-13 °c
Qonaev
Wednesday, May 21, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Балаларым жолымды қуса…

    19.05.2025
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар
    Балаларым жолымды қуса…
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

             Мен көпжылдық тарихы бар «Талғар-су» кәсіпорнында тракторшы-экскаваторшы болып істеймін. Жастық шағымнан бастап, бірінші санатты маман ретінде қалыптасу кезеңімнің бәрі осы мекемеде өтті. Сондықтан да болар қазір мені бұл ұжымдағы үлкен-кішінің бәрі біледі, ұзақ жылғы еңбегімді, тәжірибемді бағалап, құрметтейді.

    Тракторшы мамандығына 10 жасымда қызықтым. Мектепте «Механизаторлық іс» пәнін оқыған кезде алғаш рет трактордың руліне отырдым. Кейін шағын жүк көлігінен бастап, «КамАЗ»-ға дейінгі ауыр техниканың барлық түрін жүргізуді үйрендім. Бұл менің болашақ мамандығымды таңдауыма ықпал етті. Мектепті бітірмей тұрып-ақ болашақта механизатор боламын деп шештім. Ата-анам да қарсы болған жоқ, «өзің шынымен қаласаң болды» деді.

    Қазіргі кезде мен экскаваторшы-машиниспін. Бүгінгі күні бұл сұранысқа ие кәсіп. Оған бұл істі жақсы меңгерген тәжірибелі мамандардың аздығы себеп болуда.

    Бір кездері мен Алматы қаласында қоғамдық көлік саласында жұмыс істеп, шағын автобус жүргіздім, бірақ оған көңілім толмады. Сөйтіп, ауыр техникамен жұмыс істеуге кірістім. Біздің кәсіпорын жақында өз қаражатына  шетелдік «CASE» фирмасының 2 жаңа тракторын сатып алды. Мен оны қалай жүргізу қажеттігін лезде меңгеріп алдым. Экскаваторшы-машинист қандай жұмыспен айналысады десеңіз, оның міндетіне топырақпен жұмыс істеу, үйінділер тұрғызу, арықтарды, қазаншұңқырларды, іргетас астындағы алаңдарды, орларды қазу, сондай-ақ қыста аулаларды қоқыс пен қардан тазарту кіреді. Ұзақ жылдық тәжірибемнің арқасында мен бұл жұмысты нәтижелі атқарып келемін.  Мекеме басшылығы еңбегімді жоғары бағалап, бірнеше рет Алғыс хатпен марапаттады, ақшалай  сыйлық та табыстады.

    Еңбектің әділ бағалануы адамды одан да жақсы жұмыс істеуге құлшындыра түседі. Сеніп тапсырылған техника тез сынып, тоқтап қалмауы үшін оны күтіп ұстап, уақытылы тексеріп, майлап, техникалық қызмет көрсетіп тұруға ынталандырады. Өйткені ол – сенің күнделікті жұмыс істеп, табыс тауып, бала-шағаңды асырап отырған құрал. Жұмыстан бос кезімде жастарға техниканы қалай басқарып, жөндеу қажеттігін үйретемін. Өзімнің де бес балам бар, олардың әке жолын қуып механизатор болғанын, ең бастысы еңбексүйгіш, өз Отанының лайықты азаматтары болып өскенін қалаймын.

    Ерболат АХМЕТОВ, «Талғар-су» кәсіпорнының экскаваторшы-машинисі

    Талғар қаласы  

    Ұсынымдар

    Алматы облысында «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы өтіп жатыр

    Алматы облысында «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы өтіп жатыр

    1 year ago
    АПАТТЫҢ АЛДЫН АЛАДЫ

    АПАТТЫҢ АЛДЫН АЛАДЫ

    10 months ago
    Сүт өндіру еселейді

    Сүт өндіру еселейді

    1 year ago
    Мектеп – мейірім мекені

    Мектеп – мейірім мекені

    9 months ago
    Жастармен жүздесу

    Жастармен жүздесу

    8 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>