[um_weather city="Қонаев"]
Бейсенбі, Қазан 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Сан қыранды самғатқан

    19.07.2025
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым, Тарих
    Сан қыранды самғатқан
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

    Биыл Ақтасты мектебіне 100 жыл толуда. Бұл  – тарихтың  тұтас парағы. Уақыт  сынынан өтіп, ұрпақтан-ұрпаққа  білім беріп келе жатқан  қасиетті қара шаңырағымыздың  жүріп өткен жолы. Бұл – мыңдаған  түлектің  алтын  ұясы, ұстаздар  мен  шәкірттердің  арман  мен  мақсатқа  толы  сапары.

    ХХ ғасырда бой көтерген мектеп жұмысын қиын-қыстау кезеңде бастап, білім мен тәрбиенің нағыз шамшырағына  айналды. Тарихқа зер салар болсақ, 1924 жылы «Сауатсыздықты жою» қоғамы  құрылып, осы  кезеңде  Қурайлы елдімекенінен  ұстаз  Әбдісүлеймен Хасенұлы алғашқы Сауат ашу пунктін ашқан.

    1953 жылы аталмыш пункт үшжылдық бастауыш мектеп ретінде құрылып, ондағы алғашқы ұстаз Тақабай Шортанов болды. 1956 жылы Қурайлы төртжылдық бастауыш мектебіне айналды. Ол кезде мектепте Әлімқожа Хасенов, Тәжібай Манабаев, Сәлихан Тұяқбаева, Нұрбай Байбатшаев, Болатбек Мұқашев, Оразбек Мұқашұлы, Рабат Қалжатбаев, Күләй Саудырматаева, Сейдакпар Көшербаев сынды ұстаздар еңбек етсе, директоры Мырқасымбай Сағынышев болған екен.

    Ол кезде қарапайым ғана пункт болып ашылса да, елімізге есімдері белгілі тұлғалар тәрбиеленіп шықты. Қурайлы бастауыш  мектебінде  оқыған  Мұрат  Қойшыбаев  ауыл  шаруашылығы ғылымдарының  докторы, профессор, Қазақстанның  еңбек  сіңірген  қайраткері болса, Аманбай Нұрғожаев  Алматы  облысының  Құрметті  азаматы, Іле  Райымбек  аудандарының  Құрметті  азаматы атанды. Осы сынды әр салада еңбек етіп, ауылдың, ауданның атын шығарып, елімізге белгілі болып, аймаққа танылған жандар қаншама!

    1958-1966 жылдары  оқу ошағы Қызылту бастауыш мектебі  болып, Ақтасты елдімекеніне ауыстырылып, жаңа мұғалімдермен толықтырылды. Ол жылдары  Леміс Әбдікерімов мектеп директоры болса, Зәуреш Әбдікерімова, Күкен Қойшыбаева сынды мұғалімдер еңбек етті.

    1966-1970 жылдары  Қызылту сегізжылдық  мектебі  болды. Бұл кезде Оразбек  Мұқашев мектеп директоры,  Бейсегерім Нұрпейісов  оқу ісінің меңгерушісі қызметін атқарды.  Жөкен Кәрібаев , Кекілбай Алжанбаев, Дәмелі Шоңқабаева, Қаным Ысқақова, Тұрар Бүйенбаев, Кеңесжан Әлиасқаров, Гүлшахан Рысбаева, Бәзіл Әлімқожаев ұстаздық етті.

    1970-1988 жылдары Ақтасты   сегізжылдық  мектебі деп аталды. 1989-1991 жылдары   орталау  мектепке айналды. Ал 1991-1992 оқу  жылында  Ақтасты орта мектебі  болып  өзгертілді. Осы жылдар ішінде мектепте көптеген ұлағатты ұстаз қызмет етіп, өз білімін, күш жігерін шәкірт тәрбиелеуге арнады.

    2005 жылы қосымша мектеп ғимараты салынып, спорт залмен, асханамен толықтырылды. Бүгінгі күні мектеп «Ақтасты орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен»  коммуналдық  мемлекеттік мекемесі болып аталады.

    2005-2024  жылдары білім ошағын Нұргүл Абықанова басқарса, одан бергі уақытта Қымбат Қамбарбекова жетекшілік етуде. 2024-2025  оқу  жылында 1-11 сыныптарда  73 оқушы  білім алып,  мектепалды  даярлық   тобында  10  бала  тәрбиеленді.

    Өткен жылы  жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында  ауыл мектептерінің  оқушыларына  арналған  «auyl.daryn»   олимпиадасының  аудандық  кезеңінен  химия пәнінен  10-сынып оқушысы  Інжу Есқалиқызы    жүлделі І орын алып, облыстық кезеңінен  жүлделі ІІІ орынды иеленді. Ұстазы – химия пәнінің мұғалімі Гүлзира Алпарова.

    Биыл Түркістан қаласында Халықаралық ІІ  Саммит аясында  өткен Н.Оразахынованың «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы бойынша  «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты республикалық ауызша командалық олимпиадаға қатысқан  5-сынып  оқушысы Аңсар Кеңесжан жүлделі ІІ орын алды. Жетекшісі  – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  Қымбат Тоғызбайқызы. Осы  Саммитте  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Қымбат Тоғызбайқызы, Гүлзия Маратқызы, бастауыш сынып мұғалімі Сәуле Кенбаева шығармашылық байланыс орнатып, тәжірибе бөліскені үшін Алғыс хатпен марапатталды.

    Бүгінде  ғасыр  жасап  отырған  қасиетті  қара  шаңырақта білім алып, елеулі еңбек етіп,  мектебін, туған жерін ұмытпай, демеушілік жасап жүрген шәкірттерімізді  мақтан етеміз. Бұл қатарда  Ердос Абдрахманов,  Марат Мұқанов,  Ерболат Сартолов, Ұлан Малбеков, Қайсар Әлиасқаров, Мақсат Байғазиев, Асхат Қожабеков сынды түлектердің есімін даралап айтамыз.

    «Ұстаз көштен қалмаса ұрпақ озады» демекші, қара шаңырағымыздың ғұмыры биік, беретін білімі терең болсын дегіміз келеді.

    Советхан Қалимова,

    Ақтасты орта мектебі  директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    Ислам және деструктивті діни ағымдар: түсіну, қауіптер және қарсы тұру жолдары

    Балаларды жат ағымнан қалай қорғаймыз?

    6 months ago
    Бала құқығы

    Балаларға қарсы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!

    3 years ago
    «Құрылысшы» саяжайындағы электр желісі қала иелігіне өтеді

    «Құрылысшы» саяжайындағы электр желісі қала иелігіне өтеді

    2 years ago
    Үнсіз ұстаз

    Үнсіз ұстаз

    4 weeks ago
    Наурыз айы туғанда

    Наурыз айы туғанда

    7 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>