⛅
10°C
Қонаев
Сейсенбі, Қазан 28, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жауапсыз іске жол берілмейді

    09.07.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мәселе, Парламент, Энергетика
    Жауапсыз іске жол берілмейді
    0
    SHARES
    13
    VIEWS

         Халық қалаулылары аймақтағы елдімекендерді аралауды бастап кетті. Осы орайда Қазақстан мен Қырғыз шекара, ирригация, су және кәріз, қалдық суды шығару жүйелерінің құрылысы, су қоймалары, сондай-ақ автомобиль жолдарының жағдайымен танысу үшін ҚР Парламенті Сенатының депутаты Жанболат Жөргенбаев пен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан жұмыс сапарымен Кеген өңіріне ат басын бұрды. Жұмыс сапарында ҚР Су ресурстары және ирригация комитетінің төрағасы Әрсен Жақанбаев, облыстық мәслихат төрағасы Қуат Байғожаев, облыс әкімінің кеңесшісі Нұржан Құдайбергенов, Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Теңізбаев және салаға жауапты басшылар мен мамандар болды.

    Сапар аясында астаналық қонақтар алдымен Қазақстан мен Қырғыз елі шекарасындағы маңызды мәселелер бойынша жауапты мемлекеттік орган өкілдерімен кездесу өткізіп, шекара жұмысының жағдайымен танысты. Кездесуде шекараның қазіргі жағдайы талқыланды. Мұнан соң сапар Кеген ауданы бойынша ирригация және кәріз, суды шығару жүйелерінің құрылыс жұмысын көрумен жалғасты. Қарқара ауылынан бастау алатын «Мөңкебай» су арнасында жүргізіліп жатқан жұмыс барысын көрген депутаттар бүгінгі таңда бұл жоба бойынша республикалық бюджеттен қаражат бөлінбей отырғанын естіді. Құрылыс жұмысы да баяу жүргізілуде. Соған қарамастан, мердігер мекеме өз қаражаты есебінен жұмысты жалғастырып отыр. Кеген ауылының тұрғыны Мақпал Шадан электр энергиясының бағасын төмендету, ауылшаруашылық саласындағы өзекті мәселелерді жедел шешу, атап айтқанда, егістік жерлеріне судың жетпеуі, оларға инвесторлар тарту және техниканың ескілігі туралы айтып, су арналарын қайта ретке келтіру бойынша өз ұсынысын жеткізді.

    Депутаттар «Көкпек – Кеген – Түп» бағытындағы 26-41 шақырым аралығындағы автомобиль жолының учаскесіне барып, жауапты мекеме басшылығымен жолдың техникалық жағдайын талқылады. Бұл бойынша «ҚазАвтоЖол» ҰҚ АҚ Алматы облысы бойынша филиалының директоры Ғани Мырзаханов: «Қарқараға дейінгі жолдың 15 шақырымы үш қабат болады, ауылдың ішіне бір қабат асфальт қаралған. 35 шақырымды қамтитын жоба бойынша 3,5 млрд теңгеге қол қойылды. Қазіргі таңда дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Бұл компанияға жолды қазуға асфальт зауыты жүрмейінше рұқсат бермейміз. Бұдан бөлек, 41 шақырымға рұқсат бердік, себебі онда зауыт жұмысы аяқталуға жақын. Бәрі келді, тас ұнтақтағыш қондырғысы да бар», – деп көпшілікке жол жұмысының жай-жапсарын таныстырып өтті.

    – Асығыстық жасамау керек, жоба бар. Қаражат бөлініп, бәрі шешілген. Жергілікті атқарушы билікпен етене жұмыс істеңіздер. Райымбек ауданында жергілікті автокөлігі бар жиырма азамат келісімшартпен жұмысқа алынды. Компания жергілікті мамандарға да көңіл бөлгені жөн. Бұл жерде де техникасы бар, жұмыс істеймін деген адамдарды келісімшартпен қабылдау қажет. Тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етіп, ауыл әкімдеріне тапсырма беру керек. Жұмыс сапалы болсын, – деген сенатор Жанболат Жөргенбаев мердігер компания өкілдеріне бірқатар сын-ескертпе айтып, жол сапасына айрықша мән беруді тапсырды.

    Жұмыс сапарының соңында депутаттар «Жалағаш – Көлсай – Саты» бағытындағы автожолдың 18-21 шақырым аралығындағы бөлігіне аялдап, аталмыш жол инфрақұрылымының жағдайымен танысты. Бұл учаске өңірдегі туризмді дамыту үшін маңызды бағыттың бірі болып саналады.

    ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан: «2023 жылы Алматы облысындағы, әсіресе шекаралы аудандардағы қырық жамау жолдардың мәселесі бойынша Парламент қабырғасында Жанболат Жөргенбаевтың ұйымдастыруымен салалық министрлік, «ҚазАвтоЖол» басшыларымен үстел басында өткір кездесу өткізген едік. Жолаушылардың, көлік жүргізушілерінің жанайқайы заң шығарушы органның төрінде экраннан көрсетілген. Былтыр жауапты тұлғалармен аудандарды бірге аралағанбыз. Депутаттық сауалдар мен жүйелі түрде жүзеге асырылған бірнеше талқылау жиындарының нәтижесінде Кеген, Нарынқол аймағындағы жолдарға нақты қаржы бөлу тетігіне қол жеткіздік. Әсіресе, елдің еңсесін езіп, табанын тоз-тоз қылған – Кеген мен Нарынқол арасындағы автожолдың мәселесі. Қаржы толық бөлініп, алғашқы 15 шақырым жол жасалған, кейін мердігерлердің жауапсыздығынан жұмыстар шамалы кешеуілдеді. Талқылаулардың нәтижесінде нақты шешімге келдік. Езе беріп қайтеміз, мердігер ауысты. Жұмыс қайта жанданды. Уәде берілді. Келесі жылы толық аяқталады. Сонымен қатар, «Көкпек – Кеген – Түп» жолының 26-41 шақырым аралығын және «Көкпек – Кеген – Түп – Жалаңаш – Саты» автожолының 18-21 және 53-68 шақырымдық учаскелерін аралап, жергілікті тұрғындардың өтініштері бойынша туындаған мәселені зерделедік. 2024 жылы осы жолдармен 500 мыңнан астам турист өткен. Бірақ жолдардың кейбір бөліктерінде асфальт жамылғысы тозып, шұңқырлар мен жарықтар пайда болған. Бұл тек көлік қозғалысын қиындатпай, жол-көлік оқиғаларының да артуына себеп болып отыр. Кездесуде автожолдардың қайта жаңғырту жұмыстарының баяу жүруі, қаржыландыру тапшылығы, мердігер ұйымдардың жауапкершілігі, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларының жеткіліксіздігі секілді өзекті мәселелер көтерілді. Іссапар аясында біз жауапты органдармен  бірлесіп, қосымша қаржыландыру көздерін тарту, жөндеу жұмыстарының мерзімін қысқарту, туристік бағыттарда жол қауіпсіздігін арттыру жөнінде нақты ұсыныстар айттық. Ортақ келісімге келдік. Қаржы бар. Тиісті уәкілетті органдармен шешім бар. Халық аз уақыттан соң жолдың игілігін толық көреді. Уәде – Құдай сөзі. Аталған жол учаскелері облыс пен республиканың ішкі туризмін дамытуда стратегиялық маңызға ие. Әсіресе, Көлсай мен Қайыңды көлдеріне апаратын негізгі бағыт жүктемесі жылдан-жылға артып келеді», – дей келе, түте-түтесі шыққан күрежолдың техникалық жағдайы мен көлік инфрақұрылымының түйткілді мәселелерін тілге тиек етті.

    Депутаттар сөз соңында өңірдің жол сапасын жақсарту мен көлік қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты назарда екенін еске салды.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    Мектеп ауласындағы аллея

    Мектеп ауласындағы аллея

    5 months ago
    Health Invest Forum – 2025: Ашық диалог пен инвестициялық ынтымақтастық алаңы

    Health Invest Forum – 2025: Ашық диалог пен инвестициялық ынтымақтастық алаңы

    3 months ago
    Соны көзқарас қажет

    Соны көзқарас қажет

    7 months ago
    «Алаш» сыйлығын иеленді

    «Алаш» сыйлығын иеленді

    6 months ago
    Маңызды кезең

    Маңызды кезең

    2 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>