-13 °c
Qonaev
Wednesday, June 25, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Қонаевта «AMANAT» партиясының республикалық мобильді қоғамдық қабылдауы өтті

    AMANAT партиясының қабылдауында 100-ден астам тұрғын өз мәселесін жеткізді

    18.06.2025
    in Барлық жаңалықтар, Партия
    Қонаевта «AMANAT» партиясының республикалық мобильді қоғамдық қабылдауы өтті
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

    Қабылдау қала тұрғындарына барынша ыңғайлы болуы үшін Халыққа қызмет көрсету орталығының жанында ұйымдастырылды. Азаматтармен кездесуге партия мүшелерімен қатар, облыстық басқармалар, құқық қорғау органдары, заңгерлер мен адвокаттар қатысты.

    Іс-шара барысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, инфрақұрылымның тозуы, жер телімін рәсімдеу, әлеуметтік көмек, құқықтық кеңес пен еңбек қатынастарына қатысты сұрақтар жиі қойылды. Кейбір азаматтар коммуналдық төлемдер мен үй салуға байланысты мәселелерін көтерсе, енді бірі алимент өндіріп алу, мұрагерлік және еңбек даулары бойынша заңгерлік кеңес алды.

    Қабылдауда көптен бері қоғамда талқыланып келе жатқан мәселелердің бірі – Ауған соғысына қатысқан азаматтардың әлеуметтік мәртебесі де сөз болды. Алматы облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қанат Молдабергенов бұл сұрақ бірнеше рет министрлікке жеткізілгенімен, нақты шешім қабылданбағанын атап өтті.

    «Ауған соғысына қатысқан ардагерлер 1995 жылғы заң бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген болатын. Бірақ 2010 жылдан бастап бұл мәртебеден айырылдық. Соның салдарынан медициналық көмек, тұрғын үй, қоғамдық көліктегі жеңілдіктер тоқтады. Біз мәртебемізді және тиісті әлеуметтік қолдауларды қайтаруды талап етеміз», – деді Қанат Молдабергенов.

    Бұл мәселеге қатысты партия өз ұстанымын білдірді. «AMANAT» партиясы Орталық аппаратының қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Әлия Садырбаева ардагерлер көтерген сұрақтың ел аумағындағы бірнеше өңірде қайталанып отырғанын айтып, оны Үкімет деңгейінде қарауға жол ашылатынын жеткізді.

    «Ардагер мәртебесіне қатысты ұсыныстар бірнеше өңірде жүйелі түрде көтерілу үстінде. Бұл – қоғам үшін маңызды мәселе. Сондықтан біз оны назардан тыс қалдырмаймыз. Мәжіліс депутаттарымен бірлесіп, Премьер-Министрдің орынбасарына дейін жеткізуге ниеттіміз. Бұл – азаматтардың үнін жоғары деңгейге жеткізудің нақты жолы», – деді Әлия Садырбаева.

    Қоғамдық қабылдауда тағы бір өзекті тақырып – балалардың әдеби тілден алыстауы және көркем әдебиетке қызығушылығының төмендеуі болды. Қала тұрғыны Абзал Нұсқабай бұл құбылыстың тек білім сапасына ғана емес, ұлттың мәдени негізіне де әсер ететінін айтып, нақты ұсыныстарын ортаға салды. Оның сөзінше, оқушылардың көпшілігі гаджетке тәуелді, ал көркем әдебиет оқу, жаттау және мазмұндау сияқты дағдылар мектепте жүйелі түрде қалыптаспаған.
    «Кезінде біз тоқсан сайын кемінде бір кітап оқып, шығармашылық есеп тапсыратынбыз. Жазда да, қыста да тақпақ жаттап, мәнерлеп сөйлеуге машықтандық. Бұл – тіл байлығымызға, есте сақтау қабілетімізге, ойлау жүйемізге үлкен әсер етті. Қазір мұндай тәжірибе жүйелі түрде жүргізілмейді», – деді ол.

    Абзал Нұсқабайдың пікірінше, әр сыныпта аптасына бір рет оқушылардан жаттаған тақпақтарын айту, демалысқа арнайы кітап тізімін беру және үй тапсырмасына ертегі мазмұнын айту сияқты элементтер оқу процесіне қайта енгізілуі қажет. Бұл бастама барлық мектептерге ортақ әдістемелік нұсқаулық ретінде бекітілуі керек.

    Қабылдау барысында барлық өтініштер тіркеліп, жауапты мекемелерге жолданды. Кейбір мәселелер сол жерде жедел шешімін тапты. Ал әлеуметтік мәртебе, білім беру және заңнамалық өзгерістерді талап ететін бірқатар сұрақ республикалық деңгейде қаралатын болады. Партия бұл бастамалардың орындалуын бақылауда ұстайды және тиісті мемлекеттік органдармен бірлесе жұмыс жүргізуге дайын.

    Еске салайық, қазақстандықтар өздерін толғандырған мәселелер бойынша «AMANAT» партиясының Орталық аппаратының қоғамдық қабылдау бөлмесіне келесі байланыс арналары арқылы хабарласа алады:
    1. Сall-орталық: 8 800 080 4441 (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін);
    2. WhatsApp: 8 700 800 4441;
    3. E-mail: komek@amanatpartiasy.kz.

    Қабылдауға жазылу қабылдау өткізілетін күнге дейін кемінде 3 күнтізбелік күн бұрын жүзеге асырылады.

    Ұсынымдар

    Есек жиғанның есебі қандай?

    Есек жиғанның есебі қандай?

    1 year ago
    Ән бесігі – Алатау

    Ән бесігі – Алатау

    7 months ago
    Мемлекет басшысы азық-түлік инфляциясының басты себебін атады

    Мемлекет басшысы азық-түлік инфляциясының басты себебін атады

    2 years ago
    Кинология – қызықты қызмет

    Кинология – қызықты қызмет

    8 months ago
    Мемлекеттік қызметтегі әдеп – абырой мен сенім кепілі

    Мемлекеттік қызметтегі әдеп – абырой мен сенім кепілі

    3 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>