-13 °c
Qonaev
Wednesday, July 2, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Бизнес идеяларға арналған грантқа өтініш беру басталады

    12.05.2025
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Кәсіпкерлік
    Бизнес идеяларға арналған грантқа өтініш беру басталады

    Фото: gov.kz

    0
    SHARES
    2
    VIEWS

    21 мамырдан бастап 1-лек бойынша жаңа бизнес идеяларды іске асыруға грант алуға өтініштер қабылданады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

    Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметінше, республика бойынша бірінші лекте 4 500 адамға грант беру жоспарланып отыр. Өтініш Business.enbek.kz порталында қабылданады.

    Гранттар қайтарымсыз негізде беріледі, негізгі мақсаты – жаңа бизнесті бастау және дамыту. Гранттың мөлшері – 400 АЕК (1 572 800 тенге). Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады.

    “Грант ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге бизнес әлеуетін арттыруға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді”, – деп жазылған хабарламада.

    Өтініш беру шарттары
    • Порталда тіркелу;
    • грант алу шарттарына сәйкес тексерістен өту;
    • бизнес жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға енгізу;
    • өтініш нысанын толтыру және ЭЦҚ кілтімен қол қою.

    Интернет немесе компьютер болмаса, мансап орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында өтініш беруге болады.

    Грантты кімдер ала алады?
    • тіркелген жұмыссыздар;
    • жеке кәсіпкерлер (тіркеу мерзімі 3 жылға дейін).

    Бұл ретте үміткер мына әлеуметтік санаттардың бірінен болу керек:

    • мүгедектігі бар адамдар;
    • қолданыстағы “қандас” мәртебесі бар адамдар;
    • өңіраралық қоныс аударушылар
    • аз қамтылған отбасы мүшелері;
    • көпбалалы отбасы мүшесі (жұбайы/зайыбы);
    • мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адам (жұбайы/зайыбы);
    • асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар.

    Үміткердің “Бастау Бизнес” жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқығаны туралы, 3 жылдан аспайтын мерзімде берілген сертификаты болуы тиіс.

    Грантты қайда жұмсауға болады?

    Грантпен қажет құрал-саймандарды, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықтарды, мал, жануарларды, құстарды, көшеттерді, бұталарды, тұқымдарды сатып алуға, орын-жайларды жалға алу ақысын төлеуге алуға болады.

    Грант кредитті өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнім өндіруге берілмейді.

    Грант қалай беріледі?

    Гранттарды Еңбек мобильділігі орталықтары грант алуға үміткерлердің өтініштерін қарайтын аудандық/қалалық комиссияның шешімі негізінде береді.

    Үміткерлер өз бизнес жобасын комиссия отырыстарында таныстырады. Бұл ретте комиссияның әрбір мүшесі бизнес жоспарды бағалайды және бағалау парағын мынадай өлшемшарттар бойынша толтырады: бизнес идеяның бәсекеге қабілеттілігі, өткізу нарықтарының пысықталуы, бизнес жобаның қаржылық өміршеңдігі, кәсіпкерлік дағдылардың деңгейі, жаңа жұмыс орындарын құру.

    Комиссия шешімі үміткердің порталдағы жеке кабинетіне жіберіледі. Комиссияның оң шешімі болған жағдайда үміткер банк деректерін ұсынады, шартқа қол қояды және одан әрі тоқсан сайын қаражаттың пайдаланылуы туралы есеп береді.

    Ұсынымдар

    Жемқорлықты жою – ортақ міндет

    Жемқорлықты жою – ортақ міндет

    1 year ago
    Елдімекен атаулары өзгерді

    Елдімекен атаулары өзгерді

    1 year ago
    Сүлейлердің сарқыты

    Сүлейлердің сарқыты

    1 year ago
    Тіл тұғыры  отбасынан басталады

    Өз елінде өгейдің күйін кешкен

    2 months ago
    Президент қазақстандықтарды Отбасы күніне орай құттықтады

    Президент қазақстандықтарды Отбасы күніне орай құттықтады

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>