-13 °c
Qonaev
Tuesday, June 3, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Алматы облысында антиретровирустық емдеудің тиімділігі 90 пайызға жетті

    22.05.2025
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Денсаулық
    Алматы облысында антиретровирустық емдеудің тиімділігі 90 пайызға жетті
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    АИТВ-инфекциясы өршіп тұр. Ресми деректерге сүйенсек, былтыр әлемде дәл осы дертті жұқтырғандар саны 39,9 млн адамға жеткен. Ең өкініштісі, 630 мың адам ЖИТС-тен қайтыс болған. Ал, Алматы облысында жыл басынан бері АИТВ-инфекциясының 102 жаңа жағдайы анықталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды.

    Мамандар статистикалық көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 9,7 пайызға азайғанын алға тартады. Тек кешенді ем-дом шараларының арқасында оң нәтижиеге қол жеткізілген.

    «Облыста соңғы бес жылда АИТВ жұқтырған адамдарды антиретровирустық емдеумен (АРТ) қамту 2020 жылғы 70%-дан 2025 жылы 90%-ға дейін артты. Бұл – індетпен күресу бойынша жұмыс сапасының маңызды көрсеткіштерінің бірі. Яғни оң динамика жаңа жағдайлардың азаюы байқалады», – дейді ШЖҚ «ККМУ» МКК медициналық қызметтердің сапасын бақылау жөніндегі директордың орынбасары Гүлмира Жақанова.
    Бүгінгі таңда аймақта АИТВ-инфекциясымен диспансерлік тіркеуде тұрған 2500 науқас бар.
    Мамандардың айтуынша, АИТВ-мен өмір сүретін балалар мен жүкті әйелдер ерекше бақылауда болады. Жүктіліктің алғашқы скринингінен бастап жүкті әйелді ЖИТС орталығының гинекологы мен тіркелген алғашқы медициналық-санитариялық көмек (АМСК) маманы бірлесіп бақылайды екен.

    «Жүктілік барысы АИТВ-теріс мәртебесі бар әйелдерге қарағанда айтарлықтай ерекшеленбейді. Жыл сайын АИТВ-инфекциясы анықталған аналардан 95% және одан жоғары антиретровирустық терапияға (АРТ) бейілділік жағдайында туған шамамен 40 сау бала тіркеледі», – дейді «Алматы облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» ШЖҚ КМК инвекционист дәрігері Саниям Махмутова.

    Ұсынымдар

    Қымбат ота МӘМС есебінен жасалды

    Қымбат ота МӘМС есебінен жасалды

    11 months ago
    Көптен күткен қуаныш

    Көптен күткен қуаныш

    6 months ago
    Биыл Алматы облысында Наурыз қалай атап өтіледі?

    Биыл Алматы облысында Наурыз қалай атап өтіледі?

    3 months ago
    Қарасай ауданында өндіріс көлемі 360 млрд теңгеге жетті

    Қарасай ауданында өндіріс көлемі 360 млрд теңгеге жетті

    9 months ago
    “Жолан жүйрігі” ат бәйгесі мәресіне жетті

    “Жолан жүйрігі” ат бәйгесі мәресіне жетті

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>