-13 °c
Qonaev
Wednesday, May 21, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Заманауи кешен бой көтеруде

    19.05.2025
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Кәсіпкерлік
    Заманауи кешен бой көтеруде
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

    Алдағы жылы Қарасай ауданының орталығы Қаскелең қаласында жалпы аумағы төрт гектарды құрайтын «Karasay Plaza» атты заманауи сауда-ойын-сауық кешені өз есігін ашатын болады. Аталмыш кешен аудан тұрғындарын заманауи сауда және демалыс орнымен қамтасыз етіп қана қоймай, 300-ге жуық адамның тұрақты жұмыспен қамтылуына мүмкіндік ашады.

    Кешен құрылысы 2023 жылы жалпы құны төрт млрд теңгені құраған ірі жоба ретінде бастау алған еді. Алайда көп уақыт өтпей жатып құрылыс жұмысы бәсендеп қалған. Инвестор Олжас Каримовтың айтуынша, оның өз себебі бар, яғни бұл нысанның құжаты бойынша мәселелер туындаған. Анығырақ айтқанда, ғимараттың эскиздік жобасы Қарасай ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі тарапынан «түзетулерді қажет етеді» деген желеумен бірнеше мәрте мақұлданбаған.

    – Жобаны іске асыра бастағанда бізді аудан әкімі Жасұлан Естенов бірден қолдап, қызметкерлеріне барынша көмек көрсетуді тапсырған еді. Аудан басшысының мақұлдауымен құрылыс жұмысын бастадық.

    Бастапқы кезеңінде жалпы аумағы төрт га жер телімінің бір бөлігіне бүгінде 100-ге жуық адамды жұмыспен қамтып отырған мейрамхана мен жалға беруге арналған бірнеше қабатты жеке нысан тұрғызылды. Бірақ сауда орталығының құрылысына келгенде бірқатар мәселеге тап болдық. Бұған қоса нысанның жобасы бастапқыда келісілгендей жарты жыл емес, бір жыл жасалғандықтан құрылыс қарқыны біраз бәсеңдеп қалды, – деді кәсіпкер О. Каримов.

    Құжаттарға байланысты мәселе біраз уақытқа созылып кеткендіктен кәсіпкер облыстық әкімдікке жүгініп, көмек сұрауға мәжбүр болған.

    – Облыс басшысы өтінішімізді назардан тыс қалдырмай, бірден бұл мәселені шешуге қолдауын көрсетті. Соның арқасында құжат ісі тез шешіліп, 2024 жылдың желтоқсан айында құрылыс жұмысы жандана түсті. Осы тұста облыс басшысы Марат Сұлтанғазиевке ерекше алғысымды білдіргім келеді.

    Қазірдің өзінде аптасына кем дегенде бір рет бізге облыстан мамандар хабарласып, жүріп жатқан жұмыс барысын қадағалап, қолдауларын көрсетуде, – дейді инвестор.

    Үш қабаттан тұратын нысанның құрылыс қарқыны көз қуантарлықтай. Қазіргі уақытта ұзындығы 8 метрлік қазаншұңқыр жұмысы аяқталып, ғимараттың монолит қатты тақтадан жасалған іргетасы тұрғызылуда. Каримовтың айтуынша, ғимарат бір-бірінен тәуелсіз 8 блоктан тұрады. Жалпы ауданы – 23 мың шаршы метр. Кешеннің ішінде 100 адамға арналған екі залы бар кинотеатр, боулинг орталығы, тез тамақтануға арналған орындар, отандық және шетелдік бренд тауар өндірушілері ұсынған өнімдерге арналған сауда нүктелері, тұрмыстық техникалар сататын дүкендер орналастырылады. Сондай-ақ кішкентай балаларға арналған ойын орталықтары да болады.

    Жоба бойынша сауда-ойын-сауық кешені толықтай инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етіліп, аумағы абаттандырылады. Сонымен қатар, нысанның аумағына қала тұрғындары мен қонақтарының қыдырып және демалып жүруіне арналған саябақ та салынады. 400-ге жуық көлікке арналған автотұрақ, балаларға арналған спорт алаңдары да қарастырылады.

    «Karasay Plaza» көпфункционалды сауда-ойын-сауық кешенінің құрылысы 2025 жылы аяқталып, 2026 жылы қолданысқа беріледі деп жоспарлануда.

    Олжас Каримовтың мәлімдеуінше, алдағы уақытта кешен аумағына «Қонаев» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының» қолдауымен шағын индустриялық аймақ салу да жоспарда бар. Жақын маңда тұрып жатқан тұрғындарға кедергі келтірмеу үшін индустриялық аймақта тек экологиялық таза өндіріс жүргізілмек. Яғни мұнда түйе, ешкі және бие сүтін өңдейтін, сондай-ақ жақсы ұйқы мен сау жүйке жүйесінің үйлесімді жұмысына көмектесетін мелатонин гормонын өндіретін кәсіпорындар ашылатын болады. Бүгінде құрылыс жұмысымен қатар осыған байланысты жаңа жоба әзірленуде. Индустриялық аймақ өз жұмысын бастаған сәтте 200-ге жуық жергілікті азамат тұрақты жұмыспен қамтылмақ.

    – «Karasay Plaza» сауда-ойын-сауық кешені заманауи тенденцияларды ескере отырып, жобаланған және орналасқан қала аумағы инфрақұрылым жүйелерімен толық қамтылып, аудан тұрғындарына тиімді, қолжетімді әрі сапалы қызмет көрсетеді. Ең бастысы, біз «Karasay Plazaны» адамдардың күйбең тіршіліктен бір сәт босап, көңіл көтере алатындай жақсы демалыс орнына айналуына бар күшімізді салып жатырмыз, – деді Олжас Каримов.

    Алдағы уақытта «Karasay Plaza» сауда-ойын-сауық кешені Қаскелең қаласына көрік қосып, аудандағы ең ірі сауда орталығы боларына сенім зор.

    Ақтоты МЫРЗАБЕКҚЫЗЫ

    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Тәрбие – тал бесіктен

    Рухани құндылық – тәрбие өзегі

    11 months ago
    Облыста діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр

    Облыста діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр

    2 years ago
    Әбілхан Қастеев Шалкөде жайлауын қалай бейнеледі?

    Әбілхан Қастеев Шалкөде жайлауын қалай бейнеледі?

    2 years ago
    Кеген мен Райымбек аудандарына газ құбырын тарту құжаттары әзірленіп жатыр

    Әкім: Еңбекшіқазақ ауданында 54 елдімекен 5 жылда газға қосылады

    2 years ago
    Ғылым мен инновация – ұлттық прогрестің тірегі

    Ғылым мен инновация – ұлттық прогрестің тірегі

    1 month ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>