⛅
10°C
Қонаев
Дүйсенбі, Қазан 27, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Тәжірибе алмасты

    05.07.2025
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    Тәжірибе алмасты
    0
    SHARES
    27
    VIEWS

         Қонаев қалалық кітапханасы ширек ғасырдан аса оқырман қауымның басын қосатын, халықтың жандүниесін байытуға өз үлесін тигізетін рухани орталық ретінде қала тұрғындарына қызмет етіп келеді.

    Жаңғыртудан кейін жаңа кейіпке енген бұл ғимарат облыстағы маңызды кітапханалардың біріне айналды. Кітапхана – тек жинақталған кітап қоры ғана емес, қызықты іс-шараларға, пікір алмасуға, оқырмандардың әлеуметтік және кәсіби дағдысын дамытуға, тәжірибе алмасуға арналған орын.
    Жуырда кітапханада өткен «Креативті кітапхана кеңістігі» атты шараға қалалық білім бөлімінің кітапхана ісі жөніндегі жетекші маманы Аршагүл Ахметова, мектептердегі кітапхана мамандары қатысты. Әріптестер мұндағы әр бөлімді аралап, оқырманға ұсынылатын қызмет түрлерімен жан-жақты танысты.
    Аталған шарада Аршагүл Ахметова кітапхана қорын дамыту, сандық қызмет, инновациялар туралы кеңінен әңгімеледі. «Өлкетану бағытындағы жұмыс түрлері», «Кітапханалық зертхана» сынды шығармашылық алаңдар жұмыс істеп, тәжірибелік сабақтар өтті. Кітапхана мамандары іс-шараның маңыздылығын атап өтіп, цифрландыру, оқырмандардың қызығушылығын арттыру және кітап оқу мәдениетін қалыптастыру жолындағы мәселелер төңірегінде пікір алмасты.
    Кітап – ұлтты тәрбиелейтін, елді өркениетке жетелейтін ең құдіретті күш. Жаңа технологиялар заманында да кітап адамның ой-өрісіне терең ықпал етіп, рухани азық береді. Ақпарат кеңістігі тез өзгеріп жатқан қазіргі уақытта кітапханалардың шығармашылық және озық ойлы тұлға қалыптастырудағы рөлі бұрынғыдан да маңызды. Бүгінгі күні кітапхана қызметкерлері білім мен мәдениеттің дамуына өлшеусіз үлес қосуда.
    Кездесуде әріптестердің кітапхана қызметін жақсартуға деген ынта-ықыласына тағы да көзіміз жетті.

    Даража Жолымбетова,
    Қонаев қалалық кітапханасының
    бөлім меңгерушісі

    Ұсынымдар

    Қонаев спортшылары «Таза өлке» акциясын қолдайды

    Қонаев спортшылары «Таза өлке» акциясын қолдайды

    2 years ago
    Алматы облысында кросс жарысы өтті: өңірдің үздік жеңіл атлеттері бақ сынасты

    Алматы облысында кросс жарысы өтті: өңірдің үздік жеңіл атлеттері бақ сынасты

    4 weeks ago
    Ұйғыр ауданындағы таулы аймақтағы елді мекендер газға қосылады

    Ұйғыр ауданындағы таулы аймақтағы елді мекендер газға қосылады

    9 months ago
    Президенттің 2024 жылғы Жолдауы: Әділетті Қазақстанның негізі – «Заң мен тәртіп» қағидасы

    Президенттің 2024 жылғы Жолдауы: Әділетті Қазақстанның негізі – «Заң мен тәртіп» қағидасы

    2 months ago
    Үш кандидат үмітті

    Үш кандидат үмітті

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>