-13 °c
Qonaev
Wednesday, July 2, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Желдей ескен жүйріктер

    14.05.2025
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Мереке, Спорт
    Желдей ескен жүйріктер
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

    Талғар ауданында Жеңістің 80 жылдығына орай ұлттық ат спорты түрлерінің ұмытылмас мерекесі өтті. Дүбірлі додада Алматы, Жамбыл және Жетісу облыстарынан 90-нан астам шабандоз қатысты. Нұра ауылында орналасқан атшабар тұяғымен жер тарпыған тұлпарлар жиналған орынға айналды.

    Жарыс қатысушыларын Талғар ауданы әкімдігінің, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілдері, құрметті қонақтар құттықтады. Олар Алматы облысында ұлттық ат спорты түрлерін дамытуға ерекше мән беріліп отырғанын айрықша атап өтті. Жауапты лауазым иелерінің айтуынша, жылдан-жылға материалдық база кеңейіп, жан-жақты нығайтылып жатыр. Сонымен бірге ат спорты бойынша түрлі облыстық және республикалық жарыстар ұйымдастырылып, тұрақты түрде өткізіліп келеді.

    – Мұндай жарыстар патриотизмді насихаттайды, қазақ халқының ұлттық дәстүрлерін сақтауға және жалғастыруға, оның бай мәдениетін сезінуге мүмкіндік береді. Ат спорты түрлері ежелден халық арасында жоғары мәртебеге ие, – деді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Рахман Шахарбек.

    Аталған жарыс халықаралық сайыстарға қатысатын үздік спортшыларды анықтауға да септігін тигізеді.

    – Біздің парызымыз – ұлттық спортты дамыту және ілгерілету. Бұл турнир ұлттық спорт түрлерінің дамуына жаңа серпін беріп, әуесқойлар арасында үлкен қызығушылық тудыратынына сенімдімін, – деп атап өтті Талғар аудандық «Бәйге» федерациясының президенті Серік Қазыбеков.

    Шабандоздар 21 шақырым қашықтықтағы «Аламан бәйге» және 9 шақырым қашықтықтағы «Құнан бәйге» бойынша сайысқа түсті. Жарыс басталғанда тұрған орындарынан ырғи секіріп, жүйтки жөнелген тұлпарлар  жиналған жұртқа күрестің тартымдылығы мен табандылығы жағынан таңғажайып көрініс сыйлады.

    Жарыс қорытындысы бойынша «Аламан бәйгеде»  Балқаш ауданының шабандозы Төлеген Асылжан тізгіндеген «Қарақат» атты тұлпар бірінші болып келді. «Құнан бәйге» жарысы да өте тартысты әрі қызықты өтті. Бұл аталымда шабандоз Санжар Иринат шапқан «Жаужүрек» атты тұлпар мәре сызығына бірінші кесті.

    Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубок, медаль, грамота және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

    Құтмағамбет ҚОНЫСБАЙ

    Талғар ауданы

    Ұсынымдар

    Ермахан Ыбрайымов: «Мен АЭС-ті қолдаймын!»

    Ермахан Ыбрайымов: «Мен АЭС-ті қолдаймын!»

    9 months ago
    Алматы облысында ұлттық және ат спорты түрлерінен чемпионат басталды

    Алматы облысында ұлттық және ат спорты түрлерінен чемпионат басталды

    2 years ago
    Алтынбек есімі ардақталды

    Алтынбек есімі ардақталды

    2 years ago
    Балаңызды бақылайсыз ба?

    Балаңызды бақылайсыз ба?

    1 year ago
    Мемлекет басшысы Қонаев қаласының Бас жоспарымен танысты

    Мемлекет басшысы Қонаев қаласының Бас жоспарымен танысты

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.