⛅
15°C
Қонаев
Жексенбі, Қыркүйек 14, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Алматы облысында техникалық және кәсіптік білім беру жаңа серпін алды

    25.08.2025
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    Алматы облысында техникалық және кәсіптік білім беру жаңа серпін алды
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

          Алматы облысында кәсіби білім беру жүйесін дамытуға айрықша көңіл бөлінуде. Колледждер – кәсіби маман даярлаудың негізгі буыны ретінде жастарды техникалық және кәсіптік біліммен қамтамасыз етіп қана қоймай, еңбек нарығы талап ететін жаңа дағдылармен қаруландыруда маңызды рөл атқарып отыр. 2025 жылы техникалық және кәсіптік білім беру саласына облыста ерекше назар аударылып, бұл мақсатқа 16,1 млрд теңге қаржы бөлінді. Қаражат колледждердің материалдық-техникалық базасын жаңғыртуға, сондай-ақ ел экономикасы мен еңбек нарығы сұранысына сәйкес білікті мамандар даярлауға бағытталды.

    «Жұмысшы мамандықтар» жылы аясында Алматы облысындағы 4 колледжде еңбек нарығында сұранысқа ие жаңа мамандықтар ашылды. Бұл жастарды ерте жастан еңбекке баулып, кәсіби бағыт-бағдар беру жолындағы маңызды қадам болды. Сонымен бірге, облыс студенттері «WorldSkills» ұлттық чемпионатында 1 алтын, 1 күміс, 1 қола және 5 медальон жеңіп алып, өздерінің кәсіби бәсекеге қабілеттілігін дәлелдеді.

    Биылғы облыстық тамыз кеңесінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың білім саласын дамытуға қатысты тапсырмаларына айрықша назар аударылды. Президент жастарды заманауи еңбек нарығына даярлау, ұстаздардың кәсіби әлеуетін арттыру, сондай-ақ қала мен ауыл мектептері арасындағы білім сапасындағы алшақтықты жою міндеттерін нақтылап берді.

    Осыған орай Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев педагогтармен кездесуде өңірде білім беру саласын дамытуға басымдық берілетінін атап өтті. Әкімнің айтуынша, колледждер мен мектептердің инфрақұрылымын жаңғырту, ауылдағы білім ошақтарының материалдық базасын жақсарту және мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасады.

    Жиын барысында ұстаздардың жетістіктері де лайықты бағаланды. Атап айтқанда, халықаралық деңгейде шәкірт тәрбиелеп жүрген Алатау қаласындағы №47 орта мектептің физика пәнінің мұғалімі Светлана Бекмухамбетова, Есік қаласындағы А. Мәлкеев атындағы «Білім-инновация» лицейінің география пәнінің мұғалімі Тамара Ещанова, Іле ауданындағы №38 мектептің құқық пәнінің мұғалімі Лейла Нарымова, Еңбекшіқазақ ауданындағы Рахат №1 орта мектебінің химия пәнінің мұғалімі Нұртай Ерназар және өзге де үздік педагогтар кәсіби шеберліктерімен ерекшеленді.

    2024–2025 оқу жылының қорытындысы бойынша облыста білім сапасы 68,9 пайызды құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,7 пайызға жоғары (2023–2024 ж. – 67,2%). Мұндай өсім өңірдегі білім беру сапасының тұрақты түрде артып келе жатқанын көрсетеді.

    Алдағы уақытта да Алматы облысында білім беру саласына қолдау жалғасып, ұстаздар қауымына жан-жақты жағдай жасалмақ.

    Ұсынымдар

    Полицейлер тазалық сақтауға үлес қосты

    Полицейлер тазалық сақтауға үлес қосты

    2 years ago
    Жандарбек Мәлібеков: Алматы облысы жаңа өркениеттің алдында тұр

    Жандарбек Мәлібеков: Алматы облысы жаңа өркениеттің алдында тұр

    2 years ago
    Metito компаниясы Алматы облысында су тазарту және кәріз жүйесін жүргізуге мүдделі

    Алматы облысының әкімі Жаңа жыл мерекесімен құттықтады

    2 years ago
    Алматы облысында былтыр 160 мың адам тұмауға қарсы екпе алды

    Алматы облысында былтыр 160 мың адам тұмауға қарсы екпе алды

    1 year ago
    Түрік әдебиетіне арналған кітап бұрышы ашылды

    Түрік әдебиетіне арналған кітап бұрышы ашылды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>