Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Заң және тәртіп» қағидасы аясында тұрғындарды ақпараттандыру және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті қауіпті учаскелерді қамтитын интерактивті карта әзірледі.
Енді кез-келген жүргізуші QR-код арқылы картаға өтіп, жол-көлік оқиғалары мен қауіпті аймақтар жөнінде мәлімет ала алады. Бұл әсіресе апат жиі тіркелген аумақтардан өту кезінде маңызды.
Қазіргі уақытта жол қауіпсіздігі жағдайы тұрақсыз күйде. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда Алматы облысында жол-көлік оқиғасы 32,5 пайызға (1141) артты, салдарынан 1862 адам жарақат алып (67,8 пайыз), 153 адам (24,4 пайыз) қаза тапты.
Жол қоғалысына қатысушылардың жауапкершілігін арттыруға және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған кешенді шаралар жалғасуда.
Мақсат Айтымбетов,
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті
Алматы облысы бойынша департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы