспеншілігінің, жастарды ерлік пен патриотизм рухында тәрбиелеудің өлшеусіз өнегесі деп білеміз. Басқыншыларға қарсы тойтарыс беруде Кеңес әскерлерінің құрамында 1 миллион 366 мың қазақстандық болды. Өкініштісі, жыл сайын ардагерлеріміздің қатары сиреп, азая түсуде. Биылғы Жеңіс мерекесін облыс бойынша 5 соғыс ардагері қарсы алуда.

    Жеңістің арқасында бiздiң аспанымыз ашық болып, тыныштықта бейбiт өмiр сүрiп, алаңсыз еңбек етiп келемiз. Әкімдік тарапынан ардагерлерді моральдық, әлеуметтік және материалдық тұрғыда көтермелеуге әрқашан қолдау бар. Алматы облысында Жеңістің 80 жылдығына орай 5 ардагерге 5 миллион теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді. Сонымен қатар, арнайы акциялар аясында Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне тұрмыстық, медициналық  көмектер те ұйымдастырылуда.

    Құрметті соғыс және еңбек ардагерлері!

    Жеңіс мерекесі – жеңімпаз әкелер мен аға буынның және сол ағалар ісін алға апаратын жас буынның мерекесі. Сіздер қорғаған бейбіт өміріміздің аясында егемен еліміздің мәртебесі жоғары, мерейі үстем болсын! Ұлы мереке құтты болсын!

    Құрметпен,

    Алматы облысының әкімі

    Марат СҰЛТАНҒАЗИЕВ

    Ұсынымдар

    Зорлық-зомбылықсыз келешек

    Зорлық-зомбылықсыз келешек

    1 year ago
    Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының финалына шықты

    Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының финалына шықты

    9 months ago
    Мемлекет басшысы Қонаев қаласының Бас жоспарымен танысты

    Мемлекет басшысы Қонаев қаласының Бас жоспарымен танысты

    2 years ago
    Алматы облысында бәйгеден жарыс өтеді

    Алматы облысында бәйгеден жарыс өтеді

    2 years ago
    Шаруашылық қадамы ширақ

    Шаруашылық қадамы ширақ

    6 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>