-13 °c
Qonaev
Wednesday, May 21, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жастар ел басқару ісіне тартылады 

    19.05.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мемлекеттік қызмет
    Жастар ел басқару ісіне тартылады 
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

          Биыл  Президенттік жастар кадр резервіне  кезекті  іріктеуіне  ниетті   кандидаттардың құжаттарын қабылдау 1 маусымнан бастап бір ай уақыт аралығында арнайы ақпараттық жүйеде онлайн режимде жүзеге асырылады. Бұл туралы баспасөз-мәслихатында Қазақста Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша  департаментінің басшысы Нұрсұлтан  Сейдалиев  айтты.

    Төртінші іріктеудің ерекшелігі – әр бағыт бойынша кандидаттардың біркелкі санын қамтамасыз ету мақсатында әрбір кезеңде пропорционалды іріктеу өткізу. Яғни, резервтің әр салалық бағыты бойынша квоталар қарастырылып, іріктеу сол салалық бағыт бойынша ғана жүргізілетін болады.

    Нұрсұлтан Ақылбекұлының айтуына қарағанда, кандидаттарға қойылатын жалпы талаптар бұған дейін өткізілген іріктеудің талаптары сияқты, яғни, кандидаттардың жасы 35-тен аспауы, жоғары білімінің, бес жылдан кем емес еңбек өтілінің және қазақ тілін меңгеруі В1 деңгейінен төмен емес болуы туралы талаптар сақталатын болады. Іріктеуге қатысуға Президент тағайындаған  адамдар, саяси қызметшілер, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері, Президенттік жастар кадр резервінде тұрған адамдар жіберілмейді.

    – Іріктеу Президент Жарлығымен бекітілген ережелерге сәйкес 6 кезеңнен тұрады және маусым – қазан айларында өткізіледі. Әр кезеңге нақтырақ тоқталып өтсем. Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау кезеңінде Талаптарға сәйкес келетін барлық кандидаттар мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалаудан өтеді. Бұл ретте сандық тестілеуге әр салалық бағыт бойынша ең көп балл жинаған кандидаттардың 50 пайызы  жіберіледі. Ситуациялық тапсырмаларды шешу кезеңінде    кандидаттардың таңдаған салалық бағыттарына байланысты нақты проблемаларды шешу бойынша ұсыныстарын бағалауға бағытталған. Бұл кезең онлайн режимде эссе жазу форматында өтеді. Ал соңғы кезеңдерде үміткерлер сарапшылық комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша Ұлттық комиссия отырысына 100-ден аспайтын кандидаттар тізімі ұсынылады. Резервке үздік 50 кандидатты қабылдау үшін Ұлттық комиссияның отырысын қазан айының 25 күніне дейін өткізіп, қазан айының соңына дейін шешім шығару жоспарлануда. Қашанда мемлекеттік аппаратқа білімді, еңбекқор, отанға қызмет етуді өзіне парыз санайтын жастар қажет, – дейді Нұрсұлтан  Сейдалиев.

    Ерзат АСЫЛ

    Ұсынымдар

    Алатаудың алмасы “ауырып” тұр

    Алатаудың алмасы “ауырып” тұр

    11 months ago
    «Алматы облысының цифрлық көшірмесі» жобасы үздік деп танылды

    «Алматы облысының цифрлық көшірмесі» жобасы үздік деп танылды

    2 years ago
    Ұлттың күретамыры

    Ұлттың күретамыры

    9 months ago
    Азияны мойындатты

    Азияны мойындатты

    11 months ago
    Туризм – табыстың қайнар көзі

    Туризм – табыстың қайнар көзі

    10 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>