⚠️ Ауа райы табылмады.
Жексенбі, Желтоқсан 21, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕР» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ: АУЫЛДЫҚ ӨҢІРЛЕР ҮШІН ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

    04.09.2025
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕР» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ: АУЫЛДЫҚ ӨҢІРЛЕР ҮШІН ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

    2022 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Келешек мектептер» ұлттық жобасы іске асырыла бастады. Бұл — еліміздің барлық өңірлерінде білім беру жағдайларын түбегейлі жақсартуға бағытталған ауқымды бастама.
    🇰🇿1 қыркүйек – Білім күні қарсаңында Іле ауданы Ащыбұлақ ауылдық округі Мұхамеджан Түймебаев елді мекенінде 900 орынға лайықталған №3 жалпы білім беретін мектептің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

    Аталмыш білім ордасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асып отырған «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында бой көтерді.

    Жаңа білім ұясының салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан Іле ауданының әкімі Қайыржан Жақсымбетов, «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиал төрағасының орынбасары Аслан Кубентаев, Алматы облысының білім басқармасының басшысы Арайлым Толеубековна, ««KazSMU» құрылыс компаниясы бойынша жоба жетекшісі Дильяра Сейтнурова және компания өкілдері ұстаздар мен оқушыларды Білім күнімен құттықтап, бұл бастаманың маңыздылығына ерекше тоқталды.
    Аудан басшысы жиналған жұртшылықты еңселі де сәулетті мектептің ашылуымен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. «Президентіміз «Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Сол үшін «Келешек мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды» деген болатын.
    Жаңа мектептердің ашылуы – бұл жай ғанағимараттардың салынуы емес, жаңа дәуірде білім алатын оқушыларға жаңа мүмкіндіктер сыйлау, – деді қатысқан Іле ауданының әкімі Қайыржан Жақсымбетов.
    – Білім – ел болашағының алтын діңгегі. Соңғы жылдары елімізде білім саласын дамытуға айрықша көңіл бөлініп келеді. Соның айқын дәлелі – Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Келешек мектептері» жобасы. Бұл жоба – жай ғана жаңа ғимараттар салу емес, сапалы білім беру жүйесін қалыптастыруға бағытталған кешенді реформа. Биылғы оқу жылы қарсаңында Алматы облысында 8 жаңа мектептің пайдалануға берілуі – осы бастаманың нақты нәтижесі. Бұл тек өңір үшін емес, бүкіл ел үшін маңызды оқиға, – деді Алматы облыстық филиал төрағасының орынбасары Аслан Кубентаев.
    Сонымен қатар, салтанатты жиында ардагер ұстаз аудандық қоғамдық кеңес мүшесі Гүльнар Жайлаубаева сөз сөйлеп, қуанышты сәтпен бөлісті. Ал оқушылар жаңа мектеп табалдырығын шаттықпен аттап, алғашқы қоңырау сыңғырымен білім әлеміне қадам басты.

    Жаңа мектеп заман талабына сай толық жабдықталған. Жалпы аумағы 3 гектарды қамтитын үш қабатты нысанда 215 орындық акт залы, заманауи шеберхана, кең көлемді кітапхана, 255 орындық асхана, спорт залы, медициналық кабинет және бейнебақылау жүйелері қарастырылған. Бұл – оқушылардың қауіпсіздігі мен сапалы білім алуы үшін жасалған маңызды қадам. Мұғалімдер үшін де барлық жағдай жасалған: әдістемелік кабинеттер, демалыс аймақтары және цифрлық құралдармен жабдықталған жұмыс кеңістіктері қолжетімді.
    Жаңа мектептің ашылуы Мұхамеджан Түймебаев елді мекені ғана емес, жалпы аудан тұрғындары үшін үлкен қуаныш. Бұл игі іс білім сапасын арттырып, жас ұрпақтың келешегіне сенімді негіз болары сөзсіз.
    Алматы облысында жоба аясында 26 заманауи мектептің құрылысы қарастырылған, оның 24-і ауылдық жерлерде.
    Бұл — ауылдық елді мекендердегі білім сапасын арттыруға бағытталған стратегиялық маңызды қадам.
    Жалпы алғанда, «Келешек мектептері» жобасы — бұл жай ғана жаңа ғимараттар салу емес. Бұл — еліміздің болашағына жасалған инвестиция, әрбір баланың тұрғылықты жеріне қарамастан сапалы және қолжетімді білім алуына жол ашатын стратегиялық шешім.
    Жаңа мектептер — бұл жаңа мүмкіндіктер, ата-аналардың сенімі және өңірлер дамуының берік іргетасы.

    Ұсынымдар

    “Тұғырлы туым” патриоттық іс-шарасы өтті

    “Тұғырлы туым” патриоттық іс-шарасы өтті

    2 years ago
    Өлкетанушы: “Біз үлкен тарихтың үстінде отырмыз”

    Өлкетанушы: “Біз үлкен тарихтың үстінде отырмыз”

    2 years ago
    Қонаевта мәслихат депутаттарын сайлау өтуде

    Қонаевта мәслихат депутаттарын сайлау өтуде

    1 year ago
    Үздіктер санатында

    Үздіктер санатында

    1 year ago
    6654 әскери бөліміне – 63 жыл

    6654 әскери бөліміне – 63 жыл

    1 month ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>