-13 °c
Qonaev
Thursday, August 14, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Отбасы – от басу емес

    01.08.2025
    in Барлық жаңалықтар, Қоғам
    Отбасы – от басу емес
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

        «Үй болған соң ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды» деген сөз бүгінде мәнін жоғалтып бара жатқандай. Себебі сылдырдан соң сабыр емес, сотқа жүгіну жиілеп кетті…

    Қазақ үшін отбасы – қасиетті ұғым. «Отан отбасынан басталады» деп бекер айтпаған дана халқымыз. Алайда соңғы жылдары елімізде ажырасу дерегі көбейіп, бұл құбылыс үйреншікті жағдайға айналып бара жатқаны ойландырмай қоймайды. Ажырасу – шынымен айрықша трагедия. Өйткені еліміздегі некелескен әрбір үш жұптың бірі айырылысып тынуда. Бұл – жай сандар ғана емес, әр цифрдың артында жан жарасы, бала тағдыры, ата-ана уайымы мен үзілген үміттер тұр. Ажырасу – екі адамның ғана мәселесі емес, бұл – тұтас қоғамның дертке шалдыққанын көрсететін белгі. Себебі отбасы – қоғамның ең кішкентай бөлшегі. Ол әлсіресе, ұлттың іргесі сөгілмек.
    Психологтардың пайымдауынша, жаға жыртысып, бет көріспей кетуге апаратын себептер сан түрлі. Бірі материалдық қиындық болса, екіншісі – кеше ғана бәрінен өзгеше көрініп, білек ұстасқан жұптардың бір-бірін түсінбеуі, ал үшіншісі мінездердің үйлеспеуі екен. Мамандар жұптардың арасындағы сүйіспеншіліктің жоғалуына сенімсіздік пен опасыздық, туыстардың отбасына араласуы, жауапкершіліктен жалтару жайттары да себеп екенін алға тартады. Бірақ қазақ танымы бойынша терең талдайтын болсақ, бұл себептердің түп-төркіні рухани жұтаңдық пен сабырсыздық екені етенеден белгілі. Өйткені отбасын тек сезіммен емес, ақылмен, өзара құрметпен сақтауға болады. Ал бұл қасиеттер ерлі-зайыпты жандар бір-бірін түсініп, кешіріп, төзімділік танытқан жағдайда ғана қалыптасады.
    Ажырасу туралы әңгіменің ең ауыр тұсы – бала тағдыры. Жеткіншек ата-анасынан ғана емес, отбасы жылуынан да ажырайды. Екі жаққа тартылған кішкентай жүрек ақыры ешқайда тұрақтай алмай, ішкі күйзеліске ұшырайды. Көп жағдайда ажырасқан отбасының балалары тұйық, сенімсіз, тіпті агрессияға бейім болып өседі. Әке мен шешенің арасындағы дауға еріксіз куә болған бала болашақта өз отбасын құрғанда, дәл сол жайтты қайталауы мүмкін. Себебі ол мейірім емес, өкпе арқылы тәрбиеленеді.
    Иә, екі жас бас қосар алдында «Біз отбасын не үшін құрып жатырмыз?» деген сұрақты ой елегінен өткізу керек. Тек сезіммен емес, сеніммен құрылған шаңырақ шайқалмасы анық.
    Бір сөзбен айтқанда, некеге тұрмас бұрын жастарға отбасылық өмірдің жауапкершілігі үйретілуі керек. Себебі махаббат деген ұлы сезім күнделікті тіршіліктегі ұсақ түйекке сүрінбей өтуге дайын болғанда ғана жеңіске жетеді.
    Ажырасу – ешқандай мәселенің шешімі емес. Бұл – үміттің үзілген жері, сенімнің сөнген сәті. Сол себепті екі жас шаңырақ көтермес бұрын отбасы тек некелік куәлік емес, ол – сенім мен сүйіспеншіліктен тұратын қасиетті ұғым екенін терең түсінуі қажет.

    Психолог пікірі

    Виктория НАЙМАСОВА:

    «Көп жағдайда ажырасудың түпкі себебі – эмоционалды суықтық. Яғни жұптар бір-бірін тыңдамайды, түсінуге тырыспайды. Әркім өз ойын ғана қорғап, «мен» дегенді алға шығарады. Ал отбасы «мен емес, біз» деген жерде ғана берік негіз қалайды. Ажырасқаннан кейінгі басты зардап – баладағы қорғансыздық сезімі. Ол жеткіншектің ішкі әлеміне, тағдырына айрықша әсер етеді».

    Ажырасуға апарар 5 себеп:
    1. Тұрмыстық қиындық 27%.
    2. Мінездің сәйкес келмеуі 23%.
    3. Қызғаныш, сенімсіздік 19%.
    4. Туыстар араласуы, қысым 15%.
    5. Әлеуметтік желі, опасыздық 11%.

    Ресми дерек:
    2024 жылы Қазақстанда 120 000 неке тіркелсе, соның 40 000-нан астамы ажырасумен аяқталған. Яғни әрбір үшінші шаңырақ шайқалып отыр. Ажырасқандардың 70 пайызы – 5 жылға жетпеген жұптар. Көп жағдайда бала мектеп жасына жетпей тұрып, ата-анасы екіге айырылады.

    Қ. СӘБИТҰЛЫ

     

    Ұсынымдар

    Стратегиялық маңызы зор

    Стратегиялық маңызы зор

    11 months ago
    Үздіктер санатында

    Үздіктер санатында

    10 months ago
    Мұраты асқақ Мұздыман

    Мұраты асқақ Мұздыман

    4 months ago
    Қонаевта 3000 адам қатысқан Наурыз-керуен жүріп өтті

    Қонаевта 3000 адам қатысқан Наурыз-керуен жүріп өтті

    1 year ago
    Қонаевта тәулік ішінде орташа айлық жауын-шашын мөлшерінің жартысы жауды

    Қонаевта тәулік ішінде орташа айлық жауын-шашын мөлшерінің жартысы жауды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>