-13 °c
Qonaev
Saturday, July 5, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Алматы облысында 900 орынды жаңа мектеп ашылды

    Жаңа мектеп үш ауысымды мектеп мәселесін шешіп, 100-ге жуық мұғалімге тұрақты жұмыс орнын ұсынады

    24.06.2025
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым, Инфрақұрылым
    Алматы облысында 900 орынды жаңа мектеп ашылды
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Талғар ауданына қарасты Жаңалық ауылында 900 оқушыға арналған жаңа мектеп пайдалануға берілді. Үш қабатты, заманауи білім ошағы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы мен «AMANAT» партиясының 2023–2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының Жол картасы аясында салынды.

    Мектептің ішкі инфрақұрылымы қазіргі заман талаптарына сай жабдықталған. Білім ордасында пәндік кабинеттермен қатар STEM және робототехника сыныптары, инклюзивті білім беру орталығы, кітапхана, шеберхана, спорт және акт залы, кең асхана мен мәжіліс залы қарастырылған. Сондай-ақ 100-ге жуық педагог тұрақты жұмысқа орналастырылмақ.

    Ашылу салтанатында Алматы облысының әкімінің орынбасары Болат Күреңбеков сөз сөйлеп, бұл нысанның өңірдегі өзекті әлеуметтік мәселенің шешіміне айналғанын атап өтті.

    «Бұл білім ордасы – Президент бастамасымен жүзеге асып жатқан » жобасы аясында бой көтерген алғашқы заманауи мектептердің бірі. Мемлекет басшысының «Біз Қазақстандағы барлық балалардың бақытты болашағын қамтамасыз етуіміз керек» деген сөзі бүгінгі істің мән-маңызын аша түседі», – деді ол.

    Әкім орынбасарының айтуынша, тек өткен жылы өңірде 9 жаңа мектеп қолданысқа берілсе, биыл тағы 17 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұл бағытта мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктері қолданылып, жеке инвестициялар да тартылуда.

    Бұл нәтижелерге қол жеткізуде жергілікті атқарушы органдармен қатар, партиялық бақылау мен саяси қолдаудың да маңызы зор. «AMANAT» партиясы өңірлердегі инфрақұрылымдық бастамалардың жүзеге асуына тікелей араласып келеді.

    «Екі жыл бұрын біз мектеп тапшылығы мәселесін шешеміз деп уәде бердік. Сол кезде облыста үш ауысымды 52 мектеп болған. Қазір бұл сан 30-ға дейін қысқарды. Жаңалықтағы мектеп – жол картасында көзделген 63 мектептің қатарындағы нақты жүзеге асқан жоба. Құрылыс басталған күннен бастап партиялық бақылауда болды. Уәде берген соң, сол процестің ішінде болу – біздің міндет», – деді «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы Қуат Байғожаев.

    Айта кету керек, өңірде білім беру инфрақұрылымын жаңарту – «AMANAT» партиясының басым бағыттарының бірі. Жол картасында белгіленген мақсаттар жүйелі түрде орындалып келеді. Жаңа мектептердің ашылуы үш ауысымды оқытуды азайтып қана қоймай, мұғалімдер үшін тұрақты жұмыс орындарын көбейтіп, жыл сайын мыңдаған балаға қолайлы оқу жағдайын жасауға мүмкіндік беруде.

    Ұсынымдар

    Заңсыз қару залал әкеледі

    Заңсыз қару залал әкеледі

    1 year ago
    Ұйғыр ауданында алғашқы Apricot Fest фестивалі өтті

    Ұйғыр ауданында алғашқы Apricot Fest фестивалі өтті

    3 weeks ago
    Бюджетке өзгеріс енгізілді

    Бюджетке өзгеріс енгізілді

    12 months ago
    Алматы облысында бірнеше елдімекеннің атауы өзгереді

    Ономастикаға қатысты ұсыныстар қолдау тапты

    1 year ago
    Алматы облысында жедел-профилактикалық іс-шаралары өткізілуде

    Алматы облысында жедел-профилактикалық іс-шаралары өткізілуде

    2 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>