Алматы облысында іске асырылып жатқан ірі құрылыс жобаларының бірі “Ұзынағаш-Отар” автомобиль жолының 101-143 шақырым учаскесін қайта жаңарту аясында 150-ден астам құрылыс материалы сараптамадан өтті. «ЖАСҰО» РМК Алматы облыстық филиалының инженерлері биыл аталған учаскеге төселіп жатқан жол сапасын тексеру үшін 10 рет барған.
«Ұзынағаш-Отар» 101-143 шақырым қайта жаңғырту учаскесі 2018 жылы басталған. Бастапқы кезде басқа мердігер айналысқан. Кейін онымен келісім-шартты жойып қазір басқа компания айналысып жатыр. Жалпы төрт жолақты 42 шақырым автожолы. Біздің мекемемен алынған 151 сынаманың 30-ға жуығы талапқа сәйкес емес болып тұр. Бірақ қайтадан комиссиялық керн алу жұмыстары жүргізіліп сынамадан өтіп жатыр. Анықталған ақауларды жою бойынша мердігер мекемемен бірлесе жұмыстар атқарылып жатыр» – деді «ЖАСҰО» ШЖҚ РМК Алматы облыстық филиалының бөлім басшысы Қанат Хамитжанов.
Қазіргі таңда 4 жолақтың 2 жолағының негіздемесінен бастап жоғарғы қабатына дейін 42 шақырым толық аяқталған. Қалған 2 жолағы бойынша жолдың негіздемесінің 40 шақырымы, асфальтбетонның 2 қабатын 39 шақырымға төсеген. Және соңғы беткі қиыршық мастикалық асфальтбетон қабаты 24 шақырымына салынды