-13 °c
Qonaev
Monday, August 18, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ұландықтар жағажайда жоғалған балаларды тапты

    19.07.2025
    in Барлық жаңалықтар, Төтенше жағдай
    Ұландықтар жағажайда жоғалған балаларды тапты
    0
    SHARES
    9
    VIEWS

    Жаздың аптабында елдің оңтүстігі қатты ысыды. Тұрғындар мұндайда шомылуға болатын ең жақын су қоймаларына жаппай ағылады. Қонаев қаласының маңында орналасқан Қапшағай су қоймасы мен Алматының орталығындағы Сайран жасанды көлі — осындай демалыс орны екені белгілі.

    Кішкентай балалары бар отбасылардың жағажайға келуі ерекше алаңдаушылық тудырады.

    3660 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Қапшағай су қоймасының жағасында жоғалған және қараусыз қалған екі баланы тапты. Екеуі де ата-аналарымен аман-есен қауышты.

    Әскери жасақ командирі, қатардағы жауынгер Азамат Байғұлға кешкілікте жүзінде үрей бар әйел адам келіп жүгінген. Ол он екі жасар ұлын таппай жатқанын айтып, суға батып кетуі мүмкін деген қорқынышы барын жасырмады. Қатардағы Байғұл өз әріптестері — Айбек Тағайхан мен Бақберген Сәріпбекпен бірге жедел іздеу жұмыстарын ұйымдастырады. Көп ұзамай бала жағажайдың қарама-қарсы жағынан табылып, анасына қайтарылды.

    Екінші жағдайда да бөлімше командирі, қатардағы жауынгер Қанафия Әбдікәрімнен әйел адам көмек сұраған. Оның айтуынша, төрт жасар қызын ұйықтатып кеткен, алайда біраз уақыттан кейін келгенде қызы ұйықтап жатқан орнында болмаған. Шарқ ұрып іздегенмен, нәтиже болмай, сарбаздарға жүгінген. Командир шұғыл түрде патрульдік топтарға ақпарат таратады. Қатардағы жауынгерлер Әліби Айдархан мен Ержігіт Батырбектің үйлесімді әрекеттері мен ұқыптылығының арқасында балақай табылып, ата-анасына табысталды.

    Сол күні кешке ұландықтарға Сайран көлінің жағасында бес жасар баланың жоғалып кеткені туралы хабар келіп түседі. 5571 әскери бөлімінің жауынгерлері — әскери жасақ бастығы қатардағы Абзал Иманқұлов, сондай-ақ қатардағы Жанболат Мұса мен Шерхан Жүсекеев баланы тез арада тауып, анасына тапсырды.

    — Соңғы кездері балалардың жағажайларда адасып кету жағдайлары жиілеп кетті. Осыған байланысты біз барлық демалушыларға, әсіресе балалармен келгенде өте мұқият болуды ескертеміз. Ешбір жағдайда баланы қараусыз қалдыруға болмайды. Баланың қауіпсіздігі үшін ең алдымен ата-ана жауапты. Бұл туралы ұмытпауымыз керек! – дейді батальон командирінің орынбасары капитан Бақытжан Момбиев.

    ҚР ІІМ Ұлттық ұланы су айдындары мен демалыс аймақтарында қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады

    Ұсынымдар

    Президент баспасөз қызметкерлерін Ұлттық басылым күнімен құттықтады

    Президент баспасөз қызметкерлерін Ұлттық басылым күнімен құттықтады

    2 years ago
    Дарынды оқушы – ел мерейі

    Дарынды оқушы – ел мерейі

    2 months ago
    Облыстық антикор басшысы тағайындалды

    Облыстық антикор басшысы тағайындалды

    2 years ago
    Талғарда «Жанұя» орталығы көпбалалы аналарды мерекемен құттықтады

    Талғарда «Жанұя» орталығы көпбалалы аналарды мерекемен құттықтады

    2 years ago
    Мерекенің маңызы зор

    Мерекенің маңызы зор

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>