-13 °c
Qonaev
Thursday, July 3, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Тұрғындар тілегін тыңдады

    02.07.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мәселе, Партия
    Тұрғындар тілегін тыңдады
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Жамбыл аудандық Мәдениет үйінде «Құқықтық көмек» жобасы аясында мобильді қоғамдық қабылдау өтті. Онда әртүрлі сұрақпен келген 40-тан астам тұрғын мәселе көтеріп, жоғары жаққа тілектерін білдірді. Негізінен жол жөндеу, ауызсу тапшылығы, көше жарығы, тұрғын үй, мектеп, балалар алаңы және спорт кешеніне қатысты өтініштер айтылды.

    Тұрғындар қаңғыбас иттер, қоқыс контейнерлері, жұмысқа орналасу, субсидия, грант бөлу, жер телімдері мен мемлекеттік бағдарламаларға қатысты сауалдарын қойды. Қабылдауда ерекше назар аудартқан өтініштің бірі – Беріктас ауылында спорт кешенін салу туралы болды. Аталған ауыл тұрғыны Жанбол Өмірзақов бұл мәселеге «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қоры арқылы қолдау көрсетуді сұрады. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен құрылған «Қазақстан халқына» қоры арқылы Беріктас ауылында спорт кешенін салуға қолдау көрсетулеріңізді сұраймын. Бұл мақсатқа Жамбыл көшесінде 1 гектар жер телімі дайын. Ол жер қазір ауыл әкімдігінің теңгерімінде тұр. Ауыл жастары мен тұрғындары үшін бұқаралық спортпен айналысуға жағдай жасау – аса маңызды», – деді ол.

    Бұдан бөлек, тұрғындар  апатты үйлер, үшауысымды мектептер жайы, Мәдениет үйі мен балалар алаңын салу, ескірген электр желілерін ауыстыру, жұмыссыздық, тұрғын үй кезегі және әлеуметтік қолдау төңірегінде мәселе көтерді. Б.Қыдырбекұлы ауылының тұрғыны Жадыра Жаңабаева Ұзынағаш-Күрті автожолының елдімекен жанынан өтер тұсына жарық шамдарын орнату қажеттігін, қарғалылық Жәкен Оспанов ауызсу мәселесін айтса, Бозой ауылынан Өтеген Абылай егістікті суару желілерінің мүшкіл жағдайын тілге тиек етті. Сол сияқты ұзынағаштық Анастасия Ключкова Өтеген батыр көшесін жарықтандыруды, қарғалылық Зияш Мамедова зейнетке шығу жасын қайта қарауды сұрады. Сонымен қатар Қарасу, Қайназар, Қызылсоқ, Шиен, Айдарлы, Қасымбек ауылдарынан келген тұрғындар да өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Мұндағы бірқатар өтініш республикалық деңгейде шешуді талап етеді.

    – Тұрғындар көтерген мәселелер – жүйелі әрі шынайы. Ауызсу, жол, жарық, мектеп пен мәдени нысандардың жетіспеушілігі – бұл бір күнде пайда болған проблемалар емес. Біз әр өтінішті мұқият қарап, жауапты органдарға жолдаймыз. Ауқымды мәселені Мәжіліс депутаттарымен бірлесіп Үкіметке дейін жеткіземіз, – деді «AMANAT» партиясы орталық аппаратының қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Әлия Садырбаева.

    Қоғамдық қабылдауға сондай-ақ партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ерлан Жақыпов, Жамбыл ауданының әкімі Нұрлан Ертас пен аудан прокуроры Данағұл Аңсаған, жергілікті мәслихат төрағасы Мадияр Әмірғалиев, облыстық мәслихат депутаты Меруерт Молдашева, мекеме, бөлім басшылары қатысты. Жиын соңында сөз сөйлеген партияның аудандық бөлімшесінің атқарушы хатшысы Ықылас Амалбек көтерілген әрбір мәселе бақылауға алынып, назардан тыс қалмайтынын жеткізді.

    Серік САТЫБАЛДИЕВ

    Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    Алматы облысында «Таза жағажай – таза өзен» акциясы өтті

    Алматы облысында «Таза жағажай – таза өзен» акциясы өтті

    4 weeks ago
    Тазалық акциясы Жамбыл ауданында да жалғасын тапты

    Тазалық акциясы Жамбыл ауданында да жалғасын тапты

    1 year ago
    Агроөнеркәсіпті дамыту маңызды

    Агроөнеркәсіпті дамыту маңызды

    3 weeks ago
    Өзгерістерге байыппен қарайық

    Өзгерістерге байыппен қарайық

    2 years ago
    Жеңіске жетелейді

    Жеңіске жетелейді

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>