⛅
19°C
Қонаев
Сәрсенбі, Қыркүйек 17, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Марқұм болған ауылдастар рухына арналған футбол турнирі өтті

    14.07.2025
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Марқұм болған ауылдастар рухына арналған футбол турнирі өтті
    0
    SHARES
    30
    VIEWS

    Талдықорған қаласында шағын футболдан дәстүрлі турнир өтті. Спорт шарасы Сарқан ауданына қарасты Қарабөгет ауылының 1980 жылы туған азаматтарының бастамасымен ұйымдастырылып, марқұм болған ауылдастардың рухына арналды.

    Турнирдің басты мақсаты – өмірден озған азаматтарды еске алып, ауылдастар арасындағы достықты, бірлікті нығайту, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету және жастарды салауатты өмір салтына баулу.

    Бұл жолғы жарыс марқұм болған азаматтар – Әйтенов Әділ Дүйсетайұлы, Нұрғалиев Айдынбек Байғалиұлы, Бажаев Алмат Маратұлы, Кирисбеков Дулат Қожахметұлы және Бөлегенов Регистан Маратұлының рухына арналды.

    «Бүгінгі турнир жоғары деңгейде өтті. Бірліктің арқасында жастарымыз бұқаралық спортқа ден қойып келеді. Сонымен қатар, дүниеден озған жолдастарын еске алып, ас беріп, сауапты іс жасап отыр. Бұл игі бастама алдағы уақытта да жалғасын табады деп сенемін», – деді Қарабөгет ауылының тумасы, марқұм Регистан Бөлегеновтің әкесі Марат Бөлегенұлы.

    Биыл үшінші мәрте ұйымдастырылған турнирге 11 команда қатысты. Іс-шараға Қазақстанның әр өңірінде абыройлы қызмет атқарып жүрген 1977, 1980, 1981, 1982, 1985, 1986, 1987, 1988, 1989, 1990 және 2001 жылдары туған азаматтар жиналды. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз командалар мен үздік ойыншылар марапатталды.

    Жүлделі орындар келесідей үлестірілді: I орын – 2001 жылғы түлектер (100 000 теңге), II орын – 1980 жылғы түлектер (70 000 теңге), III орын –  1988 жылғы түлектер (50 000 теңге), IV орын – ынталандыру сыйлығы. Сонымен қатар үздік ойыншыларға арнайы кубоктар, медальдар, мадақтамалар және қаржылай сыйлықтар табысталды.

    «Турнирден алған әсерімді сөзбен жеткізу қиын. Осындай шаралар бізді жақындастырып, ұмыт бола бастаған достықты қайта жандандырады. Бұл – нағыз бірлік пен жерлестік рухының көрінісі», – деді ойынға қатысушы Нұрлан Қабдолдин.

    Ал «1988» командасының мүшесі Нұрбол Берікболұлы өз ойын былай жеткізді: «Әр ойын сәтінде тек футбол емес, шынайы достық пен өзара қолдауды сезіндік. Осындай кездесулер күнделікті тіршілікте алыстап кеткен бауырларды қайта табыстырып, ұрпақтар сабақтастығын күшейтеді».

    Турнир барысында Құран бағышталып, марқұм азаматтардың рухына ас берілді. Бұл игі шара елдік пен ерлікке, достық пен құрметке бастайтын ізгі дәстүрге айналды.

    Ұсынымдар

    Елдің азаттығы айқындалған күн

    Елдің азаттығы айқындалған күн

    2 years ago
    Алматы облысында тұрмыста зорлық-зомбылық көрген 47 әйел көмекке жүгінді

    Алматы облысында тұрмыста зорлық-зомбылық көрген 47 әйел көмекке жүгінді

    2 years ago
    Ұмытылмас сол күндер

    Ұмытылмас сол күндер

    5 months ago
    Жаңбырлы күн

    Жаңбырлы күн

    2 years ago
    Министр: БАҚ-та қазақ тілінің үлесі артады

    Министр: БАҚ-та қазақ тілінің үлесі артады

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>