[um_weather city="Қонаев"]
Бейсенбі, Қазан 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Таным көкжиегін кеңейтті

    02.08.2025
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    Таным көкжиегін кеңейтті
    0
    SHARES
    10
    VIEWS

         Қонаев қаласындағы Балаларды қолдау орталығында Қарасай аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен тағылымдық, шығармашылық бағыттағы шара өтті. Мақсаты – балалардың ғылымға қызығушылығын ояту, эмоционалды қолдау көрсетіп, рухани дамуына ықпал ету. Онда жеткіншектер ғылыми тәжірибелер мен шеберлік сағаттарына қатысып, гүл отырғызып, құмыра жасауды үйренді, естелік сыйлықтарды иеленді.

    – Біздің мақсатымыз – балалардың көңілін көтеріп қана қоймай, танымдық шара арқылы ғылым-білімге баулу. Мұнда тәрбиеленушілер химиялық, биологиялық тәжірибелерді бақылап, робототехниканың қыр-сырын меңгерді. Шараға Қарасай ауданының әдіскерлері мен жас мамандары жұмылдырылып, барлығы 15 оқытушы келдік. Бұл біздің тәжірибемізде алғаш ұйымдастырылып тұрған шара емес. Түрлі орталықтармен тәжірибе алмасып, балалармен жұмыс істейміз. Себебі кез келген баланың тағдыры – біз үшін үлкен жауапкершілік. Мұндай шаралар жасөспірімдердің мамандық таңдауына, өмір жолын анықтауына септігін тигізеді. Қазір балалар демалыста болғандықтан, тек ұстаздар келді. Оқу жылы басталғанда, оқушылар да осы жобаға атсалысатын болады. Алдағы уақытта әскери-патриоттық, ғылыми, шығармашылық, спорт бағытындағы түрлі шаралар жалғасын табады, – деді Қарасай аудандық білім бөлімінің басшысы Әсел Еркімбаева.
    Ғылыми тәжірибеге қатысқандардың бірі – Балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушісі Алтынай Бекеева. «Биыл 9-сыныпқа аяқ бастым. Мектепте оқытылатын пәндерден химия пәні ерекше ұнайды. Болашақта химия мен биология пәндерін таңдау пәні ретінде алып, осы бағыт бойынша оқуға түскім келеді. Ғылыми тәжірибе жасау барысында теориялық білімімді практикамен ұштастырдым», – деді ол.
    Шарада Алматы облысының қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар колледжінің түлектері аспаздық сабағын өткізді. Колледж түлегі Руслан Тоқтасынов – осы салада он жылдан астам тәжірибесі бар аспаз. Ол балалардың үйреткен техникаларды тез меңгергенін және қызығушылығы жоғары екенін жеткізді.
    Осылайша Балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері тағылымды шарада таным көкжиегін кеңейтті.

    Гүлзат БАЙҚОНЫСОВА

    Ұсынымдар

    Қандай шетелдік діни білім беру орындарында оқыған жөн?

    Қандай шетелдік діни білім беру орындарында оқыған жөн?

    2 years ago
    Жаңа полигон салынады

    Жаңа полигон салынады

    4 months ago
    Жемқорлыққа жол жоқ

    Жемқорлыққа жол жоқ

    2 years ago
    Кәсіпкерлікті қолдау артады

    Кәсіпкерлікті қолдау артады

    5 months ago
    Тоғызқұмалақтан турнир өтті

    Тоғызқұмалақтан турнир өтті

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>