[um_weather city="Қонаев"]
Дүйсенбі, Қазан 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Әлеуметтік мәселе – басты назарда

    14.07.2025
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Мәселе, Парламент
    Әлеуметтік мәселе – басты назарда
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

         ҚР Парламентінің қос палата депутаттары  Жанболат Жөргенбаев, Сұлтан  Дүйсембінов, Закиржан  Кузиев пен  Жанарбек Әшімжан, Данияр Қасқарауов,  Максим Рожин Алматы облысындағы жұмыс сапарын  Қонаев  қаласында аяқтады.  Он күн   аймақ  аумағындағы аудандарды аралаған депутаттар сапар соңында облыс әкімдігінде   жергілікті мәслихат депутаттарымен, қоғамдық палата мүшелерімен және басқарма басшыларымен   кездесті.

    Кезекті сапар  барысында  депутаттар аудандардағы ирригация және дренаж жүйелерінің құрылысымен, сондай-ақ оларды жаңғырту және жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыру және су ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарды саралады. Өз кезегінде Сенат депутаты Жанболат Жөргенбаев  Алматы мен Жетісу облыстарында су қоймасын салу қажет екенін алға тартты.  Халық қалаулысының айтуынша, су қоймалары салынса, егістікті қажетті тіршілік нәрімен қамтамасыз етуге мүмкіндік болады. Азық-түлік қауіпсіздігін нығайту артады. Бұл мәселені шешуге қомақты қаржы бөлінгенімен, жоба тым баяу жүзеге асып жатқан көрінеді.

    – Былтыр Алматы облысы әкімдігі мен ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Ислам даму банкіне Райымбек, Кеген, Жамбыл, Іле, Талғар, Ұйғыр аудандары мен Қонаев қаласындағы суару жүйелерін қайта жаңғырту жобаларын қаржыландыруға өтінім жолдаған. Қазіргі таңда өтінім министрлік тарапынан қолдау тауып, жобаларды екі кезеңге бөліп қаржыландыру Ислам даму банкі тарапынан мақұлданды. Қайта түзету жұмыстары 2025 жылдың IV тоқсанында аяқталып, канал құрылысы қайта жанданбақ. Су тапшылығы мәселесін шешу – ауыл шаруашылығымен қатар, елдімекендердің тіршілігі үшін де аса маңызды, –  деді Жанболат Жөргенбаев.

    Халық  қалаулылары  ауыл шаруашылығы саласының өкілдерімен кездесіп, ауылдық жерлердегі өндірістік процестердің жай-күйі, шаруа қожалықтарының алдында тұрған қиындықтар, өңірлердегі  әлеуметтік экономикалық  жағдай  туралы пікір алмасқандарын да тілге тиек етті. Олардың сөзінше өңірдегі өзекті мәселелерді оңтайлы шешуге Парламентте қаралатын  заң жобалары да өзіндік ықпал етеді.

    – 8-шақырылым Парламентінің III сессиясында 158 заң жобасы қаралып, олардың 89-ы қабылданды. Сессия барысында біз әлеуметтік саясат пен азаматтарымыздың мүддесі бұлжымас басымдық екенін айқын көрсеттік. Бұл, ең алдымен, елдің басты қаржылық құжаты – үшжылдық бюджетте көрініс тапты. Атап айтқанда, шығыстардың шамамен 40 пайызы  әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталды. Әсіресе білім беру, денсаулық сақтау салалары мен әлеуметтік төлемдерге баса назар аударылды, – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутатты  Жанарбек Әшімжан.

    Қос палата  депутаттарымен кездесуде қоғамдағы қордаланған өзекті мәселелер қаузалды. Атап айтқанда, қоғамдық палата мүшелері жерді меншіктеу, су каналдарын жүргізу сынды ауыл шаруашылығы саласындағы қиындықтарды айтып, депутаттарды аталған мәселелерді тиісті орындарға жеткізуін өтінді. Өз кезегінде қос палата өкілдері  екі сағаттан астам уақытқа созылған жиында айтылған барлық проблеманы шешуге аянбай атсалысатындықтарын жеткізді. Олар жұмыс сапары барысында көтерілген мәселелер бойынша тиісті мемлекеттік органдарға депутаттық сауалдар жолдап, жүйелі шешімдер қабылдауға бастамашы болатындарын айтты.

    Бүгінде  Мәжіліс пен мәслихат арасында байланыс нығайып келеді. Өйткені   өңірдегі депутаттар көтерген өзекті мәселелердің шешім табуына  мәжілісімендер атсалысып келеді. Бұл тұрғыдан өзара ықпалдастық арта беретіні анық.

    – Бүгінгі басқосу – ел дамуы жолындағы маңызды мәселелерді бірге талқылап, ортақ шешім іздеген ұтымды алаң болды. Жол инфрақұрылымын жақсарту, шалғай елдімекендердің жағдайын көтеру секілді көкейкесті тақырыптар төңірегінде пікір алмасып, нақты ұсыныстар айтылды. Өңірдегі өзекті жайттарды өз көзімен көріп, елмен етене араласып, қолдау білдіріп отырған Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарына шынайы ризашылығымызды білдіреміз, – деді кездесуді түйіндеген облыстық мәслихат төрағасы Қуат Байғожаев.

    Ерзат АСЫЛ

    Ұсынымдар

    Қонаевта қар тазалайтын техника саны артты

    Қонаевта қар тазалайтын техника саны артты

    2 years ago
    Бақытты ана – бақытты бала

    Бақытты ана – бақытты бала

    6 months ago
    Қонаевта әуе шарлары фестивалі өтеді

    Қонаевта әуе шарлары фестивалі өтеді

    3 years ago
    Маңызды қадам

    Маңызды қадам

    1 year ago
    Конституциялық мәртебесі бар институт

    Ұйысқанның ұпайы түгел

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>