-13 °c
Qonaev
Wednesday, May 21, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    «Жедел жәрдем» көлігін сыйға тартты

    19.05.2025
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Денсаулық, Кәсіпкерлік
    «Жедел жәрдем» көлігін сыйға тартты
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

    Жылдам дайындалатын кеспе өндіруде көшбасшы саналатын «Маревен Фуд Тянь-Шань» сауда-өндірістік компаниясы ел нарығына қадам басуының он жылдығына орай облыс дәрігерлеріне В кластағы 10 «Жедел жәрдем» көлігін сыйға тартты. Автомобиль алғашқы реанимациялық іс-қимыл мен дәрігерлік көмек көрсетуге, науқастарды емдеу мекемесіне жайлы тасымалдауға қажетті заттармен жабдықталған.

    Автомобиль кілтін табыстау шарасы Ынтымақ ауылындағы дәрігерлік амбулатория аумағында өтті. Оған облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов пен «Маревен Фуд Тянь-Шань» компаниясының бас директоры Сергей Попов, медицина саласының  өкілдері қатысты.

    Шара барысында сөз алған басқарма басшысы Ержан Әбілқасымұлы кәсіпорын аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосып келе жатқанын атап өтті.

    –  «Маревен Фуд Тянь-Шань» компаниясы ел игілігіне қызмет етіп келеді. Олар өткен жылы да Алатау қаласының әкімдігіне «Жедел жәрдем» көліктерін сыйға тартқан еді. Биыл атаулы күнге орай сол игі дәстүрді  жалғап отыр. Бұл өзге кәсіпорындар үлгі алатын керемет бастама. Мен аймақтағы денсаулық сақтау қызметкерлері атынан компания басшылығына айырықша алғыс айтамын, – деді басқарма басшысы Ержан Сүлейменов.

    Келесі қадамда «Маревен Фуд Тянь-Шань» сауда-өндірістік компаниясының ел экомикасы үшін еңбек ете бастағанының он жылдығына орай БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз конференциясы ұйымдастырылды. «Роллтон», «Big Bon» және «Петра» брендтерімен жылдам дайындалатын макарон өнімдерін өндіретін кәсіпорын 4,5 гектар аумақты алып жатыр. Бүгінде аталған кәсіпорын еліміздегі ең үздік азық-түлік өндірушілерінің бірі  саналады.

    – Біздің компания 10 жылдан бері нақты стратегиялық жоспар негізінде үздіксіз дамып келеді. Қазір өнімдеріміздің 50 пайызға  жуығын шетелдік нарыққа шығарамыз. Біздің өнімдер әлемдік нарық талабына сай болғандықтан сұраныс күннен-күнге артып келеді. Компания осы аралықта өндірісін өркендетуге 35 миллиард теңгеден астам инвестиция салды. Алда тағы жаңа өндірістік желілер ашуға 21 миллиард теңге инвестиция салуды жоспарлап отыр. Он жылда біздің компанияның тауар айналымы 8 есеге жуық артты. Бізде өнімнің 120-дан астам түрі бар. Өткен жылы компания нарыққа 12 жаңа өнім шығарды. Олардың ішінде тез дайындалатын кеспе мен макарон өнімдерінен өзге, жеміс шырындары мен энергетикалық сусындар, сондай-ақ дәмдеуіштер бар, – деді  кәсіпорын басшысы Сергей Попов.

    Кәсіпорын өкілдерінің сөзінше, компанияда 670-тен астам қызметкер жұмыс істейді, олардың 95 пайызы жақын маңдағы елдімекендердің тұрғындары. Аталған компания облыстағы халықтың әлеуметтік осал тобына үнемі қайырымдылық  жасап келеді.

    Шара соңында қатысушылар «Маревен Фуд Тянь-Шань» ЖШС-нің өндірістік желісін аралады. Аталған кәсіпорынға Германия, Швейцария, Испания, Жапонияның жаңа заманауи желілері орнатылған. Бүгінде 7 желі кезең-кезеңімен іске қосылған. Өнім өндіруде көбінде отандық шикізатқа басымдық беріледі. Барлық өндіріс барысы қатаң қадағаланып, өнімдер түрлі зертханалық тексерістен өтіп, қоймаға жөнелтіледі. Заманауи өндіріс желісінде білікті мамандар қызмет етеді. Биік белесті бағындырған кәсіпорынның алар асуына сеніп қайттық. Алда «Қазақстанда жасалған» өнімдердің әлем нарығынан ойып орын алары сөзсіз.

    Ерзат АСЫЛ

    Ұсынымдар

    Қонаев аспанын күй тербеді

    Қонаев аспанын күй тербеді

    11 months ago
    Бейбіт күннің батырлары

    Бейбіт күннің батырлары

    1 year ago
    Президент: 5G мерзімінен бұрын енгізілуі тиіс

    Президент: 5G мерзімінен бұрын енгізілуі тиіс

    2 years ago
    “Алтын адам” маңы абаттандырылды

    “Алтын адам” маңы абаттандырылды

    1 year ago
    Жауапкершілік жүктелді

    Жауапкершілік жүктелді

    7 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>