Перейти к содержимому
Главная страница » Алматы облысының әкімі Астана күніне орай құттықтады

Алматы облысының әкімі Астана күніне орай құттықтады

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев 6-шілде — Астана күніне орай облыс тұрғындарын құттықтады:

«Құрметті жерлестер! Сіздерді елдігіміздің айшықты белгісіне айналған Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Елордамыз – тәуелсіз Қазақстанның жүрегі, бірлік пен тұрақтылықтың, жаңғыру мен дамудың символы. Қысқа уақыт ішінде Астана заманауи мегаполиске, халықаралық бастамалар мен ауқымды жобалар жүзеге асатын ірі орталыққа айналды. Бүгінде ол – түрлі саладағы серіктестіктің маңызды алаңы, әлемнің түкпір-түкпірінен келетін талантты, іскер жандар бас қосатын алып шаһар, ел мәдениетін паш етіп отырған рухани орта.
Астананың өркендеуі – елдің табысты дамуының айғағы. Оның үлгісі өңірлер үшін де маңызды бағыт-бағдар болып отыр.
Астана – халқымыздың болашаққа деген сенімі мен ұмтылысының айнасы. Елордамыздың даму жолы, өзіндік үлгісі бізді де Алматы облысында тың бастамалар мен ірі істерді жүзеге асырып, өңірдің әлеуетін арттыруға жігерлендіреді. Баршаңызды бас қаламыз – Астана күнімен құттықтай отырып, отбасы амандығы мен еліміздің игілігі жолындағы еңбектеріңізге табыс тілеймін!

Құрметпен,
Алматы облысының әкімі
Марат Сұлтанғазиев