[um_weather city="Қонаев"]
Дүйсенбі, Қазан 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жауапкершілік жүгі салмақты

    01.08.2025
    in Барлық жаңалықтар, Партия
    Жауапкершілік жүгі салмақты
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

           «AMANAT» партиясы Кеген аудандық филиалының кезектен тыс ХХІІІ конференциясы өтті. Күн тәртібінде «AMANAT» партиясы Кеген аудандық филиалының төрағасын сайлау және Кеген ауылдық округі әкімі лауазымына кандидат ұсыну туралы екі мәселе қаралды.

    Жиынды Кеген аудандық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі Ғалия Дәрубаева ашып, жүргізіп отырды. Ол өз сөзінде: «Белгіленген өкілеттілік нормасына сәйкес, «AMANAT» партиясы Кеген аудандық филиалының кезектен тыс ХХІІІ конференциясына 100 делегат сайланды. Бүгінгі конференция жұмысына 90 делегат қатысып отыр, 10 делегат әртүрлі себептерге байланысты қатыса алмады. Конференция жұмысына «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ерлан Жұмашұлы, Кеген аудандық мәслихат төрағасы Алмасбек Нұғыман, партия ардагері Тұрсынбай Тойекеұлы, мәслихат депутаттары, партия ардагерлері мен партия мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен партия белсенділері қатысуда», – дей келе жиынды ашық деп жариялады.

    Мемлекеттік Гимн орындалғаннан кейін конференцияның жұмыс регламенті бекітіліп, ұсынылды. Мұнан соң сөз кезегі Кеген аудандық партия  филиалы төрағасын таныстыру үшін «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ерлан Жұмашұлына берілді. Ол көпшілікке Олжас Маратұлын таныстырып, жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтады.

    Олжас Маратұлы Тақабаев 1975 жылы 15 сәуірде Кеген ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетін тәмамдаған. Мамандығы бойынша биология және қаржы саласының маманы. Ол білім беру саласында еңбек жолын бастап, кейін мемлекеттік басқару жүйесінде түрлі лауазымды атқарған. Мектеп мұғалімі, директор, ауылдық округ әкімі және аудан әкімі аппаратының басшысы ретінде ұзақ жыл бойы қызмет еткен. Партиялық жұмыста да тәжірибесі мол. Ол 2006 жылдан бастап «AMANAT» партиясының мүшесі. Төраға болып тағайындалғанға дейін Ұзынбұлақ ауылдық округінің әкімі қызметін атқарған.

    Шара барысында Ерлан Жұмашұлы партияның бұрынғы төрағасы, партия ардагері Тұрсынбай Тойекеұлының иығына шапан жауып, «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы Қуат Байғожаевтың Алғыс хатын табыс етті. Ары қарайғы конференция жұмысын жүргізу құқығын жаңа тағайындалған төраға Олжас Тақабаев алды. «Маған сенім артып, қолдау көрсеткендеріңізге алғысымды білдіремін. Күн тәртібіндегі екінші сұрақ бойынша Кеген ауылдық округі әкімі лауазымына партия атынан лайықты үміткер ретінде Ернат Сқақовтың кандидатурасын ұсынамыз. Белгілі болғандай, 2025 жылы 24 тамыз күні Кеген ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізіледі», – деген ол үміткер Ернат Сембекұлының өмірбаянымен қысқаша таныстырып өтті.

    Маңызды шарада үміткер Ернат Сембекұлы сөз сөйлеп, алдағы сайлау науқанында жауапкершілік жүгі мол екенін айтты. Жиын соңында Кеген ауылдық округі әкімі лауазымына партия атынан кандидат ұсыну бойынша делегаттардың дауысы беріліп, Ернат Сембекұлының кандидатурасы бірауыздан бекітілді.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясы сәуірде өтеді

    Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясы сәуірде өтеді

    3 years ago
    Референдум – халыққа артылған сенім

    Референдум – халыққа артылған сенім

    1 year ago
    Сарапшы: МӘМС заңындағы өзгерістер медициналық көмектің қолжетімділігін арттырады

    Сарапшы: МӘМС заңындағы өзгерістер медициналық көмектің қолжетімділігін арттырады

    2 months ago
    Ел еңсесін еңбек көтереді

    Ел еңсесін еңбек көтереді

    4 months ago
    Ел еңсесі биік болсын

    Ел еңсесі биік болсын

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>