-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Сапаға көңіл бөлінуде

    23.05.2025
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    Сапаға көңіл бөлінуде
    0
    SHARES
    9
    VIEWS

    Сынаптай сырғыған уақыт тағы бір оқу жылын тарих еншісіне қалдырды. Осы орайда Қонаев қалалық Қасым Қайсенов атындағы №4 орта мектепте атқарылған ілкімді істер мен қол жеткен  жетістіктерге тоқталар кетпекпіз. Қай салада да жұмыстың нәтижесі сапамен өлшенеді. Биыл  білім сапасы 67,4 пайызды құрады. Былтыр бұл көрсеткіш 61,7 пайыз болған. Мектеп бітіруші түлектер арасында 1 оқушы «Алтын белгі» иегері атанудан үмітті болса, 11 түлек «Үздік аттестатқа» ұсынылды. Сондай-ақ 9-сыныпты аяқтаған 15 оқушы «Үздік аттестатқа» үміткер болып отыр.

    Оқушы жетістігінің бірден-бір көрінісі түрлі байқауларға қатысып жүлделі орындарды иелену десек, бұл тұрғыда мектептің дарынды оқушылары ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге жетуде. Солардың бірқатарына тоқталар болсақ, «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасында азербайжан этносының өкілі Ясмина Абибова топ жарып, Сүлеймен Демирел университетінің грантын жеңіп алды. Облыс абыройын асқақтатқан мектеп түлегінің жетекшісі – Әйгерім Байшағырова. Сонымен бірге жалпы білім беретін пәндер бойынша орыс тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпадада Елена Харинаның жетекшілігімен 11-сынып оқушысы Ксения Радионова екінші орынды иеленді. Жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық олимпиадада Баян Мұратова, «Айбергенов әлемі» байқауында Атығай Әлихан мен Камила Асанқызы, халықаралық «COLDEN CROUN ASIA» байқауында Наргиз Сайфи жеңімпаз атанды. Сонымен қатар 30-дан астам оқушы түрлі білім додалары мен  байқаулардың жүлдегерлері қатарында болды.

    Ұжымдағы ұстаздар қауымы өздеріне жүктелген міндетке үлкен жауапкершілікпен қарауды басты бағыт етіп ұстануда. Анар Байғұланова, Фарида Төлепова, Жұлдыз Кабиева сынды директордың оқу ісі  орынбасарларының  білім сапасына сараптамасы барша әріптестеріне үлгі болуда. Әдістеме ісі жөніндегі орынбасарлар – Мөлдір Бекмұрзаева мен Әсел Ертаева әдістемелік жұмысты үнемі жетілдіріп, өскелең ұрпақтың білім деңгейін көтеруі мен шығармашылық белсендігін  нығайтуы жолында жемісті еңбек етіп келеді. Сондай-ақ Ардақ Төлегенова, Элмира Утембаева, Назерке Хасенова сынды директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында болашақ еліміздің уығы боп қадалатын бүгінгі жас ұрпақты адамгершілік қасиетке тәрбиелеу бағытында  игі бастамаларды жолға қоюда. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деген қағидаға сүйенген 10 педагог-зерттеуші, 24 педагог-сарапшы, 56 педагог- модератор, 17 магистр, 124 жоғары білімді, 5 орта кәсіптік білімді,  39 санаты жоқ  мұғалім   жас ұрпақты білім нәрімен сусындатуда.

    Мектепте әдістемелік бірлестіктер оқушылардың функцияналдық сауаттылығын қалыптастыру мен шығармашылық қабілетін дамыту бағытында жүйелі жұмыс жүргізуде. 2019 жылы  Қонаев қаласында тұңғыш рет «Жас полиция» сыныбы ашылды. Қазіргі кезде 10 сынып бар. Онда 137 оқушы әскери жетекшілерден тәлім алуда.  Сонымен бірге  «Жас мамандар» мектебінде тәлімгерлер  жас  мамандарға  әдістемелік  көмек  көрсетеді. Ата-аналар комитетінің  құрамына  жан-жақты ақпарат беріп, түсіндіре алатын азаматтардың кірулеріне мән берілуде. Сондай-ақ  қайта жасақталған қамқоршылық кеңес мүшелерінің де білім саласынан хабардар адамдардың болуына баса назар аударылды.

    Білім ордасы 2023 жылдың маусым айында күрделі жөндеуге жабылған еді. Мердігер компания жөндеу жұмысын сол жылдың желтоқсан айында бітіріп беруге уәде еткен. Өкінішке қарай, бүгінгі күнге жөндеу жұмысы  аяқталмады. Соның салдарынан өз білім ұясына орала алмаған 1-5 сынып оқушылары мен «Жас полиция» сыныптары қалалық қазақ орта-мектеп лицейде, 6-11 сынып оқушылары орта-мектеп гимназия ғимаратында білім алуға мәжбүр болып отыр.

    Гүлмира АМАНГЕЛДІ,

    Қонаев қалалық Қасым Қайсенов

    атындағы №4 орта мектептің директоры

     

    Ұсынымдар

    Қарияларға құрмет

    Қарияларға құрмет

    8 months ago
    Пайдаланылмайтын жерлерді қайтару: Алматы облысында 345,1 мың гектар жер «қайтарымға»  дайын

    Пайдаланылмайтын жерлерді қайтару: Алматы облысында 345,1 мың гектар жер «қайтарымға» дайын

    9 months ago
    Туристік поиция. Көрнекі сурет

    Облыста туризм полициясының жұмысы ұйымдастырылады

    2 years ago
    Қапшағайға былтыр миллионнан астам турист келді

    Қапшағай су қоймасының жағалауын абаттандыру басталды

    2 years ago
    Более 300 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в акции “Таза Казахстан”

    Более 300 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в акции “Таза Казахстан”

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.