⛅
-1°C
Қонаев
Бейсенбі, Қараша 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Мектебімді қимаймын

    24.05.2025
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    Мектебімді қимаймын
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

    Биыл Талғар қаласындағы Сәкен Сейфуллин атындағы №2 жалпы білім беретін мектебін бітіретін  160-қа жуық оқушының 20-сы  –  «Алтын белгі» үміткері. Өзім де соның бірімін.  Бұл –  мен  үшін үлкен мәртебе, 11 жылдық еңбек, табандылық пен төзімділіктің жемісі.

    Әр ұстаздың сабағы – өмірлік бағыт, әрбір ескертпесі – қамқорлықтың белгісі. 90 жылдық тарихы бар қара шаңырақтың басшысы Зәмзәгүл Мушрапилова – мұғалім, шәкірт, ата-ана үштігінің қаймағын бұзбай байланыстырып отырған, аяулы жан. Қолыма қалам ұстатып, әріп үйреткен алғашқы ұстазым Арай Дүйсебаева білім жолымның бастауы болып,  құлшынысымды оятты.  5-сыныптан жетекші болған Насихат Исаева болашағыма нық қадам жасатып,  жол көрсетті. Оның сыныптағы барлық шәкіртке екінші анадай қамқорлық танытып, әрбір ісіміздің оң, қадамымыздың сәтті болуы үшін жанын сала еңбектенгенін ешқашан ұмытпаймыз. Сонымен қатар түрлі деңгейдегі білім бәйгелеріне баптап қосып, бағыт-бағдар берген Насихат Исаева, Венера Мақсұтова, Гүлжан Мұқашева апайларға айтар алғысым шексіз. Олар бойымдағы бұғып жатқан қабілетімді ашуға  себепкер болып,   жүлделі орындарды иеленуіме  өлшеусіз үлес қосты.

    11 жыл білім нәрімен сусындаған алтын ұямен қоштасу сәті де келіп жетті. Бұл сөздерді жазу – мен үшін өте қиын.  Өйткені мектебімді қимаймын.  Мен үшін мектеп –  сабақ оқып,  емтихан тапсыратын орын емес,   екінші үйім, арманымның алғашқы алаңы, болашағымның іргетасы қаланған қасиетті мекен.   Онда  жүрегімнің бір бөлігін қалдырып бара жатқандай сезінемін. Партада отырып, өмірдің алғашқы сынақтарына төтеп беруді үйрендім. Мектеп қабырғасы мейірімімен өзіне баурады. Күлкімді, уайымымды, арманымды естіді. Оның терезесінен  болашаққа қарап ойға шомдым. Ұстаздарымның  дауысы, әр сабақтағы естелік, қоңырау кезіндегі достардың күлкісі, бәрі-бәрі жүрегімде жаңғырып тұр. Екінші үйімдей болған білім ордасынан  алыстаған сайын, оған деген сағыныш арта беретінін білемін. Сондықтан алтынұямды,  ұстаздарымды, онда өткен әрбір  сәтті қимаймын.

    Алдымда тұрған келесі үлкен қадам – халықаралық қатынастар мамандығын меңгеру. Елімнің атын әлемге танытатын, мемлекеттерді байланыстыратын, болашақ дипломат болу – басты арманым.

    Жұлдызай РЫСБЕК,

    С.Сейфуллин атындағы

    №2 жалпы білім беретін орта

    мектебінің 11-сынып оқушысы 

    Талғар ауданы

    Ұсынымдар

    Емханада пациенттердің құқығын кім қорғайды?

    Емханада пациенттердің құқығын кім қорғайды?

    8 months ago
    Бозкілемде белдесті

    Бозкілемде белдесті

    8 months ago
    Облыс тоғызқұмалақшылары әлем біріншілігінде топ жарды

    Облыс тоғызқұмалақшылары әлем біріншілігінде топ жарды

    2 years ago
    Жастардың басым көпшілігі әсіредіншілдікті, әсіреұлтшылдықты қолдамайды — Мемлекет басшысы

    Жастардың басым көпшілігі әсіредіншілдікті, әсіреұлтшылдықты қолдамайды — Мемлекет басшысы

    2 months ago
    Мықты қазақ

    Өлмейтін тек дана сөз

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>