-13 °c
Qonaev
Wednesday, September 10, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына байқау жарияланды

    08.08.2025
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына байқау жарияланды
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    🔹«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы –  ғылым, шығармашылық, қоғамдық қызмет салаларында жемiстi еңбегімен көзге түскен, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін дарынды жастарды мемлекет тарапынан қолдау мақсатында ұсынылады.

    📌Байқау «Әдебиет», «Ғылым», «Дизайн және бейнелеу өнері», «Журналистика», «Классикалық музыка», «Қоғамдық қызмет», «Спорт», «Театр және кино», «Эстрада», «Халық шығармашылығы» атты 10 номинация бойынша өтеді.
    Сыйлық алуға халықаралық және республикалық конкурстардың, фестивальдар мен түрлі шаралардың лауреаттары, республикалық және халықаралық деңгейлердегі спорттық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары, сондай-ақ қызметі инновациялық болып табылатын және тиісті сала мен тұтастай қоғамды дамытуға ықпал еткен Қазақстан Республикасының 35 жасқа дейінгі азаматтары үміткер бола алады.

    «Дарын» жастар сыйлығын алуға кандидатураларды орталық, жергiлiктi және өзге де мемлекеттік органдар, қоғамдық бiрлестiктер және Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген өзге де заңды тұлғалар жүргізеді және мынадай құжаттарды қағаз және электрондық түрде жібереді:

    1) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
    2) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын алуға арналған тіркеу өтінімі;
    3) өтінішхат пен сыйлық алуға ізденушінің жетістіктері туралы анықтама;
    4) марапаттау дипломдарының, грамоталардың, алғыс хаттардың көшірмелері (болған жағдайда);
    5) кандидаттың немесе кандидат туралы мақалалардың, жарияланымдардың көшірмелері (болған жағдайда);
    6) банктік шоттың болуы туралы анықтаманың көшірмесі;
    7) кандидаттың жетістіктері туралы растайтын материалдар (болған жағдайда).

    Жеңімпаздарға «Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты» атағы беріледі және олар дипломмен, төсбелгімен сондай-ақ қаржылай сыйлықпен марапатталады.
    «Дарын» жастар сыйлығы 1992 жылы тағайындалған. Әр жылдары аталған сыйлықты түрлі саладағы 360-дан астам азамат иеленген болатын.

    Конкурсқа қатысуға құжаттар  2025 жылғы 26 маусымнан 27 тамыз аралығында (қоса алғанда) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі (қағаз нұсқа)  мына мекенжай бойынша: Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі» ғимаратының 14-кіреберісінде, ал (электрондық нұсқа) premiya.daryn@mki.gov.kz поштасы арқылы қабылданады.

    📞Анықтама телефондары: 8 (7172) 74-05-25, 8 (7172) 74-18-43, 8 701 170 46 54(жұмыс күндері, сағ. 9:00-ден 18:30-ға дейін).

    «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының қағидасы:https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/documents/details/861853?lang=kk

    ℹ️Пресс-служба Министерства культуры и информации РК

    Ұсынымдар

    Қонаевта жаңа жағажай қолданысқа берілді

    Қонаевтағы жағажайларда 200-ге жуық құқықбұзушылық анықталды

    2 months ago
    ШАРУАЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

    ШАРУАЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

    6 months ago
    Алматы облысында 1746 жас әскерге шақырылады

    Алматы облысында 1746 жас әскерге шақырылады

    6 months ago

    Облыстық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысы тоқтады

    2 years ago
    Су шаруашылығы дамуда

    Су шаруашылығы дамуда

    2 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>